Маркетинг



бет78/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   99
5 Маркетингтік бақылау
Маркетингтік бақылаудың есептері – фирманың өндірістік-өткізушілік және ғылыми-техникалық қызметтің тиімділігін бағалау мен арттыру және олардың жұмыс көрсеткіштерін нарықтың дамуының нақты жағдайларында есептеу. Маркетингтік бақылау фирманың нақты мүмкіндіктеріндегі оң және теріс жақтарын айқындауға және оның маркетингтік бағдарламалары мен кәсіпкерлік қызметтің жоспарларына сәйкес дұрыстауларды енгізуге мүмкіндік береді.
Маркетингтік қызметті бақылау келесіні көздейді:

  • өткізу мүмкіндіктерін өткізу және бақылау;

  • табыстылықты бақылау және маркетингтік шығындарды талдау;

  • стратегиялық бақылау және маркетингті тексеру.

Маркетингте бірнеше бақылау деңгейлерін ажыратады:

  • фирманың ауқымды мақсаты мен стратегияларын бақылау;

  • жоспарлы гепотизалар мен болжамдарды бақылау;

  • стратегиялық жоспарлауды бақылау;

  • стратегиялық бақылау;

  • техникалық жоспарлауды бақылау;

  • оперативті жоспарлауды бақылау;

  • оперативті бақылау.



12.2 Бақылау сұрақтары



  1. Маркетингтегі жүйелік жоспарлау қандай себептерден туындайды?

  2. Маркетингті жоспарлау үрдісінің стадиясын сипаттаңдар.

  3. Маркетингтік бюджетті есептеудің тәсілдерін анықтаңдар.

  4. Маркетингтік бақылаудың маңызы неде?

  5. Маркетингтік жоспарлар қалай жіктеледі?



12.3 Тесттер

1. Бұл себептер маркетингтiң жүйелi түрде жоспарлауын қажет етеді:


A) тұрақсыздық, сыртқы орта факторларының тұрақты өзгерiстерi;
B) инновациялар және жаңалықтар санының тұрақты өсуi;
C) кәсiпкерлiк тәуекелдiң төмендеу мүмкiндiгі;
D) шешiм қабылдау жүйесіндегi маркетингтік саясаттың тиiмдiлiгiнiң өсуi және маңыздылығы;
E) жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
2. Маркетингтің жоспары:
A) кәсiпорын жоспарының құрамдас бөлiгi болып табылады;
B) маркетинг мақсаттарын iске асырудың алғышарты қызметін көрсетедi;
C) маркетинг мақсаттарының табысын алдын ала анықтайды;
D) бірнеше бөлімдерден тұрады;
E) барлық жауаптар дұрыс.
3. Маркетингтік жоспарлау әдістеріне жатпайды:
A) жүйелі жоспарлау;
B) нарықты талдау;
C) тұтынушыларды талдау;
D) қаржылық – математикалық әдістер;
E) дұрыс жауап жоқ.
4. Ең алдымен, ағымдағы сатып алулар, өндiрiс және ақшалай ағынды ұйымдастыру бойынша қолданылатын күтiлетiн сату көлемiнiң құнды бағасы:
A) маркетинг;
B) сату бюджеті;
C) маркетингтік зерттеулер;
D) маркетингтік басқару;
E) логистика.
5. Маркетингтiң жоспарлауын құрастырғанда, өтімді ынталандыру бағдарламасы бойынша қосымша шешiмдердiң қатарын қабылдау қажет, бұл:
A) қатысу шарты, өтімді ынталандыру бойынша шараларды өткiзу үшiн уақытты таңдау;
B) өтімді ынталандыру бойынша шараларды өткiзу үшiн уақытты таңдау, өтімді ынталандыруға жиынтық бюджет, ынталандыру бағдарламасының ұзақтығы, ынталандыру бағдарламасы туралы мәлiметтер таратудың құралдары, қатысу шарты, ынталандыру қарқындылығы;
C) ынталылық барлық немесе тек қана қандай да бір ерекше тұлғалар топтарына ұсынылуы мүмкін;
D) өтімді ынталандыру бойынша шаралардың өткiзуiн күнтізбелік мерзiмдерiн таңдау қажеттiлiгi;
E) өтімді ынталандыру бойынша шараларды өткізудегі уақытты таңдау.
6. Маркетингтiң мақсаттарына қандай талаптар қойылады:
A) қол жетерлік және икемділік;
B) өлшемдестік және нақтылық;
C) үйлесімділік және тиімділік;
D) динамикалық;
E) жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
7. Маркетингтiң шынайы мақсаттарын ситуациялық талдау шеңберінде анықтау үшiн жүзеге асыру қажет:
A) сыртқы ортаны талдау;
B) кәсіпорын мүмкіндіктерін талдау;
C) фирма қызметінің келешектегі дамуын талдау;
D) бәсекелестерді талдау;
E) барлық жауаптар дұрыс.
8. SWOT –талдауы айқындауға мүмкiндiк бередi
A) фирма қызметінің мықты жақтарын;
B) фирма қызметінің әлсіз жақтарын;
C) фирма мүмкіндіктерін;
D) фирма қауіп-қатерін;
E) жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
9. Серіктестіктің маркетингтік жоспарлауы қандай деңгей үшiн стратегиялық өте мәнді:
A) корпорациялар;
B) бизнес бірлігі;
C) маркетингтік қызмет;
D) өнім желісі;
E) ұйымды басқарудың түгелдей барлық деңгейде.
10. Бақылау деңгейлерiнiң дұрыс тiзбегiн көрсетiңiз: 1) стратегиялық бақылау; 2) тактикалық бақылау; 3) оперативті бақылау.
A) 1,2,3;
B) 3,2,1;
C) 2,1,3;
D) 1,3,2;
E) 2,3,1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет