Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет80/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

– Оқтам // бір оқтық, оқ жетерлік: бір оқтам иер // бір оқ атым жер (МҚ, 
Т
1
-112). Оқтам – «қашықтық» ұғымын білдіретін мөлшерлік. Садақтан атылған 
жебенің  (оғының)  жеткен  жеріне  дейінгі  қашықтықты  білдіреді.  Мұнда  садақ 
тарта  алатын  кез  келген  адамның  оғы  жетер  орташа  қашықтығы  алынады. 
Адамның  физикалық  қуаты  мен  қолдың  қызметі  мөлшерлік  ұғымның  тууына 
басты негіз болады. Қазіргі қазақ тілінде көбіне осы ұғым оқ бойы жер, бір атым 
жер тіркесі арқылы беріледі.  
– Екім // егім: бір екім иер // бір егім жер; бір еккенде егілетін жер (шамасы) 
(МҚ,  Т
1
-105).  Екім  –  «аудан»  ұғымын  білдіретін  мөлшерлік.  Жер  бетінің  бір 
адамның егін салуға физикалық қуаты жететін аумағы. Адам қуаты мөлшерлік 
ұғымның тууына негіз болып тұр.  
– Пішім // тілім; кесім; пішім: бір пішім қағұн – бір тілім қауын. Басқаларға 
да  солай  қолданылады    (МҚ,  Т
1
-455).  Пішім  –  «көлем»  ұғымын  білдіретін 
шамалауыш  мөлшерлік.  Ұстауға  және  жеуге  ыңғайлы  етіп  тілінген  қауынның 
қалыпты көлемін (қалыңдығын) білдіреді. Қолдың қызметі мөлшерлік ұғымның 
тууына негіз болып тұр. 
– Тілім // тілім, бөлік: бір тілім ет // бір тілім ет. Ұзынынан кесілген, яки 
тілінген  нәрсенің  барлығына  да  «тілім»  дейді  (МҚ,  Т
1
-456).  Тілім  –  «көлем» 
ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік. Нақты мөлшері белгісіз болғанымен, 
пышақпен бір кесіп алған аз мөлшердегі зат мөлшерін (нан, ет, т.б.) білдіреді.  
– Тізім // тізбе; тізім: бір тізім иүнжу // бір тізбе інжу  (МҚ, Т
1
-455). Тізім 
–  «көлем»  ұғымын  білдіретін  шамалауыш  мөлшерлік.  Мойын  не  қолға  тағуға 
ыңғайлы  көлемдегі інжу  тізбегін білдіреді.  Қол мен  мойын  шеңберінің көлемі 
«мөлшер» ұғымның тууына негіз болып тұр.  
– Иұғрұм // (илем, жайым –А.Е.): бір иұғрұм ұн // бір илем ұн; бір рет қамыр 
илейтін  ұн    (МҚ,  Т
3
-66).  Иұғрұм  –  «көлем»,  «сыйымдылық»  ұғымдарын 
білдіретін  шамалауыш  мөлшерлік.  Зат  мөлшерінде  кейде  көлем  мен 
сыйымдылық ұғымдары қатар жүреді. Өйткені сыйымдылықпен өлшенген қою, 
қатты  заттардың  қандай  да  бір  көлемі  болады.  Ал  бұл  сөз  бір  реткі  тамаққа 
жетерлік көлемдегі немесе сыйымдылық шамадағы ұн мөлшерін білдіреді. Илеу 
немесе қолдың қызметі мөлшерлік ұғымның тууына негіз болып тұр.  
– Иүгрүм // (жүгірім – А.Е.): бір иүгрүм иер // бір жүгірім жер: бір жүгіріп 
барып қайтатын жер (МҚ, Т
3
-66-67). Иүгрүм – «қашықтық» ұғымын білдіретін 
мөлшерлік. Ол адамның бір рет жүгіріп бара алатын қашықтығына тең. Адамның 
физикалық  қуаты  мен  екі  аяқтың  қызметі  мөлшерлік  ұғымның  тууына  негіз 
болып тұр. 
– Өпүм // өбім; жұтым: бір өпүм мүн // бір өбім сорпа; бір ұрттам сорпа  
(МҚ, Т
1
-104). Өпүм – «сыйымдылық» ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік.  
Ұрттаған (өпкен) сорпаның ауыз қуысына еркін сыйарлық мөлшерін білдіреді. 
Қол мен ауыз қуысының қызметі мөлшерлік ұғымның тууына негіз болып тұр. 
– Үзүм // үзім (МҚ, Т
1
-105). Үзүм – «көлем» ұғымын білдіретін шамалауыш 
соматизм.  Бармақ  пен  сұқ  саусақ  арқылы  бір  рет  үзіп  алған  зат  (азықтық) 


99 
 
мөлшерін  білдіреді.  Қолдың  қызметі  мөлшерлік  ұғымның  тууына  негіз  болып 
тұр. 
Мөлшерлік  конструкцияда  шамалауыш  мөлшерліктер  түбір  тұлғада  да 
келеді.  Ондайда  мөлшерлік  компонент  зат  есім  сөздерінен  болады.  Бірде  зат, 
бірде  сол  затпен  өлшенетін  өлшем  болып  келетін  мұндай  ауыспалы 
мөлшерліктер  сипаттау,  бейнелеу  мәнінде  жұмсалады.  М.Қашқари  сөздігінде 
бұл формада мынадай сөздер кездеседі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет