Маркетинг



бет42/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

6.4 Тәжірибелік жаттығулар


1 тапсырма. Төменде негізгі терминдер және оларға жеке анықтама берілген. Берілгендерге қандай терминдер сәйкес екендігін көрсету керек

А. Шынайы орындалған тауар

Л. Қаптама

Б. Тұтынушы тауарлары

М. Маркалау

В. Өндірістік мақсаттағы тауарлар

Н. Тауар маркасы

Г. Тауардың өмірлік циклі

О. Фирма стилі

Д. Өсу сатысы

П. Сервис

Е. Ену сатысы

Р. Брэнд

Ж. Жетілу сатысы

С. Логотип

З. Түсу сатысы

Т. Слоган

И. Тауарлық белгі

У.Фирма блогы

К. Кепілдік сервисі

Ф. Сатылым алдындағы сервис







  1. Кәсіпорын тауарын негіздеу үшін және бәсекелес-тауарлардан айқындалатын кез келген атау, белгі, символ, сурет немесе олардың комбинациясы ол ... .

  2. Кең таралған және мойындалған тауарлық белгі ол ... .

  3. Сәйкес сапа деңгейі, тиімді орам, сонымен қатар маркалық атауы бар нарыққа ұсынылған тауар аталады ... .

  4. Мұқтаждықты қамту үшін, жанұялық немесе үйде қолдану үшін алынған тауарлар аталады ... .

  5. Басқа тауарларды өндіру процесінде, сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылық жұмыстарын жүзеге асыру үшін қолданатын тауарлар аталады ... .

  6. Тауарды шығарған сәттен нарықта пайда болуы, өндірістен және нарықтан алып тастау уақыты аталады ... .

  7. Сатылым көлемінің өсуін баяу қамтамасыз ететін тауарды өмірлік цикл сатысын және кәсіпорынның нарықта бірте-бірте орнығуын атайды ... .

  8. Тауардың өмірлік цикл сатысының сатылым көлемінің өсуінен бастап, олардың баяулау сәті аталады ... .

  9. Егер белгілі бір уақытта сатылым көлемі жоғарыласа, одан кейін бір деңгейде болса және бірқатар төмендесе, онда тауардың өмірлік айналымының мұндай сатысы аталады ... .

  10. Тауар сатылым көлемі қысқарған жағдайда және тауарды сатудан түскен пайданың азайған жағдайда тауар үшін ... .

  11. Тауарды салатын белгілі бір қорап және көбінесе өзіне тән рәсімделуінің болуы... .

  12. Орамдағы жазулар немесе суреттер және тауар, сонымен қатар тауарды немесе оның жеке құрамын идентификациялау үшін қолданылатын қосымша құралдар, дайындаушылар жөнінде тұтынушыға ақпарат жеткізу, тауардың сапалық және сандық сипаттамасы аталады … .

  13. Кәсіпорын тауарларының, кәсіпорынның, сонымен қатар одан шығатын ақпараттың біркелкі түрін білдіретін түс, графикалық, типографиялық, дизайнерлік, ауызша элементтер жиынтығын атайды ... .

  14. Тауарға жапсырылатын немесе қыстырылатын, өзіндік ақпарат алып жүруші ... .

  15. Тауарды таңдап алу және кезең бойы оны ең жақсы түрде қолдануға жол ашатын тұтынушылардың қызмет көрсету жүйесі аталады ... .

  16. Кәсіпорынның арнайы дұрысталған, толық немесе қысқаша атауы (бір немесе бірнеше тауар тобы болуы мүмкін) ... .

  17. Тұтынушыларға кеңес беру, тауарды сатылымға және эксплуатацияға дайындау, сонымен қатар құжаттарға сәйкес тұтынушыларды қамтамасыз ету аталады ... .

  18. Кәсіпорынның жарнамалық ұранын атайды ... .

  19. Өндірушінің кепілдік міндеттемелерінің іске асу мерзімінде тауарларды пайдалану үшін қажет барлық жұмыстар қамтамасыз етіледі ... .

  20. Тауарлық белгі, логотип, слоган және басқа жазулардың графикалық комопозицияға бірігуі ... .

2 тапсырма. Төменде келтірілген пікірлердің дұрыс немесе жалған екенін анықтаңыз, егер пікір дұрыс болса «иә» деп, жалған болса «жоқ» деп жауап беріңіз

  1. Тауарлардың сатылу көлемінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын қабылдай алатын шешімдердің бірі тауардың ассортименттік орын санын көбейту болып табылады.

  2. «Минский завод холодильников» АҚ «Атлант» тоңазытқышы шынайы орындалған тауар болып табылады.

  3. Тіс пастасы күнделікті сұраныс тауары болып табылады.

  4. Жиһаз алдын-ала таңдалған тауарға жатпайды.

  5. Факс өндірістік тауар болып табылады.

  6. «Русское радио» радиостанциясының дабылдары тауарлық белгі болып табылады.

  7. Тауарлық белгі ретінде жеке жануарлар суреттері болуы мүмкін.

  8. Сағыз резеңкесі импульстік түрде сатып алынатын тауар болып табылады.

  9. Сатылатын нарығына байланысты кәсіпорынның бір тауары өмірлік циклдің әр түрлі кезеңдерінде болуы мүмкін.

  10. Жеке тауарлар бірмезгілде өндірушінің тауарлық белгісін де, сатушының сауда маркасын да иемденуі мүмкін.

  11. Кәсіпорынның барлық өндіретін тауарларында бірегей тауарлық белгі болмайды.

  12. Кейбір кәсіпорындар өмірде бар тауарлық белгінің жалған түрін шығаруға барады, кейбір кезде оны заңсыз түрде қолданады.

  13. Тауарлық белгіні қолдану кезінде оның сақтандыру деңгейін көрсету үшін алдын-ала маркалауды қолданған жөн.

  14. Қаптаманы сапалы қолдану арқылы тауардың нарықта тез жылжуы қамтамасыз етілуі мүмкін.

  15. Қаптама тұтынушыға артықшылықты қамтамасыз етуі мүмкін.

  16. Кейбір жағдайларда қаптаманың бағасы оның ішіндегі тауар бағасынан асып түседі.

  17. Штрихтік кодтауды қолдану өндіріс пен тауарлар сатылуын есепке алу, талдау және жоспарлау үшін ішкімен қатар, сыртқы нарықта да бастапқы база болып табылады.

  18. Тауарлық белгі кәсіпорынның фирмалық блогына жатпайды.

  19. Слоган – бұл әдейі өңделген, кәсіпорынның толық немесе қысқартылған атауының өзіндік сызбасы.

  20. Автомобильдер жасаушы кәсіпорындар сервистік қызмет көрсетуді жасамауы мүмкін.



3 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз және есептерді шешіңіз
Адамдардың күнделікті өмірінде теледидар, тоңазытқыш, компьютер, тіс пастасы сияқты тауарлар кең қолданылады.
Оларды шынайы орындалған тауар ретінде қарастырып, өз көзқарасыңызды тұжырымдаңыз.
Нақты тұтынушылардың қажеттіліктерін неғұрлым көбірек қанағаттарын тауарлардың сиаттамасын құрыңыз.


4 тапсырма. Әр түрлі негізде жасалған брэндтерге келтірілген мысалдар тізімін жалғастырыңыз:
а) ауызша тауарлық белгі түрінде, брэндке айналған кәсіпорын иесінің ата тегі - «Смирнов» арағы, «Фаберже» зергерлік бұйымдары …
б) тауардың пайда болған жерінің атауы – «Сосновый бор» минералды суы, «Жигулевское» сырасы…


5 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз
Шығарылатын тауарлардың өмірлік циклі бір-бірін жапқанда ғана кәсіпорын дамуы толық қамтамасыз етіледі.
Бұл нені білдіреді?


6 тапсырма. Келесi тауарлар үшiн қаптама варианттарын жасаңыз (қаптаманың формасын, қандай материалдан орындалатынын, оның фактурасы мен түсін, тауарды пайдалану ыңғайлы болуы үшін функционалдық құрал-саймандарды пайдалану, тауардың таңбалануы және оның қаптамада орналасуы):

  1. Жас әрі өзіне сенімді әйелдерге арналған иіс су;

  2. Ер адамдарға арналған зергерлік бұйымдар;

  3. Балаларға арналған шоколадты драже;

  4. Балалар конструкторы;

  5. Кестелеуге арналған жiптер жиыны.

Қаптамалардың қандай сипаттамасы оның алдына қойылған мәселелерді шешуге көмектеседi?


7 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз
Сiз терезелiк рамалар шығаратын фирмаға қандай тауарлық белгіні ұсынар едiңiз? Фирма қызметiнің бағыттық сәйкестігі, есте қалатындығы, оңайлығы, бейнелілігі, өзгешелігі жағынан өз ойыңызды талдаңыз.


8 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз
Төменде аталған тауарлар (қызметтер) қазіргі кезде өмірлік циклдің қандай кезеңiн өтуде:

  1. роликтi тақтай («скейт-боард»);

  2. «Кока-кола» салқындатқыш сусыны;

  3. жеке серуен яхталары;

  4. кiлем жамылғыларын химиялық тазалау бойынша қызмет;

  5. аудио компакт-дискілер;

  6. минералды су…

Ұсынылған тiзiмдi өз мысалдарыңызбен толықтырыңыз. Жауаптарды кестеге ресiмдеңiз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет