Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет86/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

Бақыр  сөзінің  ДТС-те  төрт  түрлі  мағынасы  берілген.  Соның  біріншісі, 
үшінші мағынасы жоғарыда айтылғандай, мыс, металл және мыстан жасалған 
ақша мағынасы. Ал екінші мағынасы ауырлық өлшемі болса, төртінші мағынасы 
– ақша бірлігі, яғни ақша өлшем бірлігі. ДТС-те төмендегідей беріледі: «2. Бақыр 
(мера веса, вероятно, несколько менее четырех граммов): murč t[ört] baqїr pitpidi 
beš  baqїr  bїsїγ  siŋir  altї  baqїr  čur  [nї]  qїlїp  //  красного  перца  четыре  бакыра, 
черного перца пять бакыров [и] разваренных сухожилий шесть бакыров [язять 
и],  сделав  порошок  (Rach  I
7
);»  [188,  с.  82].  Біздіңше,  бақыр  ақша  мен  салмақ 


106 
 
өлшемінің арасында семантикалық байланыс жоқ, сондықтан үзіндідегі бұрышқа 
қатысты қолданыста бақыр салмақ өлшемі емес,  көлем, сыйымдылық өлшемін 
білдірсе  керек.  Яғни  бақыр  (мыс)  ыдыстан  (шөміш  тектес)  жасалған  өлшем 
құралының сыйымдылығымен өлшенетін шамаларды білдіреді. Ал құн өлшемі 
бірлігі семантикасы былайша түсіндіріледі: «4. Бакыр (денежная единица): bol 
mїsnїŋ  üč  satїr  üč  jarїm  baqїr  bertim  //  три  сатыра  [и]  три  с  половиной  бакыра, 
[принадлежащих]  Болмышу,  я  отдал  (USp  50)»  [188,  с.  82].  Мұнда  да  ақша 
ұғымында  қолданылған.  Яғни  құн  өлшемі  түрліше  болғанда  мөлшерлік 
конструкция  арқылы  сандық  және  заттық  компоненттер  өзгеріп,  түрліше 
шамалар  мен  ақша  мөлшерін  білдіреді.  Бақырдың  біз  баяндаған  әр  тарихи 
кезеңдердегі  әлденеше  мағынасы  оның  құн  өлшемі  кеңістігінде  кеңінен 
қолданылғанын, тілдің ең белсенді қабатындағы сөз болғанын түсіндіреді.  
Бақыр сияқты иармақ (жармақ) та тарихи кезеңдерде кеңінен танымал құн 
өлшемі,  ежелгі  ақшалардың  бірі  болған.  Бұл  да  М.Қашқаридың  сөздігінде 
кездеседі.  Алғашқыда:  Иармақ  //  ақша,  пұл  (МҚ,  Т
3
-61),  –  деп  түсіндірілсе, 
соңғысында:  Йарымақ  //  жармақ;  теңге  (ұйғырша)  (МҚ,  Т
3
-573-574),  –  деп 
берілген Екеуіндегі айырмашылық жалғыз дауысты «ы» дыбысы болмаса, екеуі 
бір  сөз.  Соған  қарағанда  иармақ  сөз  түркі  тайпаларында  түрліше  айтылатын 
болса керек. М.Қашқари сөздігінің түпнұсқасында да иарымақ, иармақ деп екі 
түрлі берілген. Яғни бұл транскрипциядағы қате емес. Дыбыс құрамы, әріп саны 
ұқсамайтын  болғандықтан,  М.Қашқари  оны  екі  жерде  берген.  Бірақ  мағынасы 
бір. Алайда ДТС-те тек иармақ түрінде ғана беріледі [188, с. 242]. М.Қашқари 
сөздіктің әр тұсында сан атауларының мағынасын түсіндіргенде көбіне иармақ 
сөзін пайдаланады. Мысалы: Еллік // елу: еллік иармақ // елу теңге, елу ақша», 
осыған  ұқсас,  тағысын  тағылар  (МҚ,  Т
1
-173).  Бұған  қарағанда,  иармақ  сол 
кезеңде  ең  жиі  қолданыста  болған  ақша  түрі  болса  керек.  Этнографиялық 
энциклопедияда  иармақ  туралы  мынадай  мәліметтер  бар:  «Жармақ  –  ортасы 
тесік келген тиын есебінде жүретін ұсақ, бақыр ақша.  Жармақ сауда-саттықта 
пайдаланылумен  бірге  бөрікке,  балалардың,  қыз-келіншектердің  сырт  киіміне 
сәндік  үшін  таққан»  [196,  335  б.].  Демек,  темір,  мыс  сияқты  құны  алтын  мен 
күмістен  төмен  металдардан  жасалған  және  көбіне  ұсақ  сауда-саттықта 
қолданылады.  Сондықтан  да  ол  бұқара  халыққа  түрлі  қажеттіліктер  үшін 
қолжетімді. Ал оның иармақ/жармақ аталуы ортасының тесік (жарық) болуына 
байланысты болса керек.  
Ерте, орта ғасырларда ақшаның түрлі баламалары болған. Солардың ішінде 
түрлі металдар жиі қолданылған. Ал металдың ең құндысы – алтын мен күміс. 
Бұлардан  құйылған  ақшалар  ірі  көлемді  сауда-саттықта,  жоғары  тап  өкілдері 
арасында қолданылған. Сондықтан бұл құнды металдар да ең үлкен құн өлшемі 
қызметін  атқарған.  X–XII  ғасырларда  күміс  ақшаның  қолданыста  болғаны 
Сөздіктегі күміс сөзіне байланысты мына түсініктемеден де аңғарылады: Күмүш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет