14 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз Квасқа сұраныс пен лимонад бағасы арасындағы айқыш икемділік 0,75 құрайды. Қандай тауарлар туралы айтылып жатыр? Егер лимонад бағасы 20%-ға өссе, онда квасқа сұраныс қалай өзгереді?
15 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз Маркетингтік зерттеу нәтижесінде кинотеатр билеттеріне көрермендердің сұранысы келесі түрде анықталды:
Билет бағасы, а.б.
1 сеансқа сатылатын билеттер саны (сұраныс), дана.
7
300
6
400
5
500
4
600
3
700
Кинотеатрдың көрермендер залының сыйымдылығы 700 орын, залдағы барлық орындар тең бағалы. 1 сеансқа есептелген шығынды құрайды:
кинофильм прокатына төлем – 1800 а.б.
зал арендасы – 250 а.б.
киномеханиктің ақысы – 50а.б.
кино контролерлеріне – 250 а.б.
Бір билеттің ең тиімді бағасы қандай болу керек?
1 сеанс үшін максималды мүмкін пайда нешеге тең?
16 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз Кітап басылымы дайындалып жатыр, оның сатылу көлемі шамамен 10 а.б. Кітап басылымына кететін тұрақты шығындардың жиынтығы (редакциялау, рәсімдеу, теру, басқармашылық шығындар, салық және сақтандыру, ғимарат арендасы, амортизациялық шығындар және т.б.) 200 мың а.б. құрайды
Берілген кітаптың бір данасына кететін жиынтық айнымалы шығындар (қағаздар, материал тысына, типографиялық шығындар, өткізу, авторлық қаламақы және т.б.) 6 а.б. құрайды.
Есептеу керек:
Қандай тиражда кітап басылымы шығынсыз болады (шығынсыздық нүктесі)?
Осы есепті 11 а.б. бағасында шығару.
17 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз Қандай да бір фирма қағаз шығарсын дерлік, және ол өзіне үйреншікті, жақсы білетін нарықта бір буманы 20 а.б. бағасымен сатады. Фирма қуаттылығы – айына 2000 бума. Бірақ қалыптасқан сұраныс көлеміне байланысты фирма айына 1000 бума қағаз сатады (өндіреді). Фирма тағы да айына 500 бума қағазға коммерциялық ұсыныс алды делік, бірақ бір бумаға 15 а. б. бағасымен. Ертеректе бұл фирмада, әлбетте, бір бума қағаздың өзіндік құны есептелген болатын, ол келесі шығындардан құралды:
материалдар – 1 бумаға 2 а.б.;
жалақы – 1 бумаға 7 а.б.;
басқа да өндірістік шығындар – 1 бумаға 2 а.б.;
тұрақты шығындар - өндірістің барлық көлеміне 5000 а.б. (мысалға, ай сайынғы амортизациялық төлемдер);
өткізу шығындары – 1 бумаға 2 а.б.
Осы деректер негізінде бір буманың өзіндік құны келесідей түрде есептелген: 2 + 7 + 2 + 5000 : 1000 + 2 = 18 (а.б.)
Фирма бір буманы 20 а.б. бағасымен сатқанда 1 бумадан 2 а.б. (20 – 18 = 2 а.б.) пайда алатын еді. Ал ұсынылған 1 бумаға 15 а. б. бағасымен сатқанда пайда қаралмайды. Фирма басқарушысы, бар нұсқаларды қарастырып, мәміледен бас тартты. Оның істегені дұрыс па, дұрыс емес пе? Ал сіз не істер едіңіз? Өзініздің жауабыңызды дәлелдеу үшін қажетті есептеулерді орындаңыз.
18 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз Кір жуғыш ұнтақтарын өндіруші өзінің тауарын мақсатты жеңілдіктер түрінде өткізуді ұйғарды. Дәл қазіргі уақытта сатылу 40 теңгеден 150000 бірлікті құрады. Жеңілдіктер 10%. Айналым осылай қалу үшін сатылым неше пайызға өсуі керек?
19 тапсырма. Өндіруші баға дискриминациясын қолданатын тауарларға 2-3 мысал келтіріңіз: