Маркетинг



бет88/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   99
13.5 Жеке үй жұмысы

Әдемдік екі ірі компания «Дженерал Электрик» және «Майкрософт» негізгі қызметінде әртүрлі стратегияларды қолданады. Бұл қандай стратегиялар және олардың нәтижелері қандай?








14 Тақырып
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРКЕТИНГ







Біз стратегияларды әзірлейміз және барлық әлемдік
ресурстарды пайдаланамыз, өнімді шығарамыз және
оны жергілікті нарықтарда және аймақтарда сатамыз...
Жергілікті тұтынушылардың талғамдарына сүйене
отырып, жаңа жетістіктерге қол жеткіземіз.
Г. Баум


14.1 Жалпы теориялық ұғымдар


Оқудың мақсаты
1 Халықаралық маркетингтің ерекшеліктерін оқу.
2 Халықаралық маркетинг аумағындағы білімдерін бекіту.


Сұрақтар
1 Халықаралық маркетингтің концепциялары.
2 Шетел нарығын және маркетингтің сыртқы ортасын талдау.
3 Маркетинг кешенінің ерекшеліктері.


1 Халықаралық маркетингтің концепциялары
Халықаралық маркетинг – бұл шетел мемлекеттерінің нарықтарындағы компанияның маркетингтік қызметі, халықаралық дамудың стратегиясы. Халықаралық маркетинг тек өсімге ғана емес, сонымен қатар фирмалардың өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.
Сыртқы нарыққа шығуының негізгі факторлары: экспорт, тікелей инвестициялау, бірлескен кәсіпорынды құру, франчайзинг, лицензиялау, шетелде компанияның филиалдарын құру, ноу-хау.
Халықаралық маркетингтік қызметте маркетингтің принциптері мен функциялары сақталады, бірақ оларда халықаралық сауданың ережелерін ескергендегі шетел нарықтарының ұлттық, мәдени және басқа сипаттамаларындағы ерекшеліктерімен байланысты және халықаралық маркетингтіктің түрлі концепцияларына сәйкес келетін ерекшеліктері бар.
Халықаралық маркетинг ауқымды және мультиұлттық болуы мүмкін.
Егер мақсаттық нарықты таңдау кезінде компания бөлек шетел нарықтарының сипаттамаларының ұқсастықтарына сүйенетін болса, онда ол ауқымды маркетинг концепциясын таңдайды. Осы жағдайда маркетингтің стандартталған кешені әзірленеді. Мультиұлттық концепция әрбір нарықтың ерекшеліктеріне негізделген, осымен байланысты әрбір нарықтың шарттарына маркетингтік кешенінің бейімділігі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет