Сом сөзінің суннан шыққанына тағы бір дәлел ретінде қытай тіліндегі
寸
иероглифінің тағы бір мағынасын айтуға болады.
寸
(сун) қытай тілінде көбіне
ұзындық өлшемі ретінде емес, тік төртбұрышты заттардың ұзындығы мен енін
тұтас қосқандағы белгілі стандартты өлшемдерін білдіреді. Мысалы, 1
寸
=
2,5*3,5 см (сурет, қағаз т.б.). Ал алтын ең қымбат бағалы металл болғандықтан,
ол құн өлшемі ретінде стандартты ұзындықта (ені мен ұзындығы) құйылады.
М.Қашқаридың сөздігіндегі сун алтын да осындай нақты стандартты
ұзындықтармен дайындалған. Яғни қытай өлшемі негізінде құйылған. Құйма
алтынның ұзындығы мен енінің шамасын айтудан гөрі оның стандартты атауын
айтқан әлдеқайда жеңіл, әрі бұл – тіл заңы. Сондықтан сун (
寸)ұзындық өлшемі,
сун алтын, сом ақша атаулары бір негізден тарады деуге толық негіз бар.
М.Қашқари сөздігіндегі өлшем бірліктердің келесі бір тобы – қашықтық
(ұзындық) өлшемдері. Сөздікте иығаш, фарсах, чығ сияқты қашықтық өлшем
бірліктері кездеседі. Бұлар жер беті қашықтығы мен сауда-саттықта түрлі
тауарлардың ұзындығын өлшеуге қолданылады және нақты сандық мәні бар.
Осы өлшемдердің ішінде жоғарыда баяндалған сун ұзындық өлшеміне ұқсас,
түркі тіліне енген ескі қытай өлшемдерінің бірі – чығ. Бұған М.Қашқари
сөздігінде мынадай түсіндірме берілген: Чығ // ши – түріктердің ұзындық өлшемі. Бұл араб өлшемінің үштен екісіне тең болады. Онымен көшпенділер бөз өлшейді (МҚ, Т
3
-183). Ғалымның мұны «түріктердің өлшем бірлігі» деп нақты
айтуы жаңсақтық болса керек. Тіпті қытай тіліне түркі тілінен енуі де мүмкін.
Чығ өлшемінің нақты ұзындығы қазіргі метрлік жүйе бойынша 33,3 сантиметрге
сәйкес келеді. ДТС-те чығ// 尺
(chı) өлшемі туралы: «Čїγ II: [кит.
尺
, чи, čhiaeg
мера длинны, около 30 см] чыг (мера длины) (МК 4993): altї jegirmi čїγ beš tsun
etüz belgürtüp [Будда] явил свое тело [величиной] шестнадцать чыгов и пять
цунов (Suv 41
12
)», – деп берілген [188, с. 147]. Мұнда архетұлға чығ па, әлде
尺
(chı) ма, оны нақты айту қиын. Десе де, келтірілген деректердің сенімділігіне көз
жеткізе отырып, түркі, қытай тілдерінде ортақ қолданылған өлшем бірліктер
деуге болады. Алайда бұл сөз қытай тілінде қазірге дейін қолданыста және ескі
қытай өлшемдері ретінде беріледі. Қазіргі заман қытай тілінің түсіндірме
сөздігінде аталған сөздің мағынасы былайша түсіндірілген:
«
尺 chı I 量: 长 度 单位,
10
寸 等于 1 尺, 10 尺 等于 1 丈. 1 市尺合 1
/3»[197, 175 б.] (Ауд.: ұзындық өлшемі,
10 сун (3,33 см) 1 чыға (33 см) тең, 10 чы 1 жаңға (333 см) тең. 1 чы (қала өлшемі)
тең 1/3 (3,33 м)). Чығ ұзындық өлшемі ескі қытай тілінде де әр патшалық тұсында
әртүрлі шамаларға сәйкес келеді. Бірақ бір-бірінен тым алшақ кетпейді. Бұл
ұзындық өлшемдерінің қытай және түркі тілдерінде бірдей қолданылуы өлшем
бірліктер ең жиі қолданыстағы сөздер тобы болумен қатар, жылдам жалпылану,
жаһандану үдерісіне бейім тілдік қабат екенін айғақтайды. Тілдің бұл заңдылығы
Түркі тілі кезеңінде-ақ өз күшін байқатқан.
Ең жиі қолданыста болған қашықтық өлшем бірліктерінің келесі бірі –
иығаш. Бұған М.Қашқари сөздігінде мынадай түсініктеме беріледі: Иығаш // фарсах – ұзындық өлшемі: Бір иығаш жер //бір фарсах жер (МҚ, Т
3-
17). Иығаш сөзінің сөздікте екі мағынасы беріледі. Бірі – өлшемдік мағына, екіншісі – ағаш.
Ал фарсах та орта ғасырда алыс қашықтықты білдірген ұзындық өлшемі.
А.Егеубай сөздікті тәржымалағанда мұның қашықтық шамасын иығашпен теңестіреді де, мынадай түсініктеме береді: Бір фарсах он екі мың аршынға тең (МҚ, Т
3
-17). Аршын даескі халықтардың көпшілігінде кездесетін ұзындық
109
өлшемі. Орыс деректеріне қарағанда, аршын 0,71 сантиметрге тең. Бұлай
болғанда, 12 мың аршын 8520 метр болады да, иығаш та, фарсах та осы ұзындық
шамасына тең. Ал ДТС-те де иығаш сөзінің үш түрлі мағынасы берілген: бірінші
мағынасы – ағаш; екінші мағынасы туралы: jығаш: мера расстояния: bіr jығаш