Маркетинг



бет9/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

Маркетинг концепциялары

Маркетинг концепциясы – бұл басқару философиясы, ол тауар өндірушілерге тұтынушылардың қажеттіліктерін іскерлік белсенділік саласының, нарықтың, тұтынушылардың мақсатты топтарының, басты стратегиялық мақсаттардың ұзақ мерзімді және икемді анықтамасына назарын аудару арқылы, қанағаттандыру жолымен табыс алуға көмектеседі.
Маркетинг және кәсіпкерлік саласындағы әлемдік ғылым және тәжірибе маркетинг даму сатыларындағы келесі концепцияларды негіздеген және ерекшелеуге ұсынған (1 кестені қараңыз).



  1. Маркетингтің функциялары мен принциптері

Маркетинг функциясының фирманың басқа функцияларынан басты айырмашылығы – маркетинг функциясы фирма мен оның тұтынушылары, клиенттері арасында айырбас процесін ұйымдастыру және жүзеге асыруға бағытталған.
Маркетинг функциялары:
Аналитикалық функция (нарықты, тұтынушыларды, фирмалық және тауарлық құрылымды, кәсіпорынның ішкі өрісін және т.с.с.)
Өндірістік функция (жаңа тауарларды өндіруді ұйымдастыру, дайын өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін және т.с.с. басқару)
Өткізушілік немесе сатулар функциясы (қызметтің, тауар қозғалысының жүйесін, ФОССТИС жүйесін және т.с.с. ұйымдастыру)
Басқару және бақылау функциясы (жоспарлауды, ақпараттық қамтылуды, коммуникация жүйелерін, маркетинг бақылауын және т.с.с. ұйымдастыру)

Кесте 1
Маркетинг тұжырымдамаларының дамуы



Жылдар

Тұжырымдама

Басты ой

Негізгі
жабдықталу

Басты мақсат

1860-1920

Өндірісті жетілдіру (өндірістік)

Өндіре алатын затты өндіремін

Өзіндік құн, өнімділік

Өндірісті жетілдіру, сатулар өсімі, табысты максималдау

1920-1930

Тауарды жетілдіру (тауарлық)

Сапалы тауарларды өндіру

Тауарлық саясат

Тауардың тұтынушылық қасиеттерін жетілдіру

1930-1950

Коммерциялық шараларды интенсификациялау (өткізушілік)

Өткізу желісін, өткізу салаларын дамыту

Өткізу саясаты

Тауарларды сату және жылжыту бойынша маркетингтік шаралар арқасында тауарларды өткізуді интенсификациялау

1960-1980

Дәстүрлі («таза») маркетинг

Тұтынушы қажет ететін тауарларды өндіремін

Маркетинг кешені, тұтынушыны зерттеу

Мақсатты нарықтардың қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын қанағаттандыру

1980-1995

Әлеуметтік-әдепті (әлеуметтік-бағытталған) маркетинг

Қоғам қызығушылықтарын ескере отырып, тұтынушы қажет ететін тауарларды өндіремін

Маркетинг кешені, өндірілетін тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынудан болған әлеуметтік және экологиялық нәтижелерін зерттеу

Қоршаған ортаны қорғау, энергиялық, материалдық, адам және басқа ресурстарды үнемдеу шартында мақсатты нарықтардың қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын қанағаттандыру

1995 жылдан қазіргі заманға дейін

Арақатынас маркетингі (әріптестік қатынастар)

Тұтынушыларды және бизнес бойынша әріптестерді қанағаттандыра алатын тауарды өндіремін

Координация, интеграция, желілік талдау әдістері, маркетинг кешені

Тұтынушылардың қажеттіліктерін, әріптестердің және мемлекеттің қызығушылықтарын олардың коммерциялық және коммерциялық емес арақатынасының негізінде қанағаттандыру




Құнға бағытталған маркетинг

Тұтынушылар мен акционерлерді қанағаттандыратын тауарды өндіремін

Ақша ағымына дисконтталған маркетингтік кешені

Акционерлік құнның өсімін күшейту нарығында жаңа мүмкіндіктерді алу барысында акционерлердің қызығушылықтарын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру

Маркетинг қағидалары – бұл маркетингтің негізінде жататын және оның мәні мен арналымын ашып көрсететін ең маңызды талаптар, жағдайлар және ережелер. Ол келесі принциптерді ерекшелейді:

  1. тұтынушы қажет ететін тауарды ғана өндіру;

  2. нарыққа тауарлар мен қызметтерді ұсынып шықпай, тұтынушы мәселелерін шешу құралдарымен шығу;

  3. қажеттіліктер мен сұранысты зерттегеннен кейін өндірісті ұйымдастыру;

  4. қойылған мақсаттарға жету үшін бағдарламалық-мақсатты және кешендік жақтарды қолдану;

  5. тауар өндірісінің нарыққа мақсатты бағытталған әсер етуімен қатар нарық талаптарына белсенді жабдықталуының стратегиясы мен тактикасын қолдану;

  6. дәл сол сәттегі нәтижеге емес, ұзақ мерзімді перспективаға бағытталуы және т.б.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет