Маркетинг



бет71/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

10.5 Жеке үй тапсырмасы

1. Келесі тауарларды өткізуді ынталандыру шаралары бойынша жетілдіріңдер:



  • Шырша бұйымдары;

  • Компьютерлік ойындар;

  • Ерлерге арналған галстуктер;

  • Алтын сағаттар.

2.Тұтынушы ретінде өзінізге жақсы танымал және сол тауарға қатысты өзіңізді сарапшы деп санайтын бір тауарды атаңыз. Өзіңізге ең маңызды деп саналатын сипаттарды анықтап, оларды тауар жарнамасында көрсетілген сипаттамалармен салыстырыңыз. Жарнама берушіге қандай кеңес берер едіңіз?





11 Тақырып
МАРКЕТИНГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАРНАМА







Жарнама- ХХ ғасырдың ұлы өнері.
Маршалл Маклюэн
11.1 Жалпы теориялық ұғымдар


Оқудың мақсаты
1 Жарнамалық шараларды жүзеге асыру үрдісі мен маңызын оқу.
2 Фирманың жарнамалық қызметі аумағындағы білімдерін бекіту және
жарнама аясындағы маркетингтік шешімдерді қабылдай білуді үйрену.


Сұрақтар
1 Жарнаманың түсінігі мен функциялары.
2 Жарнаманы тарату түрлері және құралдары.
3 Жарнамалық компанияның түсінігі мен кезеңдері.
4 Жарнамалық агенттіктердің типтері мен функциялары.


1 Жарнаманың түсінігі мен функциялары
Жарнама мен оның түрлері коммуникациялық саясатта ерекше орын алады. Маркетингтік қызметте ол ең күрделі және қиын жүзеге асырылатын есепті сұранысты қалыптастыру және ынталандыруды шешуге арналады.
Жарнама – бұл тауар немесе фирма туралы сендіретін ақпарат құралы, активті және потенциалды сатып алушыны сатып алуға дайындайтын, тауардың және фирма қызметінің жетістіктерінің тұтынушылық қасиеттерін коммерциялық насихаттау.
Маркетингтің классикалық теориясында тауарды нарыққа жылжыту жүйесінде маңызды рөлді жарнама ойнайды, қысқартылған, көркемделіп, өрнектелген түрде болашақ сатып алушылардың назары мен түйсігіне тауарлар мен қызметтер жайлы ең басты және маңызды мәселелерді жеткізуге болады.
«Жарнама» деген сөздің мәні әлі күнге дейін талдану үстінде. У.Уэлс, Дж.Бернетт, С.Мориартидің пікірлері бойынша жарнама (advertisement) шамамен 1655 ж., пайда болған, бірақ ол Библияда ескерту мен хабарламалардың мәнін білдірген. Ф.Панкратов, Т.Серегина латынның «reclamere» деген сөзінен шыққан деп есептейді, ол аударғанда қатты айқайлау немесе хабарлау деген сөзді білдіреді, Ежелгі Грекияда және Римде жарнамаларды халықтың көп жиналған жерінде айқайлап хабарлайтын болған.
Жарнама - бұл қарапайым төленетін және тауарлар мен қызметтер немесе әртүрлі тасымалдаушылар арқылы атақты жарнама берушілердің идеялары туралы қарапайым сипаты бар ақпаратты беру болып табылады. Жарнама туралы негізгі ұғым — ол маркетингтің маңызды элементі, маркетинг аясы дамыған елдерде экономиканың барлық салаларын қамтуға негізделген, сонымен қатар фирманың маркетингтік қызметінің кез-келген кезеңі жарнамалық қызметпен тікелей және жанама түрде байланысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет