Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет28/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

көптік, нақты көптік, кеңістік көптік, заттық көптік-континуум, абстрактілі 
көптік,  жалпыланған  көптік,  нақты  жекелік  сияқты  топтарға  бөледі.  Ал 


33 
 
«шама»  концептісінің  морфологиялық  репрезентациясын  сын  есімнің  шырай 
категорияларымен байланыстырады. Сондай-ақ салыстырмалы шырай тұлғалы 
етістіктердің  қимыл  мәнін  білдіру  ерекшеліктерін  қимыл-сын,  мезгіл  мәнді, 
мөлшер мәнді, кеңістік мәнді, сипат мәнді, заттың түр-түсіне қарай сияқты 
бірнеше топқа бөліп көрсетеді [146, 221-275 бб.]. 
Сан-мөлшер  категориясын  функционалды  бағытта  қарастырған  келесі  бір 
жұмыс – Л.М.Қабылдинаның «Мөлшер-өлшем мағыналарының функционалды-
семантикалық  өрісі»  атты  кандидаттық  диссертациясы.  Зерттеуші  бұл 
жұмысында ұлттық өлшем бірліктерге  қатысты тілдік бірліктер мен қимылдың 
қайталануын білдіретін кейбір қосымшаларды «мөлшер-өлшем мағыналы» деп 
танып, оның функционалды-семантикалық өрісін талдауға баса назар аударылды 
[147].  Ал    Г.Сәрсеке  өз  мақаласында  сан-мөлшер  категориясы  мен  көптік 
категориясын  бірдей  ұғымдар  ретінде  қарап,  тек  сандық  жағынан  «көптік» 
ұғымдарды  білдіретін  лексикалық,  морфологиялық,  синтаксистік  бірліктерді 
көрсетумен шектеледі [148]. 
Л.О.Асқардың  «Қазақ  тіліндегі  тәулік  кезеңдері  атаулары»  атты 
кандидаттық  диссертациясында  тәулік  кезеңдері  атауларын  семантикалық, 
концептілік  және  функционалды-семантикалық  өріс  тұрғысынан  зерттеп, 
«тәулік кезеңдері» функционалды-семантикалық өрісі құрылымын, оның тілдегі 
берілу формаларын анықтайды. Сондай-ақ  тәулік кезеңдерін білдіретін тілдік 
бірліктерді  табиғат  құбылыстарына  байланысты  атаулар,  діни  әдет-
ғұрыптарға  байланысты  атаулар,  адамның  қимыл-әрекетіне,  төңіректі 
қабылдауына байланысты атаулар, шаруашылыққа, төрт түлікке байланысты 
атаулар,  жан-жануар,  құстарға  байланысты  атаулар  деп  бес  семантикалық 
топқа бөліп көрсетеді [149, 14 б.].   
Өз  кезегінде  біз  де  мөлшер  категориясы  тақырыбында  шағын  мақалалар 
жаза  бастап,  әрі  қарай  ізденісімізді  тереңдетуге  талпындық,  мөлшер 
категориясының тілдік табиғатына өзімізше үңілдік. 2011 жылы шыққан «Қазақ 
тілінің  функционалды  грамматикасы»  атты  ұжымдық  еңбекте  мөлшер  мәнді 
тілдік  бірліктердің  құрылымдық  ерекшелігін  қарастырсақ  [150,  721-775  бб.], 
2014-2016 
жылдары 
«Қазақ 
тіліндегі 
сан-мөлшер 
категориясының 
функционалды-семантикалық  өрісі»  тақырыбында  магистрлік  диссертация 
жаздық.  Бұдан  соң  осы  жұмыстың  толық  мәтіні  «Грамматикадағы  дүниенің 
тілдік бейнесі» атты ұжымдық еңбекте жарық көрсе [151, 255-353 бб.], оқулық 
мазмұнына  сәйкес  ықшамдалып  өңделген  нұсқасы  (30  бет)  «Жұмсалымды 
грамматика»  атты  монография-оқулықта  жарық  көрді  [152,  422-466  бб.].  Ал 
мөлшер  категориясын  «тарихи  парадигма»  тұрғысынан  қарастыруға  арналған 
зерттеулеріміз,  нақтырақ  айтқанда,  XV–XVIII  ғасырлардағы  тілдік  деректер 
бойынша  мөлшер  категориясының  поэтикалық  ерекшелігі  талданған 
«Поэтикалық мәтіндерде «мөлшер» ұғымының теңеу тәсілі арқылы берілуі» [153] 
деп  аталатын  бір  мақала  отандық  конференция  материалында,  «Поэтикалық 
тілдегі  «мөлшер»  ұғымының  метафора  тәсілі  арқылы  берілуі»  [154], 
«Поэтикалық тілдегі «мөлшер» ұғымының перифраз тәсілі арқылы берілуі» [155], 
«Miktar  Semantiğinin  Dünya  Dillerine  Ortak    Eski  Sentaktik  Yapısı»  [156]    деп 
аталатын  үш  мақала  шетелдік  конференция  материалдары  мен  ғылыми 
журналдарда, «Поэтикалық тілдегі мөлшер ұғымының көрінісі» [157], мөлшер 


34 
 
категориясының түркілік кезеңдегі (V–XIV ғғ.) тілдік ерекшеліктерін талдауға 
арналған  «Диуани  лұғат-ит-түрік»  еңбегіндегі  «мөлшер-өлшем»  ұғымын 
білдіретін  соматизмдер»  [158],  «Мөлшер  категориясын  зерттеудің  логика-
семантикалық  тәсілдері»  [159]  атты  мақалаларымыз  отандық  ғылыми 
журналдарда,  «М.Қашқаридың  «Диуани  лұғат-ит-түрік»  еңбегіндегі  өлшем 
бірліктер» [160], «Language Units Expressing the Notion of Degree or Quantity on 
Turkic  Monuments»  [161]  деп  аталатын  екі  мақаламыз  Scopus  базасындағы 
халықаралық  рецензияланатын  ғылыми  журналдарда  жарияланды.  Аталған 
зерттеу  жұмыстары  мөлшер  категориясының  тілдік  табиғатын  ашуға  септігін 
тигізеді деген ойдамыз. 
Мөлшер категориясын зерттеудегі ендігі бір мәселе – аталған категорияның 
тұрақты терминдік атауы мен оған тән тілдік бірліктер. Мөлшер категориясының 
тілдік тұрғыдан зерттелу тарихына үңілгенде,  аталмыш тақырыпта азды-көпті 
ізденістер,  зерттеулер  жасаған  ғалымдар  бұл  тілдік  құбылысты  түрліше 
қарастырғанын  көруге  болады.  Соған  сәйкес  әртүрлі  терминдермен  берілген. 
Олар  қысқаша  төмендегідей:  «Телімдік»,  «жарнақ  сан»  (А.Байтұрсынұлы), 
«өлшеуіш» (Х.Досмұхамедұлы), «сан-мөлшер категориясы» (С.Исаев), «сан есім 
мағыналы  сөздер»  (Ә.Хасенов),  «бейтарап  фразеологизмдер»  (Ә.Болғанбаев), 
«есептік  сөздер»  (Ж.Ахмедова),  «шама  есім»  (М.Думанұлы),  «мөлшер  сөз», 
«мөлшерлік» (Н.Сұлтаншәріп), «өлшемдік атау» (К.Қ.Күркебаев), «түсіндірмелі 
сөздер» немесе «сандар мен зат атауларының арасында қолданылатын сөздер» 
(В.А.Гордлевский), «нумеративті сөздер» (А.Н.Кононов, А.М.Щербак) «счеттік 
есімдер»  немесе  «счеттік  сөздер»  («счетные  имена»,  «счетные  слова») 
(А.Н.Баскаков,  Ә.Т.Қайдаров)  деп  аталса,  кейбір  ғалымдар  «сан-мөлшерді 
білдіретін  сөздер»  (Ф.Р.Зейналов),  «есептеп  шығарылатын»  (считаемый), 
«есептеп  шығарылмайтын»  (несчитаемый),  «санауға  келетін»  (исчисляемый), 
«санауға  келмейтін»  (неисчисляемый)  сөздер,  метрологиялық  лексика, 
классификаторлар 
(Л.А.Молчанова), 
мезуративтер 
(М.М.Копыленко 
В.В.Акуленко, С.А.Букреева), «халықтық номенклатура» (Т.В.Дементьева) деп 
атайды.    «Мөлшер  мәнді  тілдік  бірліктер»,  «шама  есім»  дегендер  де  бар. 
Байқағанымыздай,  бір  тілдік  құбылысқа  әр  алуан  атау  берілген.  Алайда  бұл 
атаулардың қай-қайсы да мөлшер семантикалы тілдік бірліктердің ішкі сипатын 
толық қамти да, аша да алмайды. Біз өз жұмысымызда тілдің барлық деңгейіндегі 
мөлшер семантикалы бірліктерді «мөлшер мәнді тілдік бірліктер» деген  ортақ 
атаумен  береміз.  Ал  лексикалық  деңгейде  қажетіне  қарай  «мөлшерліктер», 
«мөлшер  мәнді  сөздер»,  «мөлшерлік  лексема»,  «өлшем  бірліктер»,  «мөлшер» 
ұғымын  білдіретін  сөздер  деген  атауды  қолдансақ,  грамматикалық  деңгейде 
«мөлшерлік форма», «синтетикалық форма», «аналитикалық форма» атауларын 
қолданамыз. Ал жалпы категорияға «сан-мөлшер» де, «көптік» те емес, «мөлшер 
категориясы» деген атауды қолданамыз.  
Қорыта  келгенде,  жоғарыда  аталған  зерттеулер  әртүрлі  бағытта,  түрліше 
деңгейде  жазылғанына  қарамастан,  мөлшер  категориясының  тілдік  табиғатын 
тануға  көп  септігін  тигізері  даусыз.  Сондай-ақ  мөлшер  категориясының    көп 
қырлы, сан салалы, аса ауқымды тілдік категория екендігін көрсетеді.   
 


35 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет