6 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз Фермер шаруашылығы картоп өсіреді. Орташа айнымалы шығындар мен шығару көлемінің динамикасы кестеде көрсетілген. Тұрақты шығындар 40 бірлік. Шығындардың келесі түрлерін есептеу керек: TC, VC, ATC, AFC, MC. Шығындардың соңғы төрт көрсеткіштерін график түрінде көрсетіңіз.
Шығындардың шығарылған өнімдерге тәуелділігі
Q, тонна
АVC, бірл.
0
0
1
40
2
40
3
46,6
4
55
5
72
6
86,6
7 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз Тігін цехының жылдық шығарылымы 2 мың бірлік болса, онда жылына ғимарат арендасы үшін 15 мың. ш.б., ал пайыз түрінде 11 мың. ш.б. шығынға ұшырайды. Сонымен қоса, қызмет үшін төленетін шығындар 20 ш.б., ал шикізаттар мен материалдар шығыны - 12 ш.б. құрайды. Өндірістің жалпы, айнымалы және тұрақты, сонымен бірге жалпы орташа шығындарын есептеңіз.
8 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз Фирма кәміл бәсекелестік жағдайында жұмыс істейді. Салада 1 бірлікке өнімнің бағасы 8 ш.б.құрайды. Фирманың жалпы шығындар функциясы кестеде көрсетілген. Шығындардың шығарылған өнімдерге тәуелділігі
Q, дана.
ТC, ш.б.
0
10
1
14
2
16
3
20
4
26
5
34
Қажет мәліметтерді есептеңіз және кесте түрінде анқтаңыз:
Фирма өз пайдасын максимизациялау үшін өнімді шығару көлемі.
Фирманың ең жоғарғы пайдасы, жалпы табысы және жалпы шығындары.
9 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз 1 л сүттің бағасы 3-тен 3,30 ақша бірлігіне дейін өсті, айлық өндірістің көлемі 10-нан 11,5 мың. л. өсті. Ұсыныстың баға икемділігін анықтаңыз.
10 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз Берілген тауарға сұраныс функциясы Qd=7–p, тауардың ұсыныс функциясы Qs= – 5+2p, мұнда:
Qd – сұраныс көлемі жылына млн. дана;
Qs – ұсыныс көлемі жылына млн. дана;
p – баға ақша бірлігінде.
Тепе-тең бағаны және тепе-тең сату көлемін анықтаңыз. Егер баға 3 ақша бірлігі деңгейінде белгіленсе, не болады?
11 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз Тауар бағасының жылына 5-тен 6 ақша бірлігіне көтерілуі нәтижесінде, сұраныс көлемі 9-дан 7 млн. данаға қысқартылды. Бағаның жалпы деңгейі өзгерген жоқ. Баға бойынша сұраныстың доғалы икемділігін анықтаңыз.
12 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз Берілген тауарға тұрғындардың сұраныс икемділігі 0,25 тең. Табыс бойынша сұраныс икемділігі 0,8 тең. Берілген тауарға сұраныс көлемі қаншалықты өзгереді, егер оның бағасы 8%-ға төмендесе, ал тұрғындардың табысы 5%-ға жоғарласа. Сонымен қоса, бағаның жалпы деңгейі өзгеріссіз қалады деп болжанады.
13 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз Бухгалтер фирманың шығындары туралы есеп-қисабын жоғалтып алды. Ол тек қана бірнеше сандарды есіне түсірді. Сіздерге қалған деректерді қалпына келтіру керек.