37
стандартталмаған шамалардың бәрін қамтиды. Ал
өлшем ретінде
сипатталғанда, тек қана
стандартталған шамалардың жиынтық атауы ретінде
танылады. С
тандарт – әртүрлі заттар мен іс-әрекеттердің бәріне ортақ жиынтық
мөлшер емес, бір түрлі заттың көпшілігіне ортақ норма. Мысалы,
есіктің
мөлшері қанша? деп те,
есіктің өлшемі қанша? деп те айтуға болады. Бірінші
тіркес есіктің болжалды мәнде сұралған санын білдіреді. Ал екінші тіркес
биіктігі 2,1 м, кеңдігі 0,8 м келетін барлық есікке ортақ, нақты өлшемді (стандарт)
білдіреді. Бірақ екеуі де мөлшер, бірі нақты, бірі болжалды.
Өлшем нормативтік
сипатқа ие, жалпыға ортақ, біртұтас қабылданған, нақты бекітілген және міндетті
түрде талап етілетін мөлшерлік мәнді береді. Мысалы,
еуроөлшем
(евростандарт), мемлекеттік өлшем (госстандарт) десек, бұл қабылданған,
бекітілген нақты стандартты білдіреді. Ал мұны
еуромөлшер, мемлекеттік
мөлшер деп айтуға келмейді.
Өлшем – зат пен іс-қимыл сапасының
эталоны. Ол қандай да бір
қалыптасқан сандық мәнді және тұрақты норманы білдіреді. Ал сол өлшемнен
артық не
кем болса, ол
бейөлшемді саналады.
Өлшем (стандарт) нақты модель,
стереотип болғандықтан, оның маңыздылығы күн санап артып бара жатыр.
Ғылым мен техниканың, әсіресе, сандық технологиялардың дамуына және
адамдар арасындағы қарым-қатынастың сапасы мен қажеттіліктердің өзгеруіне
байланысты адамзат қоғамы стандарттау әлеміне көшуде. Тұрмыс-тіршілігі,
айналасындағы заттарға болған танымы көбіне
стандартқа айналуда. Мұны
белгілі философ Ғ.Есімнің мына тұжырымы нақтылай түседі: «Мен
жаһандануды әлемдік саясаттағы, идеологиядағы, экономикадағы америкалық
вектор деп түсінемін. Жаһанданудан басқа нақты термин бар, ол –
стандартизация, яғни әр нәрсенің стандарттық өлшемі» [163, 4 б.]. Философ
жаһандану мен
стандарт ұғымдарын қатар атағанымен, екеуінің ішкі мәнін
ажыратады. Яғни жаһандану – саяси астарлы, қолдан мәжбүрлі түрде жасалған
(субъективті)
ортақтық болса, стандарт – табиғи ортақ қажеттілік, жоғары сапа,
ортақ өлшемге сұраныс негізінде туған шоқтығы биік ортақтық. Мөлшер
ұғымының
стандарттық сипатына тән басты қасиет –
тұрақтылық.
Достарыңызбен бөлісу: