функционалды бояу,
экстралингвистикалық фактор, лингвис-
тикалық фактор, автор бейнесі, стилистикалық тапсырма, сти-
листикалық әсер.
8-тапсырма. Төмендегі сөз бен сөз тіркестерінің сти-
листикалық коннотацияның қай түрлеріне жататынын
ажыратып, түсінік беріңіз.
Арсаңдау, көз тоқтата қарады, бажырая қарады, тесіле қа-
рады, сөйлей жөнелді, айтып тастады, оқып-оқып алды, ботақан,
ізденуші, тамаша идея, инверсия, теорема, өркениетті ел, жарыс
жүлдегері, көңілдің ашығында, қу тілмен қулық сауу,
көңілдің
сызығы, көңілдің құты, қараңғылық пердесі, жанкешті күрес,
сыбайлас жемқорлық, уызынан жарымаған жан,
имансыздық,
қанішерлік, жағымпаздар, жебірлер, жауыздық, жымысқы әре-
кет, алдамшы, білгіш,
ұлттық нигилистер, пысықай, атжалман-
дар, сұғанақ.
9-тапсырма. Стилистикалық категорияның бірі – экс-
тралингвистикалық факторларға не жататынын анықтап,
төмендегі мәтіндік үлгілер бойынша талдау жасаңыз.
Психология, психика деген түсініктер гректің «псюхэ» –
жан деген сөзінен шығады. «Логия» – ілім. Бұл ғылымның өзін-
дік таңбасы, псю деп аталатын грек сөзі. Сонымен, психология –
жан туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып,
болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау,
ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық про-
цестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің, күллі жан
дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орай-
да, біз психологияның жантану жайындағы ғылым екеніне көз
жеткіземіз (Оқулықтан).
– ...Саған тай сатып әперемін.
– Қызыл Жебедей ме, көке?
– Иә,
Қызыл Жебедей, Тұрар.
– Қызыл Жебені Саймасайлар сойғаны рас па, көке?
– Оны кім айтты?
– Иә, болыстың Қалдыбек деген баласы айтыпты ғой.
– Жо, Тұрар, Қызыл Жебе сияқты асыл жылқыны ешкім
де соймайды.
– Қайдам... (Ш.Мұртаза).