затсымақ өлшем-бірлік атауына айналады. Мұндай сөздер атауыш мәнді
болғандықтан, зат есім категорияларымен де түрленіп, зат есім сияқтанып
көрінеді. Яғни -ым, -ім жұрнақтарының атауыштық мәнге ие болып, белгілі бір
заттық (өлшемдік) ұғымның атауы ретінде қалыптасуының себебі осында.
Аталған жұрнақ тіркестің шұбалаңқы құрылымын конструкция ішінде
ықшамдап, «өлшем» ұғымын білдіретін бір бүтін құрылымға, күрделі атауға
айналдырады.
М.Қашқари адым мағынасындағы ағым сөзін зат есім тарауында
баяндағанымен, бұл сөздің заттық мағынасын зат есім сөздерінше түсіндірмейді.
Керісінше, нақты мысалмен: Бір ағым иер // бір адым жер, бір аттап үстіне шығуға болатын жер (МҚ, Т
1
-105), – деп түсіндіреді. Бұл тұста да аталмыш
сөздің басты функционалды мағынасы заттың есімін емес, «мөлшер» ұғымын
білдіру екенін байқауға болады. Жоғарыдағы мысалдардан «мөлшер» ұғымын
білдіретін сөздердің бұлайша заттанып, дербестену үдерісі сонау орта ғасыр,
одан да бұрын басталғанын аңғаруға болады.
Тұрұм // бойлам – адам бойына бара-бар ұзындық өлшемі: Бір ер тұрұмы сув / бір адам бойынан келетін су. Басқаларға да осылай қолданылады (МҚ, Т
1
-
455). Бұл да – бір буынды етістіктерге -ұм // -ым, -ім жұрнақтары жалғану
арқылы жасалған өлшем бірлік атауы. Нақты сандық мәні берілмесе де,
М.Қашқаридың «ұзындық өлшемі» деп бергеніне қарағанда, тұрақты шамаға тең
қашықтық (биіктік) өлшемі екені байқалады. Бірақ қазіргі қазақ тілінде дәл
мұндай қолданыс жоқ. Оның орнына бойы сөзінің тіркесуімен жасалған күрделі
құрылымдар (адам бойы, кісі бойы) қолданылады. Тұрұм сөзіндегі мұндай
өзгеріс сөз семантикасының кері дамуы, тараю құбылысын аңғартса керек.
Тілімізге соңғы ғасырларда нақтылыққа құрылған халықаралық өлшем
бірліктердің енуіне байланысты бағзы заманнан бері қолданылып келе жатқан
халықтық өлшемдер тілден ығысып барады. Оның басты себебі халықтық өлшем
бірліктерде нақты сандық мәнінің қалыптаспауы, яғни өлшем бірлікке айналу
үдерісі толық аяқталмауында. Қазақ тілінде бұл үдерісті аяқтаған да сөздер бар.
Мысалы, шақырым сөзі «1 км»арақашықтықты нақты білдіреді. Сондықтан бұл
тілде жарыспалы қолданылатын белсенді қабаттағы сөз.
Жинақтай келгенде бұл өлшеуіш соматизмдерден мынадай басты-басты
семантикалық
ерекшеліктерді
аңғаруға
болады:
дәлдік, арнайылық, ауыспалылық, көпмағыналылық, функционалдылық, дербестік т.б.
Жоғарыдағы ағым, тұрұм мөлшерліктерінде көрініс тапқандай,
синтаксистік деңгейде мөлшер семантикасы тек қана аналитикалық формалар
арқылы берілмейді, кейде бір құрылымның ішінде синтетикалық та,
аналитикалық та формалар қатар келіп, синтаксистік байланысқа түсіп, бір бүтін
мөлшерлік семантиканы білдіреді. Мұнда, жоғарыда баяндалғандай, кейбір
етістік түбірлер -ым, -ім, -ұм, -үм, -ам //-ым, -ім аффиксін қабылдау арқылыжаңа
мөлшерлік компонент жасайды. Зат есім жасамайды, мөлшерлік жасайды. Бұл –
мөлшерлік компонент тудырушы ең өнімді жұрнақтардың бірі. Сонымен қатар,
бұл аффикс түбір етістіктердің бәріне емес, негізінен дене мүшелердің қимыл-
қозғалысын (жұмысын) сипаттайтын етістік түбірлерге жалғанады. Бұл форма
қимыл-әрекет арқылы өлшенуді қажет ететін шамалардың сұранысынан туған.
Сөздікте осы аналитика-синтетикалық тәсіл арқылы түзілген мөлшерлік
конструкциялар жиі кездеседі.
97
Белгілі бір мөлшер семантикасын білдіргенімен, өлшеуіш соматизмдерден мөлшерлік сипаты бір саты төмендеуі осы – шамалауыш соматизмдер. Бұл
топтағы соматикалық мөлшерліктер зат пен құбылыс мөлшерін, өлшемін
дәлдікпен анықтап бере алмайды, тек болжайды, шамалайды. Мөлшерлік