2 тапсырма. Төменде негізгі терминдер және олардың жеке анықтамалары берілген. Терминдердің қайсысы қай анықтамаға қатысты екенін көрсету керек Баға орнату кәсіпорынның баға саясатының құрамды бөлігі болып табылмайды.
Баға саясатын жүргізу арқылы кәсіпорын бәсекелестермен бағаның өзгеруін уақытылы қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын баға саясатын жүзеге асырғанда, маркетинг жүргізу деңгейін есепке алмауы керек.
Басқа да бірыңғай шарттар негізінде тауарды жоғары бағамен сатуға қарағанда, төмен бағамен сатқанда тауар әлдеқайда көбірек өтеді.
Нанға сұранысты негізінен икемді деп санауға болады.
Телевизорларға сұранысты икемсіз деп санауға болады.
Ұсыныс өзгермей, сұраныстың өсу жағдайы бағаның өсуіне әкеледі.
Таза бәсекелестік нарығында баға саясатының рөлі минималды болып келеді.
Егер барлық кәсіпорындар салалары берілген тауарға бағаны шығын есебі негізінде белгілеу әдісін қолданатын болса, онда олардың бағалары шамамен бірдей және де ол бағалық бәсекелестікті төмендетеді.
Әдетте, нарыққа тауарды енгізу кезеңінде жеңілдіктер жүйесі қолданылады.
Базалық бағаны шығындар негізінде жүргізілетін болса, кәсіпорындар шығындардың тек бір бөлігімен шектелуі мүмкін.
Шығынсыздық нүктесінде бір тауардың бағасы оның өзіндік құнына тең.
Кәсіпорынға әлеуетті тұтынушылардың бағаға әсерлігін айқындағанша, өздерінің шығындарын анықтаған әлдеқайда жеңіл болып келеді.
Станоктарға, қондырғыларға, машиналарға баға орнату кезінде жиірек қабылданатын бағалар әдісі қолданылады.
Аукционды өткізу кезінде оның жүргізушісі тауарлардың минималды сияқты және максималды да алғашқы бағасын белгілеуі мүмкін.
Кинотеатрда билеттің бағасын белгілеу кезінде икемді баға әдісі қолданылады.
Биржалық баға белгілеу тауарға деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына байланысты тұрақты түрде өзгеріп отырады.
Мұнай, болат немесе қағаз нарығында негізгі сатушылар бірдей баға орнатады.
Тендерге қатысатын және тиісті тапсырманы алуға қызығушылық танытқан кәсіпорын, бәсекелестердің қайсысы қатысатанын және қандай баға ұсыныстарымен келісім шартты жасауға құқығы бар екенін біледі.
Тиісті үстеме баға және шығындар негізінде белгіленген көпшілік көтерме және бөлшек бағалар саудада базалық баға формасында болады.
Компьютерлер жасап шығаратын кәсіпорындар, әдетте, жаңа компьютерлерге бағаны белгілеуде нарыққа кіру әдісін қолданады.
Пакеттік баға орнатуда жинаққа кіретін тауарлар бағасы комплектіге кіретін тауарлар бағасының сомасынан жоғары деңгейде орнатылуы керек.
«Кодак» фирмасы өзі шығаратын фотоаппараттарға төмен баға белгілейді және фотопленканы оның міндетті құралы деп есепке алып, сәйкесінше оған жоғары баға белгілейді.
Әдетте, жоғары сапалы француз шараптары мен конъяктарына жоғары баға белгіленеді.
Стандартты бағалар орнатып, сатушы шығындары көбейтсе де, оны өзгеріссіз қалдыруға тырысады.
Сатушы сандық жеңілдіктер қолдану арқылы тұтынушыны өзімен ғана сауда жасауға қызықтырады.
Келісім шарттық баға тауардың сатушыдан сатып алушыға ауысу шығындарын ескермейді.
Келісім шарттық баға келісім шартты орындау барысында базалық және келісілген бағаны қайта қарау жолымен белгілеуі мүмкін.
Лизинг берушімен жалға берілген тауар оның қалдық құны бойынша төленгеннен кейін оны алушының жеке меншігі болып саналады.
3 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз және есептің шешімін табыңыз Көпке танымал «швед столына» ұқсас «Печки-лавочки» мейрамханасы белгіленген баға бойынша 20-дан астам әртүрлі салаттар мен салқын шайнамаларды ұсынады. Бұл салаттар мен шайнамалар зал ортасында ескі арбаға қойылған және әрбір қалаушы өзінің тәрелкесімен жақындап нені және қаншалықты алғысы келсе ала алады. Бірақ ол арбаға бір-ақ рет жақындай алады.
Қалай ойлайсыз, осындай баға саясатын жүргізу арқылы «Печки-лавочки» мейрамханасы өзінің пайдасын үлкейтті ме, әлде жоқ па? Сіздің көзқарасыныз бойынша, «Печки-лавочки» мейрамханасының осындай баға саясаты немен негізделген?
4 тапсырма . Есептің шешімін табыңыз Сауда фирмасы тауардың данасын 250 мың теңгеден сатып алып және осы тауарды аптасына орта есеппен 300 данасын 300 мың теңгеден сатады. Егер фирма бір аптаға бағаны 10% төмендетуге келіссе, онда фирма өзінің жалпы пайдасын сақтап қалу үшін осы аптада неше дана бұйым сату керек?
5 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз Кестеде кәсіпорынның жалпы шығындарының шығарылған өнімдерге тәуелділігі көрсетілген. Тұрақты, айнымалы және шекті шығындарды есептеңіз.