Масабаева А. Н. Ақтөбе, 2020


Тағамдық субөнімдерді өңдеу



бет2/6
Дата06.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#14725
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жартылай дәріс 6

Тағамдық субөнімдерді өңдеу

Субөнімдер – ірі қара жəне ұсақ малдар мен шошқалардың ұшасынан басқа мүшелері. Олар мал массасының 10-18%-ын құрайды. Жұмсақ субөнімдерге бауыр, жүрек, тіл, ми, желін, көмей, ет кесінділері жатады. Ет сүйекті субөнімдерге тілі жəне миы алынған сиыр басы, құйрықшалар жатады.

Шырышты субөнімдерге шеміршек, ұлтабар, шошқа қарны жəне т.б. жатады. Жүнді субөнімдер: шошқа, қой бастары, құлақтары, еріндері, шошқа сирақтары жəне т.б. Субөнімдер мал түріне қарай ірі қара, қой, шошқа жəне тағы басқа да малдардыкі деп бөлінеді. Ірі қара, қой жəне шошқаның субөнімдерін тағамдық құндылығына қарай І жəне ІІ категорияға бөледі.


І категорияға – барлық малдардың тіл, бауыр, бүйрек, ми жəне жүрегі, диафрагмасымен ет кесінділері сонымен қатар сиыр мен қойдың құйрығы, сиырлардың желіні жатады.

ІІ категорияға – тағамдық құндылығы неғұрлым төмен өнімдер – ми мен тілі жоқ бас, өкпе, өңеш, өңеш еттері, көк бауыр, құлақ, үлкен қарын, кеңірдек, миы мен тілі алынған бас, қой мен сиыр ұлтабары, буындар, ерін сиырдың жалбыршақ қарны, аяқтары, шошқа асқазаныны мен шеміршекті құйрығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет