Маркетинг



бет49/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

7.4 Тәжірибелік жаттығулар


1 тапсырма. Төменде негізгі терминдер және олардың жеке анықтамалары берілген. Терминдердің қайсысы қай анықтамаға қатысты екенін көрсету керек

А. Тауар номенклатурасы

К. Жаңа тауар

Б. Тауар ассортименті

Л. Тауардың бәсекеқабілеттігі

В. Тауар ассортиментінің кеңдігі

М. Тауардың сапасы

Г. Ассотиментті топтардың тереңдігі

Н. Ассортиментті позиция

Д. Тауар ассортиментінің үйлесімдігі

О. Ассортиментті топ

И. Тауар ассортиментінің толықтығы







  1. Кәсіпорындармен шығарылған тауарлар, сонымен қатар жетілдірілген тауарлар және шығарылған тауарлық маркалар, оларды тұтынушылар әбден жаңа немесе бірегей қасиеттері бар тауарлар деп қабылдайды... .

  2. Тауардың тұтынушыларға бәсекелес ұқсас тауарлармен салыстырғанда ұнамдырақ болу қасиеті сипатталады ... .

  3. Кәсіпорынмен өндірілетін барлық тауарлар мен қызметтер жиынтығы анықтайды... .

  4. Кәсіпорынмен жасалынатын тауарлардың ассортиментті тобының саны анықтайды … .

  5. Тұтынушылар көзқарасынан немесе басқа да көрсеткіштерден әртүрлі ассортиментті топтар тауарларының жақындық дәрежесі сипаттайды ...

  6. Кәсіпорынмен шығарылатын барлық тауарлардың ассортиментті топтар жиынтығы анықтайды ... .

  7. Берілген тауардың ассортиментті тобында ассортиментті позициялар саны анықтайды... .

  8. Барлық ассортиментті топтардағы ассортиментті позициялар саны анықтайды... .

  9. Өздерінің тұтынушылық сипаттамасына ұқсас немесе сәйкес келетін қажеттілікті қанағаттандыруға арналған тауарлардың жеке топтарын былай атау негізделген ... .

  10. Әрбір ассортиметті топ жеке маркалардан, модельдерден және басқа да өзге түрлі тауарлардан тұралы, олар аталады... .

  11. Берілген тауарды сипаттайтын және тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын көрсеткіштер жиынтығы анықтайды ... .



2 тапсырма. Төменде айтылған пікірлер дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз, егер пікір дұрыс болса «ия», қате болса «жоқ» деп жауап беріңіз

  1. Нарықта жаңа тауарлардың сәтсіздікке ұшырауының негізгі себептерінің бірі тауардың дұрыс позицияланбауы болып табылады.

  2. Біреудің идеясын бейресми түрде ала тұруға болады, сонымен бірге ақпаратты таратудың заңды жолдарын қолдануды ұмытпау және заңды, қорғалған патентті, тауарлық белгіні және интеллектуалды жеке меншікті бұзбауды қолдану керек.

  3. Алдымен жаңа тауардың нақты үлгісі дайындалады, содан кейін мүмкін сауданың талдауы мен экономикалық талдауы жүргізіледі.

  4. Жаңа тауарларды өндірістік немесе коммерциялық игеруді қамтамасыз ету арқылы кәсіпорын байқалмалы маркетинг жүргізеді.

  5. Абсолюттік бәсекеқабілеттілік немесе бәсекеқабілетсіздік жоқ және болуы мүмкін емес: бұл екі түсінік нарық пен уақытқа, сонымен қатар нарыққа әсер ететін басқа да әртүрлі факторларға байланысты.

  6. Көптеген тауарлардың тұтыну бағасы сатылу бағасынан әлдеқайда жоғарырақ.

  7. Кәсіпорынның ұтымды тауар номенклатурасы әртүрлі өмірлік цикл кезеңіндегі тауарлардан тұрады.



3 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз және есептің шешімін көрсетіңіз
«Керамин» кәсіпорыны Еуропада керамикалық бұйымдарды және құрылыс материалдарын өндіру бойынша ірі кәсіпорынның бірі болып табылады. Кәсіпорын мыналарды шығарады:

  • қабырғалардың ішкі қаптауына арналған керамикалық плиткалар -152 түрлі;

  • еденге арналған керамикалық плиткалар - 64 түрлі;

  • «Грес» еден плиткалары - 4 түрлі;

  • фризовалы плиткалар - 50 түрлі;

  • санитарлы керамикалық бұйымдар - 147 түрлі;

  • керамикалық кирпич - 6 түрлі;

  • каминдерге арналған үлгілер жиынтығы - 28 түрлі;

  • декоративті бұйымдар - 8 түрлі.

Тауарлы ассортименттің кеңдігін, оның түпкілігін, қанықтырушылығын, сонымен бірге «Керамин» кәсіпорынының тауар ассортименті тұтынушылардың көзқарасынан және басқа факторларды қосқанда қаншалықты үйлесімді екенін анықтаныз.


4 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз
Тұтынушыға шоколад, телевизор, компьютер, күзен ішігін, автомобиль, картоп сатып алуда сапасының қандай көрсеткіштері маңыздырақ?


5 тапсырма. Мынандай маңдайша жазуы бар дүкендерде сатылатын тауар номенклатурасын құрастырыңыз:

  1. «Чай – кофе»;

  2. «Парижанка»;

  3. «Черный кот»;

  4. «Пятачок».

Әрбір дүкенде ассортимент топтары ұсынылады және сіз ұсынған ассортимент пен номенклатура қандай сипаттамаларға ие?


6 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз
Тұтынушыларға екі тауардың қайсысы ұнамдырақ екенін берілгендердің негізінде анықтаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет