95
мөлшер мәнді сөз. Әрі мысал ретінде берілген
бір тү саш конструкциясы орта
ғасыр сөйленісінде қалыпты норма болса керек. Бірақ қазіргі қазақ тілінде
бір
түк шаш деп айтылмайтыны белгілі. Керісінше,
бір тал шаш деп қолданылады.
Соған қарағанда, сол кезеңде
түк сөзі
тал сөзінің мағынасын білдірумен қатар,
мөлшерлік конструкция құрамында да оның синтаксистік қызметін атқарғанға
ұқсайды. Соматикалық мөлшерліктер заттар мен құбылыстардың шамасын,
өлшемін, мөлшерін ғана білдірмейді, кейде сандық ұғымдар аясында
сипаттауыш сөз болып та келеді. Мысалда
тү//түк// тал сөзі шаштың саны
бір
екенін білдірумен қатар, оның пішіндік қасиетін де
(ұзын, дара, жіңішке)
сипаттап отыр. Мұндай
сипаттауыш мөлшерліктерде бірнеше мөлшерлік
мағына қатар жүреді. Яғни зат не құбылыстың қандай форма, қасиетке ие екенін
барынша толық сипаттайды.
Сөздікте
қадам, адым мағынасында берілетін мөлшерлік соматизмдердің
келесі бірі –
ағым //
адым (МҚ, Т
1
-105). Бұл – түркі тектес
халықтардың бәрінде
бар өте көне сөз. Көпшілік түрколог-этимолог ғалымдар
адым сөзінің түбірін
«аяқ басу, жүру, аттау» мағыналарын білдіретін
ат (
ат, ад, атых) етістік
түбірі деп көрсетеді [187, 7 б.]. Құрылымдық-семантикалық даму нәтижесінде
қазіргі түркі тектес халықтар тілдерінде әртүрлі дыбыстық варианттармен
кездеседі. Аталмыш сөздің түбірі түркі тілі дамуының ортағасырлық (Х
–ХІІ ғғ.)
кезеңінде-ақ
ат формасынан
ағ формасына өзгергенге ұқсайды. Өйткені
М.Қашқари сөздігінде бұл сөз
ағым түрінде кездесіп, үш әріпті есім сөздер
бөлімінде жасалу формасы біркелкі
(-үм, -ум, -ым, -ім //-ым, -ім) етіс негізді
туынды сөздер қатарында беріледі.
Ағым сөзіндегі
ағ буыны
аттау, қадам басу
мағынасын білдіретін етістік түбір де,
-ым аффиксі – етістерден есім сөз
тудырушы жұрнақ. М.Қашқари сөздігіндегі аталған жұрнақтың қолданыс аясы
туралы Ә.Керімұлы былай дейді: «
-Ым жұрнақты сөздерді МҚ сөздігінен де
көптеп кездестіруге болады. Әсіресе мұнда
өлшем, мөлшер мағынасын білдіретін
сөздердің саны едәуір»
[192, 65 б.].
Қазіргі қазақ тіліндегі
-ым, -ім функционалды жұрнағы, шын мәнінде, зат
есім емес, мөлшер мәнді сөздерді көбірек жасайды. Үш компонентті мөлшер
мәнді тіркестерде
(мөлшерлік конструкция) келетін
-ым, -ім тұлғалы сөздердің
тіркестен бөлек, жеке-дара қолданылмауының өзі осы сөздердің табиғаты зат
есімдерден алшақ жатқанын түсіндіреді. Мысалы,
бір жұтым су тіркесіндегі
жұтым сөзі зат атауы ретінде дербес айтылмайды, тек сөз тіркесі құрамында
ғана мөлшер ұғымын білдіретін бірлік ретінде қолданылады.
Жұтым деген зат
жоқ, керісінше, «мөлшер» ұғымы бар екені сияқты,
ағым деген зат жоқ, тек
«мөлшер» ұғымы бар. Осыған негізделгенде,
-ым, -ім жұрнақтары тұлғасы бір
болғанымен, біреуі зат есім
(м.:өрім өрді) тудырушы, енді біреуі мөлшер сөз
(м.:бір өрім қайыс) тудырушы
тұлғалас жұрнақ па деген ой келеді. Ал қазақ
тіліндегі
адым сөзінің түбірі
ад // ат екені осы тұста байқалады.
-ым – түбірге
сіңісіп кеткен етістіктен мөлшер сөз тудырушы жұрнақ. Түбір мен аффикс
жымдасып, редукцияланған. Әрі өлшемдік мәнде қолданыла келе, үш
компонентті
мөлшерлік конструкция құрамынан дербестеніп,
бір аттам
«қашықтық» ұғымының атауы ретінде
заттанған. Мұндай
заттану үдерісінде
ұдайы өлшем құралы ретінде қолданылудың әсері зор. Сөздер ұдайы «мөлшер»
ұғымын білдіру қызметінде жұмсалғанда, ондағы мөлшерлік мән мейлінше
нақты шамаға жуықтап, санада дербес лексикалық мағынасы тұрақтанып,