2 Жарнаманы тарату түрлері және құралдары Жарнаманың бірнеше түрі бар: тауарлық, престиждік (фирмалық), тікелей және жанама, ақпараттық және агрессивтік, біртекті және біртекті емес, кіріс, ішкікорпоративтік, сондай-ақ адал емес жарнама.
Жарнаманы таратудың құралдары – мақсатты аудиторияларға дейін жарнамалық хабарламаларды жеткізетін және өндіріске қызмет көрсететін сыртқы жарнамалық құрал, баспасөз, полиграфия, басылым, визуалдық және вербалды емес құралдар (ТВ, радио, Интернет).
Жарнама таратылуының арналары: - тікелей жеке (жеке жарнамалық жұмыс, почта, телефон, факс бойынша);
- жеке емес(прессадағы жарнама, баспадағы жарнама, экрандық жарнама, теледидарлық жарнама, ТВ-маркетинг (электронды маркетинг), радио жарнама, сыртқы жарнама, көліктегі жарнама, тауарларды сату орындағы жарнамалар).
3 Жарнамалық компанияның түсінігі мен кезеңдері Жарнамалық компанияны жоспарлау келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
Жарнама объектісі және активті және пассивті сатып алушыларға тауар туралы айтуға қажетті ақпараттың мазмұны анықталады.
Жарнама субъектісі таңдалады.
Жарнама мекен жайы орнатылады.
Жарнама себебі анықталады.
Жарнама құралдарының түрлері таңдалады және олардың оптималды жиынтығы мен қатынасы анықталады.
Мерчендайзинг – бөлшек сауда нәтижелігін арттыру және қолдау, бақылау бойынша жарнамалық қызмет түрлерінің бірі.
4 Жарнамалық агенттіктердің типтері мен функциялары Жарнамалық агенттік мамандандырылған келесі функцияларды атқаратын тәуелсіз фирма болып табылады: - жарнамалық зерттеулерді жүргізу;
- жарнамалық қызметтің жоспарын әзірлеу;
- жарнамалық компанияларды әзірлеу және жүргізу, соның ішінде жарнамалық айналымдарды даярлау;
- жарнама тасушылардың өндірісі;
- жарнамаларды орналастыру және т.б.
Жарнамалық агенттік бәрін өз клиенттері – жарнама берушілер атынан және солардың есебінен істейді. Агенттіктің жарнама берушілердің алдында қаржылық, заңды және моральдық - этикалық міндеттемелері бар. Жарнамалық агенттіктерді шартты түрде қызметтердің толық циклы агенттігі және маманданған қызметтерді ұсынатын агенттіктерге бөліп көрсетуге болады.
Бірінші топқа жарнамалық өнімдерді өндіру, зерттеулер, жоспарлауды жүзеге асыратын сонымен қатар жарнамалық емес сипаттағы қызметтерді ұсынатын: паблик рилейшнз шараларын әзірлейтін және жүргізетін, қораптауды әзірлейтін және т.б. жарнамалық агенттіктер жатады.
Екінші тобы. Соңғы жылдары жарнамалық тәжірибеде агенттіктердің мамандануына үлкен тенденция жасалынып жатыр. Нәтижесінде жарнамаларды газеттерде (кейде тіпті толық тізімдері де беріледі) немесе белгілі бір телеарналарда орналастыратын агенттіктер пайда болады. Кейбір агенттіктер жарнамалық өнімнің нақты түріне маманданады (мысалы, биік үйлердің үстеріне орналастырылатын жарнамалар, ауада шарларда орналастырылатын жарнамалар және басқа да аэроконструкцияларда орналастырылатын жарнамалар). Сонымен қатар жарнамалық шиттерді даярлайтын көркем шығармашылық шеберханалар және т.б.
Мамандану жекелеген жұмыс түрлері бойынша мамандандырылған агенттіктердің жұмыстарын орындау сапасын жоғарылатқанмен, бұл жұмыстардың әрқашан маркетингтік әзірлемелерден өте бермейтінін атап өткен жөн. Маркетигтік зерттеулер барысында алынған тұтынушы, нарық және т.б. жайлы толық және объективті ақпараттың болмауынан, мамандардың немқұрайлы қарауы салдарынан жарнаманың жоғары деңгейде тиімді болмай жатқанын көрмеу мүмкін емес.
Ірі жарнамалық агенттіктердің негізгі бес функционалдық бөлімшелерін бөліп көрсетуге болады:
шығармашылық бөлім;
тапсырыстарды орындау бөлімі;
өндірістік бөлім;
маркетинг бөлімі;
қаржылық-шаруашылық бөлім.
Жарнаманың көптеген түрлері бар: тауарлық, беделді (фирмалық), тікелей және жанама, ақпараттық және агрессивтік, біртекті және біртексіз, первенттік, кіргізуші, ішкікорпоративтік, және адал емес жарнама.