Маркетинг



бет41/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99
6.2 Бақылау сұрақтары



  1. Маркетингтегі тауар деген не? Тауардың қандай деңгейлерін бөліп көрсетуге болады?

  2. Тауарды қандай белгілері бойынша жіктейді?

  3. Тауарлық белгіге қандай талаптар қойылады? Тауарды қаптау қандай функцияларды атқарады?

  4. ТӨЦ деген не және оны ұзартудың қандай тәсілдері белгілі?

  5. Тауарға сервистік қызмет көрсету деген не?



6.3 Тест сұрақтары

1. Күнделікті сұраныс тауарлары сипатталады


A) арнайы дүкендер желісі бойынша таралу;
B) сатушымен қосымша кеңесіне мұқтаждықтың жоқтығы;
C) жоғары бағамен сатылу;
D) тек жеке категориядағы сатып алушыларға таратылу;
Е) бутиктер арқылы таратылу.
2. «Тауар деңгейі» түсінігі
A) тауардың бірнеше орамының болуы;
B) тауар сипатталатын позициялар;
C) тауар сорты, оның сапасы;
D) тауарлық белгінің болуы;
E) делдалдар саны.
3. Тауарлық марка арналған
A) тауарға жетпей тұрған сапаның орнын толтыру;
B) тауарға жоғары бағаны тұтынушыға негіздеу үшін;
C) нарықтағы ұқсас тауарларды дифференциалдау үшін ;
D) жетпей тұрған сапаның орнын толтыру және тауарға жоғары баға негіздеу үшін;
E) өндірісті басқару үшін.
4. Сервисті жүзеге асыру байланысты
A) тауарды бекітумен;
B) тауардың жоғары бағасына;
C) тауардың төмен бағасына;
D) тауардың жоғары емес бағасына;
E) дұрыс жауабы жоқ.
5. Тауарларға арнайы сервис керек
A) тек инвестициялық тағайындау үшін;
B) тек тұтынушылық тағайындау үшін;
C) тек техникалық қиын тауарлар үшін;
D) күнделікті сұраныс үшін;
E) дұрыс жауабы жоқ.
6. «Мary Kay» фирмасының ерін далабы
A) бекіткішті тауар;
B) ойластырылған тауар;
C) шынайы тауар;
D) бекіткішсіз тауар;
E) шынайы емес тауар.
7. «Арарат» маркалық конъягы
A) күнделікті сұраныс тауары;
B) таңдалған тауар;
С) беделді тауар;
D) пассивті сұраныстағы тауар;
E) кең сұраныстағы тауар.
8. Сіз ем ретінде минералды суды қолдандыңыз делік. Мұндай жағдайда сізге қолдану керек
A) тетрапактағы суды;
B) шыны бөтелкедегі суды;
C) пластмассты бөтелкедегі суды;
D) темір бөтелкедегі суды;
E) темірпластмассты бөтелкедегі суды.
9. Тауар этикеткасында штрих-код көрсетілген: 4/7/5/0/0/2/7/2/2/0/3/0/6/. Штрих-кодтың алғашқы үш саны анықтайды
A) ассортиментті орнығу коды;
B) ассортиментті топтағы код;
C) кәсіпорын коды;
D) мемлекет коды;
E) бақылау саны.
10. Пассивті сұраныстағы тауарларға жатады
A) көліктер, құрал-жабдықтар, ғимараттар;
B) мұндай тауарлар жоқ;
C) нан, сүт, шай;
D) тұтынушы мұндай тауарды біледі, бірақ сатып алу жөнінде ойланбайды;
E) материалдар және комплекттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет