Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет105/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

сусын  елден  артық.  Мысалда  бір  журʻа  сүсүн  конструкциясы  сыйымдылық 
арқылы өлшенген затты (сусын) меңзейді.  
–  Ескерткіштерде  тар,  түб,  дана,  жами’а,    түман,  груһ  мөлшерліктері 
заттардың  сандық  мөлшері  семантикасын  білдіреді.  Бұл  сөздердің  әрбірінің 
қолданылу  ерекшелігі  заттардың  пішіндік  қасиеттеріне  байланысты 
айқындалады.  Айталық,  тар  –  жіңішке,  ұзын  заттарға,  түб  –  жерден  өсіп 
шығатын  өсімдікке,  жами’а,  груһ  –  топтасып,  ұйымдасып  жүретін  тіршілік 
иесіне байланысты айтылады. Ал дана сөзі қыпшақ ескерткіштерінде қатты, ұсақ 
заттарға қолданылған. Мысалы: Адам ’алайһи с-салам айдылар: Мен бир дана 
буғдай  йедим.  Сен  хун  нахақ  қылдың.  Қан  төкдүң.  Уа  йана:  Йа  арз  хазийа 


129 
 
дедилар (АХ, 218/24-26) // Адам ’алайһи с-салам айтты: «Мен бір дана бидай 
жедім. Сен нақақтан-нақақ қан төктің. Және: Ей, жер, тарт!», – деді. 
Қазақ  тілінде  астық,  ұсақ  заттарға  байланысты  түйір  сөзі  айтылатыны 
белгілі.  Біздіңше,  дана  сөзінің  ұсақ  заттарға,  дәнді  дақылдарға  байланысты 
қолданыс табуы қыпшақ тілдерінің қарлұқ, оғыз тобына тән. Қалай болғанда да, 
аталған мөлшерліктердің барлығы конструкция құрамында келіп, бірлік мәндегі 
сандық семантиканы береді.   
–  Ескерткіштерде  турли,  кисм,  турлуг,  пара  мөлшерліктері  сапа  мөлшері 
семантикасын білдіреді.  Аталған  мөлшерліктер  конструкция  құрамында келіп, 
заттардың  сандық  мөлшерінің  көптігін,  сондай-ақ  көп  болуына  байланысты 
оның  әртүрлі  сапа  мен  формада  келетінін  көрсетеді.  Осы  тұрғыдан  келгенде, 
аталған  сөздер  мөлшердің  сапалық  қырын  танытады.  Мысалы:  Хабарда  андағ 
депдурлар кә Худай та ала дузах ичинда  еки кисм (түрлі) халқ йаратты (АХ, 
171/22-23) // Құдай тағала тозақтың ішінде екі түрлі халық жаратты.  
Мысалда халық сөзінің өзі адамдардың тобын білдірсе, қисм сөзі бір-біріне 
ұқсамайтын  екі  түрлі  халықтың  жалпы  сынын  аңғартады.  Ал  тұтас  тіркесте 
көптік семантикасы «сын, сапа» ұғымы тұрғысынан мағыналанады. 
– Ескерткіштерде қатла, мартаба, рак’ат мөлшерліктері қимыл мөлшері 
семантикасын  білдіреді.  Яғни  белгілі  қимыл-әрекет  қайталануының  дүркіндік, 
реттік санын, жүзеге асу мөлшерін сипаттайды. Мұнда қатла, мартаба сөздері 
тікелей  қимыл-әрекетке  қатысты  айтылса,  рак’ат  қимыл-әрекет  арқылы 
өлшенетін заттық ұғымды (намазды) аңғартады. Мысалы: Һәр кимса еки рак’ат 
намаз  шукарана  оқуса  мен  ол  бандани  разылығымға  машарраф  (иелік  ету) 
қылурмән деди (АХ, 176/11-13) // Кімде-кім шүкіршілік етіп, екі бас намаз оқыса, 
ол пенде менің ризашылығыма кенеледі. 
Рак’ат  сөзі  –  әрекет.  Яғни  қимылдау,  қозғалуды  көрсетеді.  Намаз  оқуда 
шарт  етілетін  тәртіптелген  қимылдау  (отыру,  тұру,  иілу)  тәсілдері  жалпылама 
әрекет сөзімен аталып, намаздың реттік өлшеміне айналған.   
–  Ескерткіштерде  йыллық,  уақыт    мөлшерліктері  уақыт  мөлшері 
семантикасын  білдіреді.  Мұнда  йыллық  –  туынды  мөлшерлік  болса,  уақыт  – 
ауыспалы  мөлшерлік.  Мөлшерлік  компоненттер  тұлғасына  қарай  түбір 
мөлшерліктер  және  туынды  мөлшерліктер  болып  бөлінеді.  «Жыл»  мезгіл 
атауына сын есім тудырушы (мөлшерлік мағына) -лық жұрнағы жалғанып, сол 
уақыт шегіне шақталған зат пен іс-қимыл мөлшерін аңғартады. Мысалы: Күни 
болар уә дузахни пардаси көтәрилгай. Еки йүз йыллық йердин табы (ыстық лебі) 
уа харараты (от жалыны) келгай (АХ, 291-292/28-2) // Тозақтың күні туады, 
пердесі көтеріледі. Екі жүз жылдық жерден ыстық лебі, от жалыны шарпиды. 
Мысалдағы еки йүз йыллық йер мөлшерлік конструкциясы жүруге екі жүз 
жыл  уақыт  кететін  арақашықтықты  көрсетеді.  Мұндағы  қашықтық  өлшемі  – 
уақыт.  Ал  уақыт  сөзінің  өзі  зат  есім  болғанымен,  конструкция  құрамында 
ауыспалы мағынада жұмсалып, уақыт кезеңдерін, «шақ» ұғымын береді. Десе де, 
уақыт сөзі көбіне конструкцияның үшінші компоненті ретінде келеді де, ықшам 
тілдік қолданыс әсерінен түсіп қалып отырады (бір жыл (уақыт), екі сағат (уақыт) 
т.б.).  
Конструкцияның  мұндай  ықшамдалу  қасиеті  барлық  компоненттерге  тән. 
Ол  көбіне  айтуды  қажет  етпейтін  орындарда  қысқарып  отырады.  Қыпшақ 
ескерткіштерінде конструкция компоненттері жиі қысқаратын қолданыс көбіне 


130 
 
«салмақ» ұғымына байланысты болып келеді. Мысалы: Хала аңар харба (қару) 
кар  (кәр)  қылмас,  суда  езилмас,  отқа  күймас,  асла  (асылында)  ада  болмас. 
Ағырлығы йүз батмандур (АХ, 209/14-16) // Еш уақытта оған қару кәр жасай 
алмайды, суда езілмейді, отқа күймейді, мүжілмейді. Ауырлығы – жүз батпан. 
Берілген мәтінде әзәзіл және оның мойнына киілетін «лағынет қамыты» туралы 
айтылған.  Мысалдағы  йүз  батмандур  қолданысында  үшінші  компонент,  яғни 
заттық компонент жоқ, қысқарған. Сондықтан бір қарағанда ауыр нәрсенің не 
екені белгісіз сияқтанып көрінеді. Алайда заттық компонент тұтас контексте бар, 
ол  күрделі  синтаксистік  тұтастықтың  басқа  жерінде  алшақ  тұрып  немесе 
логикалық  тұрғыда  байланысады.  Соның  нәтижесінде  қысқарған  компонентті 
мөлшерлік  конструкция  салмақ  семантикасын  мүлтіксіз  беріп  тұр.  «Мөлшер» 
ұғымына байланысты мұндай қолданыстар тілдің қай тарихи кезеңінде де жиі 
ұшырайды.  Ал  конструкция  компоненттерінің  мұндай  ықшамдалуы  көбіне 
жоғарыда айтылған себептерге байланысты болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет