12.5 Жеке үй тапсырмасы
1. Төменде көрсетілген фирманың олармен басшылыққа алынған әрекеті негізінде нарыққа тауардың қозғалысында бюджетті ұйымдастырудың әдістерін анықтаңыз.
Іс-әрекеті:
Фирма 10 млн теңге мөлшерінде маркетингтік бюджеті иеленеді. Оның ішіндегі 5 млн тенге өткізу шығындарын құрайды; 4 млн теңге өнімді сынауға және 900 мың теңге – тұтынушы сауалдамаға шығындалды. Қалған 100 мың теңге жарнамаға, тауарлық қызметтер және сатуды ынталандыруға бөлінеді.
Ағымдағы жылдың тауарды өткізудегі бюджет шығындары 3 млн теңге құрайды. Келесі жыл болжам бойынша қолайлы болып күтіледі. Сондықтан да бюджетке даму қорынан 10% қосылады. Жаңа бюджет 3,3 млн. теңге құрайды.
Ағымдағы жылдың тауарды өткізудегі бюджет шығындары 5 млн теңге құрайды. Жетекші бәсекелес осы мақсаттарға өз шығындарын 2%-ға үлкейтетіні күтілуде. Фирма, осыны есепке алып, келесі жылдың бюджетін 5,1 млн. теңге мөлшерінде белгілейді. Тауар өткізу шығындары өткізімнің 20%-ын құрайды. Алдыңғы жылдың өткізім көлемі 10 млн. теңге мөлшерінде болатынын болжайды. Алға дамудың бюджет шығындары 2 млн. теңге құрайды.
Фирма алдыңғы жылға жоспарлайды: 1) А маркасының өткізу көлемін 5%-ға ұлғайту, Б маркасын енгізу және мақсатты нарықтың 5% жеткізу; 2) Серіктестікке халықтың жағымды қатынас деңгейін 50-ден 55%-ға дейін жақсарту. Мәселені шешу үшін және алға қойған мақсатқа жету құралдарына 53 млн. теңге мөлшерінде бюджет қажет.
2. Маркетинг стратегиялық және тактикалық мәселелерін шешеді. Төменде келтірілген мәселелердің қайсысы стратегиялық, қайсысы – тактикалық болып табылады:
Достарыңызбен бөлісу: |