127
конструкциялар да, өзге тарихи кезеңдер бойынша да берілгендей, мынадай үш
компоненттен құралады: біріншісі – сандық компонент, екіншісі – мөлшерлік
компонент, үшіншісі – заттық немесе қимылдық компонент. Осы үштік
құрылымның тұтастығы арқылы шексіз мөлшерлік семантика жасалады.
Конструкцияда ең негізгі компонент
мөлшерлік компонент болып, ол тұтас
мөлшерлік семантиканың жасалуына ұйытқы болады. Олай болса, біз дереккөз
ретінде алған ескерткіштерде жеке-жеке мынадай мөлшерлік компоненттер,
өлшем бірліктер кездеседі:
– «Хусрау уа Шірін» поэмасында:
бір авуч тобрақ // бір уыс топырақ, бір
пара қағад // бір жапырақ қағаз, йеті қат иер // жеті қабат жер, бір лоқма йегү
// бір жапырақ ас, бір йығач йер // бір йығач жер, бір журʻа сүсүн // бір ұрттам
сусын, үч аршун дәстар // үш аршын сәлде, йүз түман гәнж // жүз түмен байлық,
нечә қатра сув // неше рет су т.б. үш компонентті мөлшерлік конструкциялар
кездеседі.
– «Мұхаббатнаме» ескерткішінде:
бир қатра суны // бір тамшы суды (2),
бир тар (сачы)
// бір тал (шаш), ичра сад чандан // жүз есе артық, йеті қат зар-
нигар // жеті қабат алтындаған, миң турли асрар // мың түрлі сыр т.б. үш
компонентті мөлшерлік конструкциялар кездеседі.
– «Адам Ата мен Хауа Ана» қисасында кездеседі:
би түб сукт // бір түп
қаратал, бир авуч жисм // бір уыс дене, бир бөләк жаунуа //бір бөлек жануар,
бир дана буғдай // бір дана бидай, бир жами’а фаришталар // бір топ
періштелер (4), бир көз йашы қылса // бір рет жыласа, бир қабза // бір-ақ уыс,
бир қатла машриф // бір мәрте қосылу, бир қатра су // бір тамшы су, бир улуғ
су // бір үлкен су, бир чингал (шеңгел) алтун // бір уыс алтын, бир чингал тофрақ
// бір шеңгел топырақ, еки йүз йыллық йер // екі жүз жылдық жер (2), еки кисм
(түрлі) халқ // екі түрлі халық, елик уақыт намаз // елу уақыт намаз, йети
Достарыңызбен бөлісу: