2 Баға орнатуәдістері Фирма пайдалана алатын бағаны анықтаудың және баға орнату жүйелерін құрудың көптеген әдістері бар.
Баға орнату әдісі- бұл үш тәсілге: шығындар, сұраныс, бәсекелестікке негізделенетін белгілі бір тауарға бастапқы бағаны орнату әдісі.
Әр түрлі ғалымдар баға орнату әдістерінің түрлі классификацияларын береді. Олардың кейбіреулерін келтірейік:
3 Бағалық стратегиялар Маркетинг жоғары немесе төмен бағаларды пайдаланудың қажеттілігін анықтайтын бағалық стратегиялардың бірқатар түрлерін ұсынады. Ең танымал стратегияларға жататындар: «қаймақты қалқып алу» стратегиясы, дифференциалданған бағалар стратегиясы, біріңғай және икемді бағалар стратегиясы, бағалық лидердің стратегиясы, ТӨЦ-дің сатыларымен бағалар деңгейінің сабақтасуының стратегиясы т.б.
Тәжірибеде бағалық стратегиялар өзінің түрлері бойынша жекелей емес, нарықтағы нақты жағдайға және өзінің маркетингтік стратегиялық есептерге тәуелді, бір түрлерінің басқаларға жатқызылуы кезінде аралас (комбинирленген) қолданылады.
Бағаны қалыптастыруға қандай факторлар әсер етеді?
Баға орнатудың қандай тәсілдерін білесіңдер?
Баға орнатудың стратегиясын сипаттаңдар.
8.3 Тесттер
1. Кәсіпорынның баға саясатына кіреді:
A) базистік бағаларды анықтау;
B) лизингтік төлемдер есебі;
C) тауар жеткізілімін ескере отырып бағаны анықтау;
D) баға орнату стратегияларын таңдау;
E) дұрыс жауабы жоқ.
2. Нарықтық жағдайда өндірушілердің баға стратегияларын анықтайтын факторлар- бұл:
A) сұраныстың төлемқабілеттілігі;
B) бизнес міндеттері;
C) нарықтағы бәсекелес жағдайлар;
D) өндіруші шығындары;
E) дұрыс жауабы жоқ.
3. Нарықты реттеуге қолданылуы мүмкін мемлекеттік баға орнатудың экономикалық әдістері- бұл:
A) бағаларды бақылау;
B) салық, дотация және басқа да қосымша төлемдер көмегімен бағаларды жанама өзгерту;
C) өндірушілердің жекешелендірілуі;
D) жеке меншікті мемлекет меншігіне айналдыру;
E) баға дискриминациясы.
4. Өндіруші, әдетте, өз бағаларын көтереді, егер
A) бос өндірістік қуаты болса;
B) барлық тапсырысты орындай алмаса;
C) тапсырыстар көлемін ұлғайтқысы келсе;
D) сұранысты икемді деп санаса;
E) дұрыс жауабы жоқ.
5. «А» тауар бағасының төмендеуіне алып келуі мүмкін фактор, - бұл
A) «А» тауарына сұраныстың азаюы;
B) «А» тауарын тұтынушылардың табыс деңгейінің төмендеуі;
C) «А» тауарын алмастыратын - «В» тауар бағасының өсуі;
D) «А» тауар бағасының өсуін күту;
E) «А» тауарын тұтынушылардың көбеюі.
6. Өткен жыл бойы тауар бағасы сияқты, оның сатылу көлемі де құлдырады. Бұл өзгерістер мынадай факторға негізделді
A) ұсыныстың көбеюі;
B) сұраныстың көбеюі;
C) ұсыныстың азаюы;
D) сұраныстың азаюы;
E) дұрыс жауабы жоқ.
7. Егер сары майдың бағасы тез көтеріліп кетсе, онда тұтынушылар
A) маргаринді көбірек сатып ала бастайды;
B) маргарин алу азаяды;
C) бұрын қанша маргарин алды, сонша алады;
D) байлар соншалықты сары май, ал кедейлер маргаринді көбірек
алады;
E) болжау мүмкін емес.
8. Төменде аталғандардың қайсысы баға орнату мақсатына жатпайды
A) тауар сақталуын қамтамасыз ету;
B) пайданы максимизациялау;
C) нарық бөлігін үлкейту;
D) тұтынушылықтарды қанағаттандыру;
E) дұрыс жауабы жоқ
9. Тауардың ең жоғарғы бағасы анықталады
A) берілген салада бар пайдаға ең жоғарғы талаптар қою арқылы;
B) осы тауарға сұраныс көлемімен;
C) ұқсас тауарларға бәсекелестердің бағасымен;
D) барлық шығындардың ең жоғарғы деңгейімен;
E) күтілетін пайданың көлемімен.
10. Бағаның төменгі шектері анықталады
A) пайда көлемімен;
B) бәсекелестердің тауарларының бағасымен;
C) баға орнату мақсаттарымен;
D) кәсіпорынның тауарларды өндіру және сату шығындарымен;
E) осы тауарға тұтынушылық сұраныспен.