Маркетинг



бет10/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

Маркетинг кешені

Маркетинг кешені (marketing mix) – нарыққа тәжірибе жүзінде әсер ету шараларының немесе нарықтағы жағдайға фирма іс-әрекетінің жабдықталуын, сонымен қатар оның өзгеруіне өз уақытындағы және икемді шаралар қолдануының жиынтығы. Оны құрастырудың басты мақсаты – фирманың тұрақты бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ету, тұрақты нарықтық позицияларды басып алу.
Маркетинг кешенін құрастырушы («4Р»)
1.Тауарлы саясат (product)
2.Бағалық немесе келісімдік саясат (price)
3.Өткізу немесе дистрибьютерлік саясат (plase)
4.Коммуникациялық саясат (promotion)
Қазіргі уақытта «4Р» моделі шектелген деп саналады, сондықтан маркетинг-микс құрылымына қосымша элементтерді қосу сұрағы қарастырылады, мысалы, адамдарды – people («5Р»), public relations және politics («6Р»).
Маркетинг кешенінің құрамдас бөліктерін олардың маңыздылығы бойынша жіктеу қиын, өйткені қойылған мақсаттарға жету тек қана олардың барлығының тиімділік шартында мүмкін.



    1. Маркетингтің түрлері мен типтері

Маркетинг өмір сүрудің әртүрлі аумақтары мен кеңістіктерінде қолданылады, сондықтан да оның бірнеше түрі мен типтерін жіктелу белгілеріне байланысты бөлуге болады.
Қолданылу аумағы бойынша

  • халық тұтынатын тауарлар маркетингі;

  • өндірістік мақсаттағы тауарлар маркетингі;

  • қызметтер маркетингі.

Пайданы алу сипаты бойынша

  • коммерциялық маркетинг;

  • коммерциялық емес маркетинг.

Кезеңдер бойынша

  • тактикалық маркетинг;

  • старегиялық маркетинг.

Сұраныс жағдайы бойынша
Тәжірибеде маркетингтің түрлерін нарықтағы сұраныс жағдайына байланысты түрге жіктеу кең тараған (2 кестені қараңыз).

2 Кесте
Маркетинг және сұраныс түрлері





Сұраныс түрі

Сұраныс сипаты

Келтірітетін мысалдар

Маркетинг түрі

Маркетинг мақсаты

1

2

3

4

5

Жағымсыз

Тұтынушылардың басым бөлігі тауарды бағаламайды, кейбір жағдайда одан қашуға тырысады

Кейбір медициналық қызметтер (егулер, стоматологиялық қызметтер)

Конверсион
дық

Қатыспайды

Тауарға қызықпау, оған деген немқұрайлылық

Кейбір пәндерді оқу, өндіріске әзірлемелерді енгізу

Ынталанды
рушы

Тауарды пайдаланудың артықшылығын түсіндіру

Көрінбейтін
(потенциалды)

Мұқтаждықтар нарықта бар тауарлармен ғана қанағаттанып қоймайды

Экологиялық таза өнімдер және автокөліктер, зиянсыз темекілер

Дамушы

  • Әлеуеттік сұранысты анықтау

  • Сәйкес келетін тауарлар мен қызметтерді құрастыру

Түсетін

Тұтынушылар тарапынан қызығушылықтың төмендеуі және сату көлемінің қысқаруы

Автокөліктердің ескірген үлгілері, аяқ киімдер, киімдер

Ремаркетинг

    • Сұраныстың төмендеу себебін талдау

    • Жаңа нарықты іздеу

    • Тауардың модернизациясы

    • Жарнамадағы өзгеріс

Ретсіз

Сұраныстың уақытша ауытқуы

Еңбек демалысы кезінде курорттар мен демалыс базаларына бару, қоғамдық автокөліктердегі жүктеме

Синхро
маркетинг

    • Икемді баға орнату

    • Тауар сапасын қолдау

    • Тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеу

Толықтай

Ұсыныс сұранысты қанағаттандырады, тауарайналымы тұрақты

Бірінші қажеттіліктегі тауарлар (кейбір тамақ өнімдері және жеке тазалық заттары)

Қолдайтын

    • Тауардың сапасын көтеру

    • Тұтынушылардың талғамын жоғарылату

Нарықтық қатынастар жағдайында маркетингті пайдалану өте қажет болып табылады, себебі ол кәсіпорындарға тұтынушыға бағытталған қызметтердің тиімді құралдары мен жолдарын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет