Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет34/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

көлемді  қайғы  деп  айтылмайды.  Себебі,  дерексіз  ұғымдарда  заттық  пішін 
болмайды. Ал көлем – нақты пішінге байланысты айтылатын ұғым. Жоғарыдағы 
мысалдарға  қарағанда,  көлем  заттардың  сыртқы  пішіндік  жағына  көбірек 
қолданылса, ауқым заттардың ішкі пішініне байланысты қолданылатын тәрізді. 
Мысалы,  көлемді  зат  дейміз,  ауқымды  зат  демейміз,  ауқымды  кеңістік  деп 
айтылады,  көлемді  кеңістік  деп  айтылмайды.  Көлем  мен  ауқымның  (объем) 
нақты  сандық  мәні  болуы  да,  болмауы  да  мүмкін.  Ол  сол  сәттегі  ұғымдық 
қажеттілікке қарай анықталады. Қалай болғанда да, көлем, ауқым – заттар мен іс-
қимылды бір бүтін шама ретінде танылады. Мөлшердің ауқымдық сипатына тән 
басты қасиет – жалпылық, тұтастық. 
Мөлшер, ол – деңгей. Заттар мен құбылыстар ұдайы өзгеріссіз бір қалыпта 
тұрмайды.  Ол  қашан  да  өзгеру,  даму  үдерісінде  болады.  Заттар  мен 
құбылыстардың  сапасы  мен  қасиетіндегі  мұндай  өзгеріс  «сатылы  мөлшер» 
ұғымын тудырады. Мысалы, алма: Ол, ең әуелі, гүл қауашағында пайда болады, 
сосын тозаңданып, түйінге айналады, содан бастап оның көлемі мен сапасында 
үздіксіз өзгерістер болады, көлемі ұлғаяды, күн санап дәм кіреді, ең соңында өсуі 
тоқтайды  да,  біртіндеп  қызара  бастайды,  қызғылт  тартады,  сосын  қып-қызыл 
болады. Міне, мұның бәрі мөлшерлік сапаның деңгейлеп өсуі. Адамның рухани 
жүйесі де дәл осылай. Мөлшер – сан өзгерісінен туындайтын сапа.   
Зат  пен  құбылыстардың  мөлшері  тек  сезу  түйсіктері  арқылы  тікелей 
қабылданатын заттық негізді мөлшерліктерден ғана тұрмайды, сонымен қатар, 
сапа, қасиет сияқты абстрактілі, дерексіз ұғымдарға да байланысты айтылады. 
Мұндай  кездерде  сол  дерексіз  ұғымдарға  деректі  ұғымдар  семантикалық 
жағынан  балама  болады.  Яғни  деректі  заттарда  болатын  өсу,  көтерілу,  сему 
сияқты  табиғи  қасиеттер  бейнелі  мағына  ретінде  абстрактілі  ұғымдарға 
көшіріледі, нақтырақ айтсақ, метафораланады. Мысалы, судың деңгейі, адамның 
білім  деңгейі  деген  тіркестерді  алсақ,  судың  тасу-қайту  (көтерілу-төмендеу) 
қасиеті  дерексіз  білім  ұғымына  семантикалық  балама  болып  тұр.  Сапа  мен 
қасиеттің сатылы деңгейі бірбүтін «мөлшер» ұғымын құрайды.  
Деңгей  «мөлшер»  ұғымын  қашан  да  тік  бағытта  сипаттайды.  Мысалы
деңгейі жоғары, өресі биік деп айтылады, деңгейі ұзын, өресі қысқа деп ешқашан 
айтылмайды.  Сондықтан  «деңгей»  ұғымы  тіл  мен  санада  «жоғары-төмен» 
тіресімдік  ұғымы  аясында  көрініс  табады.  Бұл  рухани  сапаның  да  деңгейін, 
заттардың кеңістіктегі орнының да деңгейін білдіреді. Мысалы, ақылды-ақылсыз, 
білімді-білімсіз  немесе  білімі  жоғары-білімі  төмен  тіресімдері  рухани  өсу 
деңгейін, ал еңсесі жоғары-еңсесі төмен тіресімдері заттың деңгейін білдіреді. 
Бұл туралы белгілі ғалым З.Ахметжанова: «В следующих фразеологизмах ақыл 
(ум)  предстает  как  некая  сущность,  характеризующаяся  параметрами  объема, 
длины,  линейностью.  При  этом  предполагается,  что  в  сознании  людей 
существует представление о нормативных параметрах ума: ақылы артық, ақылы 
атасынан асқан, ақылы жарым (кем, аз), ақылы қысқа (шолақ), ақылы тапшы, 
ақылы түзу, ақылы толы, кең ақылды», – дейді [165, 126 б.]. Сондықтан мөлшер 


42 
 
  заттар  мен  құбылыстардың  сапалық  қасиетін  түрлі  деңгейлер  арқылы 
анықтайтын сатылы ұғым. Мөлшердің деңгейлік сипатына тән  басты қасиет  – 
салыстырмалылық, ауыспалылық, даму. 
Мөлшер,  ол  –  дәреже.  Жоғарыда  мөлшер  заттардың  ішкі-сыртқы 
қасиеттерінің деңгейіне байланысты айтылады дедік. Ал дәреже заттардағы сол 
рухани  немесе  заттық  қасиеттердің  деңгей  бойынша  бағалануын  білдіреді. 
Мысалы, магистрлік дәреже, кандидаттық дәреже, докторлық дәреже десек, 
бұл – ізденушілердің ашқан ғылыми жаңалығы мен соның нәтижесінде дәлелін 
тапқан  білім  деңгейін  бағалау.  Сонымен  қатар  бағалауға  сай  құқықтар  мен 
құзыреттіліктерді беруді білдіреді. Деңгей, дәреже – бір-біріне жақын ұғымдар. 
Бірақ екеуі екі түрлі сипатқа ие. Деңгей жинақталған сапа мен қасиетті білдірсе, 
ал  дәреже  сол  сапа  мен  қасиеттің  бағасын,  құқықтық  баламасын  білдіреді. 
Деңгейге  ұқсас,  дәреже  де  жоғары-төмен  тіресімдік  ұғымы  аясында  көрініс 
табады. Мысалы, дәрежесі жоғары, дәрежесі төмен, шені жоғары, шені төмен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет