Маркетинг


Тақырып МАРКЕТИНГТЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ



бет81/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

13 Тақырып
МАРКЕТИНГТЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ







Стратегия өз ынталарын тек, бар
құралдардың көмегімен қол жеткізуге
мүмкін болатын, ең жоғары мақсатқа
ғана бағыттауы мүмкін
Фельдмаршал Мольтке


13.1 Жалпы теориялық ұғымдар


Оқудың мақсаты
1 Маркетингтік қызметтегі стратегиялық жоспарлаудың маңызын оқу.
2 Маркетингтегі стратегиялық шешімдерді қабылдау дағдысын қалыптастыру және білімді бекіту.


Сұрақтар
1 Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың маңызы мен үрдісі.
2 Маркетингтік стратегиялар: түсінігі, оларды әзірлеу әдістемесі және үлгілері.
3 Маркетингтік стратегиялардың негізгі бағыттары мен түрлері.


1 Маркетингтік стратегиялар: түсінігі, оларды әзірлеу әдістемесі және үлгілері
Маркетингтік стратегиясы – бұл мақсатты нарықтардағы маркетингтік қызметтің негізгі бағдарламасы. Ол белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін маркетингтік шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру көмегімен фирманың маркетингтік қызметінің негізгі бағыттары мен маркетинг кешенінің құралдарын қосады. Мақсатты нарықтың әрбір сегменті үшін фирманың тауарлық, бағалық, өткізу және коммуникациондық саясатының стратегиясын анықтайды.
Маркетинг стратегиясы фирманың өз потенциалы мен қоршаған ортада табысқа жетуді пайдалануды көздейді. Ол маркетингтік мақсаттарға қол жеткізудің негізгі тәсілі болып табылады, осы орайда маркетинг-микстің сәйкес құрылымын қалыптастырады және нақтылайды.
Жеке фирмалардың маркетингтік стратегиясы жекелілігімен және қайталанбайтындығымен ажыратылады.
Маркетингтік стратегия фирманың стратегиялық жоспарлауының негізін құрайды және ұзақ мерзімді перспективаға есептелетін оның бәсекелестік басымшылдықтарын қамтамасыз етеді.
Маркетинтгтік стратегияның қалыптасу факторлары:

  • сұраныстың және сыртқы маркетингтік ортаның даму тенденциялары;

  • нарықтағы бәсекелестік күрестің жағдайы мен ерекшеліктері, негізгі бәсекелес-фирмалар, олардың қызметінің стратегиялық бағыттары;

  • басқару ресурстары және фирманың мүмкіндіктері, бәсекелестік күрестегі өзінің күшті жақтарын анықтау;

  • фирма дамуының негізгі концепциясы, оның глобалды мақсаты және кәсіпкерлік қызметтің есептері.

Маркетингтік стратегияны әзірлеу әдістемесі:
Бірінші кезең. Маркетингтік стратегиялық концепцияның бағытталуының негізін фирманың дамуы үшін мүмкіндік туғызатын немесе оның әрі қарай әрекет етуіне қатер төндіретін нарықтық орта құрайды. Ең біріншіден нарықтың қандай талаптарын қанағаттандыру керектігі, тұтынушылардың қандай сегменттері сұранысты қалыптастыратыны айқындалады.
Екінші кезең. Бәсекелес-фирмалармен салыстыру бойынша өз артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындап, фирма өзінің басқарушылық ресурстары мен мүмкіндіктерін айқындап, фирма өзінің басқарушылық ресурстары мен мүмкіндіктерін талдайды. Фирманың артықшылықтары мақсаттық нарықты таңдау негізіне салынады.
Үшінші кезең. Фирма өзінің мүмкіншіліктерінің және тұтынушылардың жеке сегменттерінің мүдделерінің келістірілуі және сәйкестірілуі жүзеге асырылады.
Төртінші кезең. Өз бәсекелестік басымшылдықтарын қолдану және активті жүзеге асыру және оның стратегиясы үшін қажетті перспективада оның дамуына жету үшін фирма мақсаттық нарыққа әсер ету шамаларының жиынтығын орнатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет