Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет85/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

сұлама  сөзімен  ұйқасып,  бұлама  түрімен  айтылып  тұр  деп  жорамалдауға 
болады» [194, 117 б.] десе, Дулат ақынның «Тәтті менен дәмдіні, қолында бұлы 
бар жейді» деп келетін өлеңіндегі «бұл» сөзі туралы: «Бұл арада бұл төлемақы, 
ақша мағынасында қолданылып тұр», – дейді [194, 125 б.]. Демек, мата ақша – 
түркі  дүниесінде  ертеде-ақ  пайда  болған  және  ғасырлар  бойы  кең  қолданыс 
тапқан құн өлшемдерінің бірі.   
М.Қашқари сөздігінде кездесетін ақша, құн өлшемінің келесі бірі  – бенек. 
Аталған  сөздің  Қашқари  сөздігінде  екі  мағынасы  берілген:  Бенек  //  дән;  ұрық 
(арғу  және  бір  тайпалар  тілінде);  Бенек  //  бақыр;  ақша   (МҚ,  Т
1
-444).  Соған 
қарағанда, сөздің алғашқы мағынасы – дән, ұрықша. Ал дән түйірінің кішкенелік 
мағынасы алынып, ұсақ монеталарға қолданылған болса керек. Бұл сөз ДТС-те 
де  осы  мағынада  түсіндіріледі  [188,  с.  94].  Бенек  қазіргі  қазақ  тілінде 


105 
 
кездеспегенімен,  қазіргі  түрік  тілінде  кездеседі.  Түрік  тілі  сөздігінде  екі 
мағынасы  берілген:  «1.  isim Herhangi  bir  şey  üzerindeki  ufak  leke,  nokta,  puan 
(Burunlar  koyu  renkte  beneklerle  kaplıdır  - S.  Birsel);  2.  gök  bilimi Güneş  lekeleri 
yöresinde görülen, parlak taneciklerden ve parlak damarlardan oluşmuş bölüm, fakül» 
[195]. Яғни бірінде кез келген кішкене дақ, нүкте мағынасында, ал екіншісі, күнге 
қараған  кездегі  көзде  білінетін  кішкене  дақтар,  ноқаттар.  Бұл  Қашқари 
сөздігіндегі бенек сөзі мен түрік тіліндегі бенек сөзінің семантикалық байланысы 
барлығы аңғартады. Көлемнің кішкенелігі, әрі қатты, түйір  болуы  – екі сөздің 
ортақ  семантикасы.  Сөздің  лексикалық  дамуы  нәтижесінде  ең  алғашында 
кішкене  түйір  дән,  одан  кейін  ұсақ  монета,  ал  одан  кейін  дақ,  ұсақ  нүкте 
мағынасына ауысқан болса керек.  
Түркі  халықтары  арасында  кеңінен  тарап,  сауда-саттықта  құн  өлшемі 
ретінде жұмсалатын ақшаның тағы бір түрі – бақыр. Бұл да ақша ұғымын беретін 
түркі  сөзі  ретінде  сөздікте  кездеседі.  Сөздікте  мынадай  түсіндірме  берілген: 
Бақыр – Шыныда құйылған ақшаның бір түрі. Алыс-беріс сол арқылы жасалады 
(МҚ, Т
1
-418). Бақыр – мыс. Ақша мыстан құйылғандықтан, бақыр деп аталған. 
Сөздікте бұл туралы тағы былай деп беріледі: Бақыр // мыс. Мақалда былай деп 
келген: бар бақыр иоқ алтұн // бар – мыс, жоқ – алтын ( барда – бақыр, жоқта 
– алтын), қолда бар болса, мыстай қадірсіз, жоқ болса, алтындай қадірлі. Бұл 
мақал жақын-жұрағаттар арасында қорланып жүрген кісі арадан кеткеннен 
кейін,  оның  қадірі  білінеді  деген  мағынада  қолданылған  (МҚ,  Т
1
-417).  Бақыр 
металл  ақша  болғанымен,  алтыннан  құны  төмен  екенін  мақалдан  аңғаруға 
болады.  Бақырдың  Қытайда  құйылғанына  қарағанда,  сол  кезеңде  Қытай  елі 
қолданатын  ақша  түрі болса  керек.  Түркілер  мен қытайлар  арасындағы  сауда-
саттық нәтижесінде түркі халықтарына тараған болуға тиіс.  
Этнографиялық  энциклопедияда  бақыр туралы былай беріледі:  «Бақыр
1
  – 
ұсақ сауда жасауға пайдаланылатын мыстан, күмістен соғылған тиынның жалпы 
атауы. Тиынның мыстан жасалған түрін қарабақыр деп атайды. Бақырдың сауда-
саттықтың  негізгі  объектісі  сан  алуан  тауарлардың  эквиваленті  ретіндегі  рөлі 
қазақ  жеріне  Ресейдің  ықпалымен  тауарлық-ақша  қатынастарының  орныға 
бастаған кезінде күшейді. Қазақ ауылдарында орыс Бақырлары ғана қолданыста 
болды» [193, 373-374 б.]. Энциклопедияда дұрыс берілгендей, бақыр ақшаның 
құны алтыннан төмен болғандықтан, көбіне ұсақ саудада қолданыс тапқан. Ал 
оның күмістен де жасалуы ақша ретінде орнығып, мыс ақшаның атауы ғана емес, 
жалпы ақша семантикасын берген кезеңде болған. Яғни семантикалық дамудың 
нәтижесінде  металдың  атауынан,  құн  өлшемі  ретінде  ақша  атауына  ауысқан. 
Сондай-ақ  бақыр  ақша  қолданысының  күшеюі  Ресей  ықпалындағы  жылдарда 
ғана емес, XXII ғасырларда да орын алған. Бұл бақыр ақшаның семантикалық 
дамуынан да көрінеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет