Маркетинг



бет65/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

3 Өткізуді ынталандыру
Өткізуді ынталандыру сатып алушының тауарға жақындауына бағытталған жарнамаға қарағанда, керісінше, тауарды тұтынушыға жақындатады. Сондықтан өткізуді ынталандыру шараларынан тауарлық қайтарылым тездеу. Бірақ олар жарнамадан гөрі потенциалды тұтынушылардың аз санын қамтиды.
Өткізуді ынталандыру бағдарламасын әзірлегенде, екі басты сұрақты белгілейді – кімді ынталандыру қажет және қандай тәсілдермен осыны істеу керек.
Ынталандыру әсерлерінің субъектілері болып сатып алушылар (тұтынушылар), іскерлік партнерлар және сауда персоналы табылады.
Ынталандырушы күш салулар субъектісімен сәйкес ынталандыру тәсілдері таңдалады.
Сатып алушылар үшін сыйлықтармен жарыстар, ұтылыссыз лотереялар, сату орындарындағы тауарды демонстрациялау ұйымдастырылады; есепті талондар, түрлі жеңілдіктер, сыйақылар, тауардың үлгілері, купондар, ерекше әзірленген қаптама т.с.с. ұсынылады.
Іскерлік партнерларды әдетте іскерлік кездесулер, көбінесе салалық сипатта болатын мамандандырылған көрмелердің уақытында бірлесіп қызмет етуге ынталандырады.
Сауда персоналдарын белгілі бір уақыт интервалына тауардың әрбір бірлігіне жеңілдіктермен, сатып алу көлеміне немесе белгілі бір тауар маркасын сатып алғандағы жеңілдіктермен, сатылған тауарлардың көлемі үшін сыйақылармен, біраз жоғары бағамен сатқаны үшін сыйлықтармен т.б. ынталандырады.
4 Жеке сату
Персоналды (жеке немесе тікелей) сатулар – бұл тауарды тікелей сатып алушыға сату. Персоналды сатулар, ең біріншіден, коммивояжерлердің және сауда агенттерінің әрбір жеке тұтынушымен дара жұмысын, жарнамалық материалдардың тікелей таратылуын, нақты пайдалану жағдайларында тауарды демонстрациялауды, сатушы мен сатып алушы арасындағы тура диалогтық мүмкіндігін және тауарларды сатып алу – сату бойынша ұзақ мерзімді қатынастарды орнатуды көздейді.
Жеке сатуды жүзеге асыру үшін екі негізгі әдісті қолданады: белгіленген тауардың мүмкін тұтынушыларының барлық тобына біртектілікті және қызығушылықты көздейтін алдын-ала дайындалған өткізу концепциясы бойынша және әрбір жеке тұтынушының персоналды қажеттіліктерін қанағаттандыратын және есепке алатын біраз кең таралған сапалық әдісі.
Маркетологтар тікелей сату бойынша жұмыс істейтін сатушылар, өзінің кәсіби және әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары бойынша потенциалды сатып алушылардың талап ететін бейнесіне және сатылатын тауарларға сәйкес болуын ұсынады.
Тікелей сатулар мен тікелей маркетингке сонымен қатар каталогтар бойынша сатулар, пошта арқылы жіберу саудасы, және «теледүкендердің» хабарландырулары арқылы сауда кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет