Маркетинг



бет50/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

Тауарлардың сипаттамасы

Тауар № 1

Тауар № 2

Сатып алу бағасы, мың. ш.б.

20

25

Қызмет ету мерзімі, жыл

10

10

Жыл сайынғы қызмет көрсету құны, бағадан %

5

2



7 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз
Кестеде берілгендерге қарап, тұтынушыға екі тауардың қайсысы ұнамдырақ екенін анықтаңыз.



Тауарлардың сипаттамасы

Тауар № 1

Тауар № 2

Бөлшек баға, мың. ш.б.

15

25

Қызмет ету мерзімі, жыл

12

10

Кепілдік қызмет көрсету мерзімі, жыл

2

1

Жыл сайынғы қызмет көрсету құны, мың. ш.б.

2

0,1



8 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз
Аталған тауарлардың қайсысы субстит – тауарлар болып табылады:

  1. Кроссовкалар және футболкалар;

  2. кітаптар мен дәптерлер;

  3. оттықтар мен шақпақтар;

  4. ас үй комбайыны мен кір жуғыш машиналар.



9 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз
Маркетинг бойынша менеджер бар идея варианттарының санынан бір жаңа тауар идеясын таңдап алу керек. Ол баллдық баға әдісін қолдануды ұйғарды (10 балл – максималды баға). Тестілеу барысында оның берілгендері келесі кестеде көрсетілген:



Критерийлер

Өлшеуіш коэффициенті

Идеялар

1

2

3

4

Нарықтың даму перспективасы
















Өндірістік мүмкіншіліктер
















НИОКР
















Бәсекелестік жағдай
















Компания имиджі
















Менеджер қандай идеяны таңдап алады?


7.5 Жеке үй тапсырмасы



  1. Жаңа тауардың жіктелу типтері бойынша 2-3 мысал келтір, және оларды Интернет жүйесінен немесе газет, журналдардан алынған қиындылармен бекіт (жаңа қолданылу аясындағы нарықтық жаңа тауар және т.б.).




  1. Қазақстандық нарықтағы өндіріс пен мына келесі тауарларды сататын бәсекелестердің стратегиялық топтарын көрсетіңіз:

- кондитерлік өнімдер;
- салқындатқыш сусындар;
- жиһаз.






8 Тақырып
МАРКЕТИНГТЕГІ БАҒАЛЫҚ САЯСАТ







Бағаны орнату кезінде тек құнды және
шығындарды ғана емес, сонымен қатар
ұятты да ескеру керек.
А. Пьерс


8.1 Жалпы теориялық ұғымдар


Оқудың мақсаты
1Баға бойынша маркетингтік шешімдер туралы ұғымдарды қалыптастыру.
2 Фирманың бағалық саясаты аумағындағы білімдерін бекіту және баға
бойынша маркетингтік шешімдерді қабылдай білуді үйрену.


Сұрақтар
1 Маркетинг кешеніндегі баға саясатының рөлі.
2 Баға орнату әдістері.
3 Бағалық стратегиялар.


1 Маркетинг кешеніндегі баға саясатының рөлі
Маркетинг кешеніндегі баға саясаты маңызды орын алады.
Маркетингтегі баға саясаты- бұл белгіленген нарық үлесін иеленуге, есептік табысты алуға, сонымен қатар басқа стратегиялық және оперативті есептерді шешуге мүмкіндік беретін нарықтық жағдайға тәуелді бағаларды және оларды маневрлеу әдістерін орнату.
Баға саясатының мақсаты: табысты максималдау, экономикалық өсім, потенциалды бәсекелестіктің қаупін болдырмау, тауарлардың және фирманың имиджін жоғарылату, т.с.с.
Ең тар мағынада, баға- бұл өнім немесе қызмет үшін сұралатын ақша көлемі. Кең мағынада – бұл тұтынушы тауар немесе қызметті иелену немесе тұтыну құқығына айырбастайтын құндылықтардың сомасы.
Баға – кіріске жататын маркетинг кешенінің жалғыз элементі, басқалары шығысқа жатады, сонымен қатар ең иілгіш элементтердің бірі.
Бағаның қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді.
Сыртқы факторларға сатып алушылық сұраныстың сипаты мен деңгейі, олардың ықыласы және сәйкес тауарды сатып алу мүмкіншіліктері, бәсекелестердің бағалары, ТӨЦ сатысы, және де баға орнатуды маркетингтік реттеу жүйесінің ерекшеліктері, салық салу жүйесінің сипаты, елдегі және берілген нарықтағы инфляцияның деңгейі т.б. жатады.
Ішкі баға орнатушы факторларға фирманың маркетингтік және бағалық мақсаты мен стратегиялары, оның өндірістік және айналым шығындары т.б. жатады.
Тұтынушылар жоғары сапалы тауарларды жоғары бағалармен де сатып алады. Бағалық бәсекелестік бәсекелестіктің бағалық емес формаларына орын беруде: сапаның, қызмет көрсету жүйелерінің, жеткізіп беру мерзімдерінің, тауар маркаларының т.б. бәсекелестігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет