Мектебіме.
Мектебім менің, аяулы менің мектебім!
Ӛзіңде ӛтті балауса шағым кӛктемім.
Бәйшешектей бас кӛтерген бӛктерде,
Саяңда ӛсіп, кӛлеңкеңде кӛктедім.
Ӛнерге жақын, білімге құштар жан едім.
Бүршігін жарар солқылдақ нәзік тал едім.
Ұстаздар соғар мүсінін жақсы адамның,
Қанбаған иім бір түйір жұмсақ саз едім.
Ұстаздарым үйретті ӛмір қыр-сырын,
Халқымның сазды күмбірлі күйін,ән-жырын
22
Туған елдің ӛткеніне үңілтіп,
Шын сүюді ӛз Отанын, ӛз тілін.
Ұстаздарым-ұлағатты, зиялы,
Иманжүзді,инабатты,биязы.
Кӛз алдымда менен де жас кездерің,
Табылмайды арамызда біразың.
Құлағымда күміс қоңырау сылдыры,
Мектеп іші толған қазақ ұл-қызы.
Сүп-сүйкімді,бота кӛзді, қиғаш қас,
Ӛсер елдің бір-бір жарық жұлдызы.
Күй де тартып, ән де салып беретін,
Әрбір бала ӛнерпаздық сезетін,
Мың бұралып билегенде құрбылар,
«Балбырауын», «Қаражорға» желетін.
Ұстаздарым ақ арманға жетелеп,
Арттарынан жүгіруші ек «тәтелеп»,
Армандаушы ек ұқсасақ деп соларға,
Ағаларым асқар таудай биік ед.
Үйретуден жалықпайтын балаға,
Кеткен емес еңбектері далаға.
Шапағатын ұстаздардың арқалап,
Түлектер жүр қалада да, далада.
Бірі-ғалым,академик танымал.
Бірі-актер, бірі-ақын сӛзі бал.
Заңгер де бар,дәрігер бар шипагер,
Инженер мен фермерлер де табылар.
Қара шаңырақ,алтын ұя ,мектебім!
Нұр сәулесін тӛге берсін кӛкте күн!
Абыройың аса берсін аспанға,
Мәнді болсын, сәнді болсын ертеңің!
29.10.2005.
23
Мектебім
Балалық шақ естен кетпес бал дәурен,
Құлағымда сырлы қоңырау сазды әуен.
Ұлағатты ұстаздарым бармысың,
Куәлары жастығымның гүлдәурен?
Баға жетпес ұстаздарым білікті.
Кӛргемін жоқ ӛздеріңдей биікті.
Қара ормандай пана болған біздерге,
Әке болған, шеше болған сүйікті.
Жақсылықтан жанымызға гүл еккен,
Ӛмір сырын, ӛмір жырын үйреткен.
Алыстағы армандарға қол бұлғап,
Ӛрге сүйреп, жат мінезден жиренткен.
Кӛз алдымда ұстаздардың тізбегі.
Салып кеткен сайрап жатыр іздері.
Кейбіреуі озған болса ӛмірден,
Мәңгі қалды шапағаты біздегі.
Құтты болсын, мерей тойың, түлектер!
Орындалсын барша мақсат, тілектер.
Ұстаз аты, ұстаз даңқы ӛрлесін.
Лүпілдесін, бірге соққан жүректер.
24
Ұстаздарыма
Мектебім менің, аяулы алтын бесігім.
Қуанып әр кез, тебіреніп ашам есігін.
Ӛзімді бала сезініп кетем ойнақтап,
Ӛз үйімде еркелесем, несі мін.
Кетпейді естен балалық базар күндерім.
Толқыған естіп, балауса сезім күйлерін.
Аққудай аппақ кӛңілім де жас, асыққан,
Терсем деп, шіркін, бағыңда бақыт гүлдерін!
Қол создым алыс арманға сермеп құлашты,
Ұстаздар үлкен ӛмірге даңғыл жол ашты.
Келемін міне жылдарды тастап артқа мен,
Тағдырдың дәмі болса да кейде тым ащы.
Ұстаздың әр кез айтқанын бағып бой жеттім,
Демеймін әлі шыңына ғылым мен жеттім.
Саулығын сақтап, қорғасам ауру-індеттен,
Халқыма берер, жемісі де сол, еңбектің.
25
Наурыз айы
Наурыз айы әкеледі жылылық.
Байтақ елім сезінеді ұлылық.
Бәйшешектер бас кӛтерер ырғалып,
Тоң астында қалған қыста тығылып.
Күн күлімдеп, сәуле шашып арайлы,
Тас тӛбеңнен кӛз ұялта қарайды.
Жан-жануар, бүткіл тылсым табиғат,
Наурыз келсе ғашық етер талайды….
Тілейді ел Қызыр қонсын жеріме
Жер кӛгеріп, егін ӛссін ӛріме.
Ақ дастархан қуанышқа жайылып,
Қора толсын тӛрт түліктің тӛліне
Құт-береке шаңыраққа орнасын
Аруағы ата-баба қолдасын.
Әр бір ана нәрестесін тербетіп,
Бесік жырын ұрпағына арнасын
Наурыз айы құтты болсын, халайық.
Зор сеніммен келер күнге қарайық.
Ел бақыты – ұлы мақсат біз үшін
Жаратқаннан тыныштығын қалайық.
26
Кӛктем келсе…..
Кӛктем келсе бусанады Жер-Ана.
Бар дүние түрге енеді үр жаңа.
Алты ай қыста арып, ашып, аңсаған,
Жазға шығу ел арманы-бір ғана.
Қар астында мүлгіп тұрған қара орман,
Жасарады, жаңғырады, жаңадан.
Ор қоян да тастай салып ақ тонын,
Сұр қоянға айналады қайтадан.
Күн шуағы жылытады тәніңді.
Кӛктем әні елітеді жаныңды.
Қозы-лақтар қырға шықса жамырап,
Аққу-қаздар келтіреді сәніңді.
Сең сӛгіліп айдын кӛлдер тірілер.
Жылғалардан сулар ағып жүгірер
Жадыратып жаз да келер далама,
Кӛгалдарға киіз үйлер тігілер.
Қыз-кӛктемді қарсы аламыз әнменен,
Үміті бар әр адамның әр неден.
Жүректерді сыздатар тек бір сезім.
Бұл кӛктемді кӛрген де бар кӛрмеген.
Жаз келді
Жаз келді
Жадырады ӛлкем менің
Не деген
Туған жерім кӛркем едің?!
Жамылған
Жасыл желек орман-тоғай,
Әкелді
Кӛңіліме кӛктем менің.
27
Еске түсіп
Жастық шақ, балғын кезім,
Кетемін
Гүлдер жинап, дала кезіп.
Қол бұлғап
Шақырғандай қыр астынан,
Алғашқы
Ақша қардай таза сезім...
Наурыз келді
Наурыз келіп қалды даламызға,
Кӛктемнің исін алып қаламызға.
Шығарып сап, қытымыр қысқы аязды,
Қуанбаған Жан бар ма арамызда?!
Алты ай қыста аңсаған жасыл кӛктем,
Қуаныштың аспаннан жасын тӛккен.
Күн кӛзі күлім қағып, сәуле шашып,
Құдіреттің күшімен тас жібіткен.
Кӛктем келді алақай, кӛктем келді!
Ӛзімен ол әкелі ӛктем желді.
«Құралайдың желі» деп қуанатын,
Ұлағатты еске алам үлкендерді.
Сүйкімді кӛктем бізге желімен де,
Айнала сазға батқан кезімен де.
Бір қатып, бірде еріп мың құбылып,
Кездері бар тоздырар тӛзіміңді.
Құтты болсын, Наурыз келе берсін,
Қолымыз жетістікке жете берсін.
Қазақтың шайқалмасын шаңырағы,
Халқымыз ғасырларға ере берсін.
28
Наурыз жырлары
Келді міне, кең далама Наурыз,
Болсын биік шығар біздің тауымыз.
Мәртебесі аса берсін елімнің,
Шаттанбасын еш уақытта жауымыз.
Наурызда кӛңіл кірін жуайық,
Бетімізді имандылыққа бұрайық.
Ақ ниетпен аттап келер күндерге,
Мың жыл бойы ел санатын құрайық.
Ақ мол болып, қара қазан қайнасын,
Кӛгендерге қозы–лағы байласын.
Күй күмбірлеп жайлауында қазақтың,
Кеудесінде бұлбұл құсы сайрасын.
Сай-саламда бітік ӛссін егін –жай,
Әр отауда туа берсін Егінбай.
Жерұйықтай жайлы болсын жеріміз,
Асанқайғы арман еткен мекен-жай.
Молшылық пен бірлік келсін еліме,
Толастамас тірлік келсін жеріме.
Жаңартушы, жаратушы құдырет
Қуат берсін адамзаттың бәріне!
29
Наурыз
Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Жаңа күн – фарсыша біліңіз.
Кӛктемнің кӛрікті мейрамын
Қарсы алып балаша күліңіз!
Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Жарқылдап баршаңыз жүріңіз.
Жаңарсын бусанып жер енді.
Гүлдерді қырлардан теріңіз.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Он екі ай сағындық сені біз.
Халқымның ӛткенін ұмытпай,
Рәсіммен тойлайық бәріміз.
Жаңарсын қазақтың даласы,
Құт толы сайы мен саласы.
Күн түні ӛндіріс тоқтамай,
Кӛбейсін, кӛгерсін қаласы.
Жұртымнан кӛп шықсын данасы,
Данасы, елінің панасы.
Терезем ӛзгемен тең түсіп,
Халқымның оянсын санасы.
***
Туған елім, бүгін, сірә,
Қалармын ба, шаттанбай.
Сағынышым, Наурызым ,
Келіп қалдың ақ таңдай.
Сәлем, Наурыз, тӛр алдынан
Орын алғын жасқанбай.
Сен біз үшін жылдар бойы
Оқылмаған дастандай.
30
Ұлы мейрам Наурызды
Қарсы алайық жатсынбай.
Оң жағыңнан Күн күлімдеп,
Сол жағыңнан тусын Ай.
Ырыс келсін елімізге,
Желкілдесін егінжай.
Аспан ашық, жүзің жарқын,
Болсын әр кез кӛңіл жәй.
Қуаныш пен шаттық бүгін
Кемерінен асқандай.
Туған елім ән мен күйден
Шашу шашып жатқандай.
Ата –бабам әдет –ғұрпы
Жасай берсін, жаңарсын.
Қазағымның даласына
Береке мен бақ қонғай!
31
Әкем менің ең бақыты жан екен.
Тоқтаса да ӛз жүрегі кенеттен,
Лүпіл қағып он жүрегі артында,
Асыл жары босағасын күзеткен.
ІІ БӚЛІМ
Әке рухы,
Ана сүті
32
Әкемді еске алу.
Ӛткенге кӛз жіберіп ойланамын.
Тереңнен тебіреніп толғанамын.
Әкемнің ақ дидарын шын сағынып,
Мың мәрте ой әлемін шарлағамын.
Алдында ақ қағазы, қолда қалам,
Кӛз ұшында кӛкорай нұрлы далам.
Қос кӛлдің қу-қазына құлақ түріп,
Ойларын ӛрбітетін болмай алаң.
Таң сәріде жазатын тың ойларын,
Жайлаудағы шопанның мың қойларын.
Жыл сайын миллиард пұт астық басқан,
Диханшы қазағымның кӛп тойларын.
Кӛркем сӛз -жан азығы ӛзі сүйген,
Кӛңліне жастайынан танып, түйген.
Мол еді жыйнағаны ел аузынан,
Кӛз кӛрген, құлақ естіп, қолға тиген.
Тарихтың парақтарын жазып кетті,
Бір туар тұлғаларын танып кетті.
Ұрпаққа танытуды мақсат етті,
Ақыны Баймағамбет Ізтӛлинді.
Әзілдесіп ортаңда отыратын,
Кенелтіп кӛп қызыққа батыратын.
Кӛнекӛз қариялар келгенінде,
Ақ таңды әңгімемен атыратын.
Қызғаныш бақталастық жат болатын.
Жақсыға кӛңілі ӛсіп, шат болатын.
Дарытпай жаман әдет ,жат қылықты,
Сегіз қырлы, бір сырлы мәрт болатын.
33
Әлі күнге жоқтайды ауылдасы,
Бірге ӛсіп, бірге жүрген қауымдасы.
Әкемсіз, оның мәнді сӛздерінсіз,
Ортайып қалған жоқ па ел ортасы?!.
Бағбандық, аңшылық та кәсібі еді.
Жыл бойы үйдің маңы жасыл еді.
Ішінде ақ қайың мен алма ағаштың,
Мың жылдық қарағайлар басым еді.
Ортақкӛл- атамекен қасиетті,
Жазушылық әкеме нәсіп етті.
Қос кӛлі- қос айдыны балқұрақты,
Ғұмыр бақи ӛзіне ғашық етті.
Айнала тұмсық ӛтпес қалың орман,
«Қасқырлы», «Ақшалғын» мен «Қойқамалған»,
Әкеммен аралаушы ек бала кезде,
Қойнауын бүлдіргенге тұнып тұрған.
Балалық шақ- бал дәурен қайта келмес,
Жадыңда жаңғыратын ӛнер ӛлмес.
Ел үшін, ұрпақ үшін терін тӛккен,
Туған жер тұлғалары тӛмендемес!
***
Мен әкемнің ақын жанды қызымын.
Артындағы жоғалмайтын ізімін.
Шабыт келіп шайқап кетсе санамды,
Қап түбінде жата алмайтын «бізімін».
Суыртпақтап сабақтаймын сӛзімді,
Қайсармын мен қиындыққа тӛзімді.
Сенемін мен Жаратқанның барына,
Сүріндірмей алып жүрген ӛзімді.
34
***
Әкем менің ең бақыты жан екен.
Тоқтаса да ӛз жүрегі кенеттен,
Лүпіл қағып он жүрегі артында,
Асыл жары босағасын күзеткен.
Соның бірі – мына менің жүрегім.
Әкем үшін үзіп, жұлып беремін.
Әке арманын желбіретіп желкендей
Ақ айдында ақ кемемен келемін.
Әкені аңсау
Ӛмірге келдім
Жазғы бір күні шілдеде.
Кінәлі жандай
Кешемін бір күй мен неге?
Ӛйткені әкем
Тосқан ғой сонда ұл бала,
Үшінші мәрте
Берді екен Алла қыз неге?
Ұл болсам,
Шіркін, әкеме серік болар ем,
Шаршаған шақта
Қолтықтан сүйеп берер дем.
Ел-жұртқа аян,
Кӛп тосты әкем ұлдарын.
Армандап жүрді
«Кеңейер ме екен керегем?»
Шырылдап кейін
Ұлдары келді дүниеге.
Одан артық
Қуаныш бар ма дүниеде?
Екеуі де
35
Қахарлы қыста туған соң,
Салқындау тұрар,
Ӛссек те бірге, бір үйде.
.
Мінезім кіді,
Жүрегім жылы адаммын.
Кӛкірегім ояу,
Иірімі кӛп санамның.
Жүз жасармын
Жүре берсем куә боп,
Жақсы ісіне,
Сүйсініп қос баламның.
Әкем менің
Құштар еді ӛмірге.
Құштар еді
Жақсылықты кӛруге.
Қалушы еді
Сәл нәрсеге күйзеліп,
Шыдамайтын,
Нәзік жаны тӛзуге.
Мен әкемді
Сағынамын, жоқтаймын.
Жылап, жылап
Мойынұсынып тоқтаймын.
Әке арманын,
Әке туын құлатпай,
Қуат жетсе
Әке үмітін ақтаймын!
36
Анама
Анам менің, алақаны аялы.
Бәйтеректей кӛлеңкелі саялы.
Ӛсіп, ӛрбіп, ұрпақтарың кӛбейіп,
Бүгін, міне, бір елуге таяды.
Уақыт зулап, кӛз ілеспей барады.
Кӛңілде тек естеліктер қалады.
Куәлері қиындықтар кӛп кӛрген,
Ажарыңда әжімдердің торабы.
Он баланың ардақтаған анасы.
Отбасының ақылшысы , панасы.
Бибәтимә анамыздай асыл зат
Балаңыздың Сізге берер бағасы.
Әкем үйі –қара шаңырақ мекенің
Ӛмір бойы жақсылық тек еккенің.
Кім білмейді, жан анашым, асылым.
Еңбегіңнің ұланғайыр екенін.
Қартайғанда кӛңіліңді табатын,
Кӛрпеңді де қымтап әркез жабатын,
Науқастансаң сусын беріп жұбатар,
Балалар бар отыныңды жағатын.
Тәубе- дейік жаратушы Аллаға.
Аллаға шек келтіруге бола ма?
Нәсіп болсын ұзақ ғұмыр ӛзіңе,
Шарапатың тие берсін балаңа!
37
Әйел-ана, әйел-жар
Әйел-ана, әйел-жар, әйел-пана,
Ұрпақты ӛрбітер тек әйел ғана.
Әйел-дос әйел-ердің ақылшысы,
Әйелден туған батыр, ғалым, дана.
Әйелсіз бiр шаңырақ кӛтерілмес,
Заңдылық ӛмірдегі ӛткерілмес
Ананы ардақтайық, құрметтейік
Ана алдында борыш кӛп ӛтелінбес.
Ана-ӛмірдің бастауы, балбұлағы,
Бауырында баласы-балқұрағы.
Күн кӛзіндей мейірім, шуағы мол,
Аналардың біз үшін кең құшағы.
Бас иемін
Аққу сынды, қасиетті жан әкем,
Адалдыққа баулап мені үйреткен.
Қайратты, қасиетті, қажырлы еді,
Тасты жарып шыққан гүлдей таңертең.
Алыс кетсем сағынар ма мені кім?
Армандарға қанат жалғар енді кім?
Туа біткен талантыңа бас иіп.
Іздеріңнен ізгі ӛнеге іздеймін.
38
Ошақтың отын ӛшірмей…
Қара шаңырақ,
Ол - әкемнің қасиетті тұрағы.
Түкпірінде жүрегімнің тұр әне.
Еңселі үй жасыл шырша сәнімен
Ел назарын тек ӛзіне бұрады.
Қайран шешем, қоңыр күзде,
Кӛшіп қонды қалаға.
Тағдыр солай, қарап қалды
Келін менен балаға.
Әке аруағын риза етпей,
Босағасын күзетпей,
Сезінді анам, еш қажетсіз
Қалғандай бір далада…
Оңашада анам талай
Кӛлдей етті кӛз жасын.
Бұрды ақыры… елге қарай
Кӛңілін де, кӛш басын.
Ошағының отын жағып,
Жаңа түскен келіндей.
Қайраттанып жүреді ол,
Қартайғанын сезінбей.
Суымашы, алтын ұям,
Ақ босағам аяулы.
Мен ӛзіңді қалай қиям,
Жан-жүрегім қаяулы.
Түсіме енді әкем менің,
Ӛңі жарқын, алаулы…
Күдіктенем, қанша қалды
Ана ӛмірі санаулы…
39
Анама
Анам Кәмеш Байқасқызына
Ұйықтамайсың, мен сырыңды білемін.
Қашан тудым, қалай ӛстім, түледім?
Ұзақ түнде, онымызды он ойлап,
Езіледі, елжірейді жүрегің.
Күзетесің, телефонды күн ұзақ.
Сыр тартасың, шашасың сен құмалақ.
Әлде қайсы келе ме деп далаға,
Шығасың сен неше қабат қарайлап.
Сен талмайсың қара жолға қарауға,
Жаратқаннан жақсылықты қалауға.
Балалардан жақсы хабар жетсін деп,
Қайран шешем, күтесің сен қалай да.
Анам менің, жан анашым, сен асыл,
Қолың созып шақырғандай боласың.
Махабаттың құдіреті осы екен,
Самғап келіп, кӛкірегіме қонасың.
Ана тілегі
Түтіні түзу ұшсын деп,
Қонағы дәмді ішсін деп,
Сиыры сүтті болсын деп,
Құт-береке қонсын деп,
Ертелі кеш бір тынбай,
Қайраттанып, қажымай,
Қиындыққа жасымай,
Мақтанып асып, тасымай,
Анам Кәмеш жүретін.
Он баланы жылатпай,
Күйдіріп және құлатпай,
40
Жақсылыққа жақын ғып,
Жамандықты дарытпай,
Жыртық кӛйлек кигізбей,
Ізгілікпен егіздей,
Жаны дәрия теңіздей,
Ақ кӛңілді ақ жарқын,
Анам Кәмеш жүретін.
Немере ӛсіп келеді,
Жиендер де жүреді,
Жиеншарын сүйеді,
Шаттанып анам күледі.
Ұлдары да ұлықты,
Қыздары да қылықты,
Келіндері келбетті,
Күйеулері сымбатты…
Тілемейді ӛзге қымбатты.
Қайран ағаларым
Жойылсын соғыс!
Атылмасын оқ ешқашан!
Түршігер жаным, күрсінем егер, еске алсам.
Кетті ғой құрып қаншама біздің қандастар,
Туған жерінің топыраған қайта баспастан…
Нағашым Қамза болар ма еді жақсы ақын
Байланып оққа ӛлмесе егер жас қыршын.
Жеті жыл жүріп, оралды Жағыпар нағашым,
Ұрпақсыз ӛтті жарақат алған, кім білсін?!
Құдайберген, Қалинұр, Назар - боздақтар
Сендерсің әр кез еске алып, ұрпақ ардақтар.
Тӛрт ағайын біреуінен тек қана,
Үш бұрышты қара қағаз - айғақ бар.
Хабарсыз кеткен, моласыз қалған ағалар!
Қан жұтып қалды артыңда қанша аналар.
Мӛлдіреп жап-жас, қарайсыңдар суреттен,
Жар құшып, бала сүйе алмай кеткен, паналар!
41
Жойылсын соғыс!
Бермесін басқа ешқашан!
Түсімнен шошып, оянам егер еске алсам.
Ағаларын аттандырған майданға
Күтіп жүр анам, ұмытар емес ешқашан.
Жеңіс күніне
Жетті хабар,
«Соғыс, соғыс басталды!»
Ел дүрлікті, ақтарылып ас қалды.
Қан майданға ер азамат аттанып,
Нәрестелер бесіктегі жас қалды.
Қанды соғыс, қайыстырды ел-жұртты,
Жұмылдырды жұдырықтай бар ұлтты.
Он жетіде түбіт мұртты жігіттер,
Тез есейді, балалықты ұмытты.
Қанша қалды азаматсыз шаңырақ,
Аналары шашын жұлып, аңырап?!
Қанша қалды жас келіншек сүйілмей,
Жасаң талдан жаңа бесік иілмей?!
Батыс жақтан қара бұлт қаптады,
Жауыз фашист шекарадан аттады.
Қазағымның қара-торы ұл-қызы,
Ел намысын, ер намысын ақтады.
Жау жолына жолбарыстай атылды,
Кӛрмепті ешкім қазақтардай батылды.
Кеудесімен тұншықтырған дзоты,
Кім білмейді ең алғашқы батырды.
Жауыздарды тықты қайта кӛріне,
Желбіретті Жеңіс туын тӛріне.
Қан майданнан Европаны қақ жарып,
Үш ай бойы жаяу қайтты еліне.
42
Әжем Бәди Ақшалқызына
Әлі есімде аңсаушы еді Ақ әжем,
Туған жерін, Жаңарқамды кӛрсем деп.
Аштық жылы айырылған ұлының
Маңдайынан иіскеп шіркін ӛлсем деп.
Оңжақтағы сол кӛркем қыз келбетті,
Келін болды, нәрестесін тербетті.
Бақытты еді жұрдай болды бәрінен,
Ойламады кӛремін деп нәубетті.
Біреу ӛлсе басқа түсер қасірет.
Ӛлшеуі жоқ болды емес пе тақсірет.
Дала, қала толып кеткен мүрдеге
Бұйырмады миллионға ақырет.
Ондай сұмдық енді қайтып болмасын!
Бәйшешектер ӛспей жатып солмасын.
Ақ жаулықты аналары қазақтың
Кӛкірегің қасіретке толмасын!
Жаса мәңгі, кӛркейе бер, сен, қазақ!
Басқаларға болма ешқашан, сен, мазақ.
Ұлтшыл емен құдай ӛзі сақтасын,
Ұлтжандымын жасырмаймын мен бірақ.
Қаншама рет қырса-дағы қазақты,
Тӛндіртсе де неше түрлі азапты,
Халқым менің қайта ӛрледі, түледі.
Кӛктемдегі қызғалдақтар сияқты.
Африкада мың жылдық бар – баобаб.
Сені отырмын сол ағашқа мен балап.
Терең жайған тамырларың құрғамай,
Мәуелей бер, мәңгі жаса, сен, қазақ!
43
Әкем түсіп есіме…
Кӛргенде ауыл қарттарын,
Қараймын ұзақ тесіліп.
Жан әкем түсіп есіме,
Жүрегім тұрар езіліп.
Балалық шақтың базарын,
Ортаңда, қарттар, ӛткіздім,
Еске алып бүгін сіздерді
Сағынып сәлем жеткіздім.
Ауылым менің ерекше
Бай еді балғын бӛбекке.
Шақырушы еді сан отау
Жыл ара қалжа жемекке.
Он шақты бала бір үйде
Тебісіп ӛскен құлындай.
Бытырап бүгін жан-жаққа
Кетті ғой артқа бұрылмай…
Барғанда елге сағынып,
Қарттардың халін сұраймын.
Шетінеп кетсе біреуі,
Күйзеліп қатты жылаймын.
44
Әкеме
Мен, Марал, Зейнел-Ғаби әкем аты.
Керей Балта Бексейіт арғы заты.
Ата-бабам мекені Ортақкӛлден,
Ӛркендеп ӛсіп, ӛнді кӛп жекжаты.
Тізетін әкем менің сӛз маржанын.
Түсінетін тереңнен сезім сазын.
Жыр етіп жақсылықты ӛмір бойы,
Қарсы алған зор үмітпен әрбір таңын.
Қадірлі, қарапайым, сүйкімді еді,
Жақсы кӛріп әрқашан сүйсінді елі.
Суық ажал кетті алып арамыздан,
Кӛп болды қапаланып, күйінгелі.
Достарыңызбен бөлісу: |