Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет102/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

сұлу,  қас  батыр  тіркестік  қолданыстарындағы  қас  сөзімен  түбірлес  екені 
байқалады.  Сондай-ақ  Абайдың  «Қансонарда  бүркітші  шығады  аңға»  деген 
өлеңінің «Ұқсайды хаса сұлу шомылғанға» деп келетін жолдарындағы хаса сөзі 
де осы хасә сөзімен бір және неғұрлым бастапқы тұлғасын сақтай қолданылған. 
Үшінші  мысалдағы  іңән  күшейткіш  үстеуі  де  қазіргі  қазақ  тіліндегі  ең  сөзінің 
әуелгі  тұлғасы,  түп  негізі  тәрізді.  Редукцияға  ұшырап,  бір  буыны  ғана  (ең) 
қалғанға  ұқсайды.  Ал  контексте  іс-әрекеттің  қиындық  деңгейінің  ең  жоғарғы 
мөлшерін білдіріп тұр. А.Ибатов та бұл сөздің мағынасын: «Іңән: ең, өте, тым», 
 деп түсіндіреді [206, 251 б.].   
Қыпшақ  ескерткіштерінде  мөлшер  семантикасы  синтаксистік  модельдер 
арқылы  да  беріледі.  Бұған  негізгі  сөздер  мен  көмекші  сөздер,  сондай-ақ 
морфологиялық  формалар  қатысып,  біртұтас  синтаксистік  байланысқа  түседі. 
Мұнда  негізгі  синтаксистік  байланыс  көмекші  сөздер  мен  синтетикалық 
формалардың  арасында  құрылады.  Сондықтан  синтаксистік  модельдерде 
көмекші сөздердің мөлшерлік семантика тудырудағы қызметі айрықша. «Хусрау 
уа  Шірін»  поэмасында  ічіндә  //  ішінде,  ічрә  //  ішінде,  ішін  //  ішінде  көмекші 
сөздері мен кәдін // кейін, тегі // дейін сияқты шылаулар кездеседі. Мұнда тегі // 
дейін шылауының өзі тәгі, тегрү, тегү сияқты бірнеше түрлі формада кездеседі. 
Алайда барлығы да дейін, шейін септеулік шылаудың орнына жұмсалады. «Адам 
Ата  мен  Хауа  Ана»  қиссасында  кейин (3)  //  кейін,  соң  //  соң  сияқты  септеулік 
шылаулар  мен  узақ  (бойы)  көмекші  сөзі  кездеседі.  Ал  «Мұхаббатнаме» 
ескерткішінде ичра // ішінде, хамиша // бойы көмекші сөздері мен текин // дейін 
септеулік  шылауы  кездеседі.  Аталған  сөздердің  синтаксистік  модельдердегі 
байланысы мынадай: 
–  Ескерткіштерде    барыс  септігі  жалғауы  мен  септеулік  шылаулардың 
қа+тегі  (қа+дейін),  қа+тәгі  (ға+дейін),  гә+тегрү  (ге+дейін),  қа+текин 
(ға+дейін)  синтаксистік  байланысы  арқылы  мөлшер  семантикасы  беріледі. 
Мысалы:  
1)  Қыйаматқа  тегі  арам  қылғай  (ХШ,  26р-26)  //  Қияметке  дейін  арам 
қылғай;  
2)  Нічәгә  тегрү  мені  тутғасән  зар  (ХШ,  48р-34)  //  Нешеге  дейін  мені 
тұтқайсың зар; 
3) Бүгүн таңқа текин май нүш қылған 


126 
 
Бадиха бу ғазални гөш қылғын // 
Бүгін таңға дейін шарап ішіп 
Осы сәтте шығарған ғазалымды тыңдағыл (МН, А/57-60). 
Мысалдардағы  қыйаматқа  тегі,  нічәгә  тегрү,  таңқа  текин  синтаксистік 
модельдері белгілі бір сәттен басталған уақыттың аяқталу кезеңіне дейінгі уақыт 
мөлшері семантикасын білдіреді. Ал екінші мысалдағы нічәгә сөзі барыс септікті 
сұрау  есімдігі  болғанмен,  уақыт  мөлшерінің  созылыңқылық,  ұзақтық 
семантикасын білдіреді.  
– Ескерткіштерде  шығыс септігі жалғауы сөз септеулік шылаулардың         -
дин+соң  (-дан+соң),  -дин+кейин  (-дан+кейін),  -дын+кейин  (-дан+кейін) 
модельдегі  синтаксистік  байланысы  арқылы  да  мөлшер  семантикасы  беріледі. 
Мысалы:  
1) Алқисса беш йылдин кейин Шиш ’алайһи с-салам ужудға келдилар (АХ, 
219/8-9) // Әлқисса, бес жылдан кейін Шиш алайһи с-салам өмірге келді; 
2)  Қырық  йылдин  соң  ол  тофрақ  балчық  болды  (АХ,  181/33-36)  //  Қырық 
жылдан соң ол топырақ балшық болды. 
Бұл  мысалдардағы  есептік  сан  есімдер  арқылы  уақыт  мерзімі  анықталған 
(нақтыланған) беш йылдин кейин, қырық йылдин соң модельдер белгілі процестің 
жүзеге  асуына  қажет  немесе  жүзеге  асуына  кеткен  уақыт  мөлшерінің  шегін 
білдіріп тұр.  
–  Кейде  модельдердің  құрылымы  одан  сайын  күрделеніп,  шығыс  септігі, 
барыс септігі, септеулік шылаулардың -дың+-ға+тегү (-дан+-ға+дейін), -дин+-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет