Орындалу түрі:
- тест тапсырмасын орындау
Тақырып бойыншатапсырма :
Бақылау жұмысына дайындалу
Бақылау сұрақтары:
Жүйелік және бөлшектік талдау. Мысал келтіру. Жүйелік талдау схемасы.
Оствальдтың сұйылту заңы, оны талдауға пайдалану.
Нашар еритін қосылысты жақсы еритін қосылысқа айналдыру. Талдаудағы маңызы.
Реакцияның сезімталдығы. Сандық сипаттамалары.
Тепе-теңдік константасы, оның аналитикалық химиядағы маңызы. Термодинамикалық және концентрациялық константалар. Тепе-теңдік константасының көрсеткіші.
Тұнбаларға күшті қышқылдар мен негіздердің әсері.
Аналитикалық әдістерді орындау тәсілдеріне (құрғақ, ылғал) және мөлшеріне байланысты топтастыру.
Химиялық термодинамика және химиялық кинетика. Массалар әрекеттесу заңы, оны қайтымды процестерге қолдану.
Бөгде иондардың, комплексті қосылыстар түзілуінің және температураның тұнбаларды еріту процесіне әсері.
Талдау әдістері (химиялық, аспапты, биологиялық). Аналитикалық реакциялар, аналитикалық реагенттер.
Активтілік, активтілік коэффициенті, иондық күш. Қолданылуы.
Сатылап (фракциялық) тұндыру. Мысал келтіру.
Аналитикалық химия фундаментальді ғылым, басқа ғылымдармен байланысы. Халық шаруашылығындағы ролі, фармацевтік дайындаудағы маңызы. Аналитикалық химияның негізгі бөлімдері (сапалық, сандық, фазалық талдау).
Гетерогенді тепе-теңдіктің ығысуы – біртекті ионның ерігіштікке әсері. Тұнба түзуші реагенттің артық мөлшерінің әсері.
Заттың судағы ерігіштігі. Қаныққан, қанықпаған, аса қаныққан ерітінділер.
Тұнба түзілу жағдайы және тұнбаларды еріту. Талдаудағы маңызы.
Массалар әрекеттесуші заңының гетерогендік жүйелерге қолданылуы. Иондық көбейтінді және ерігіштік көбейтіндісі.
Аналитикалық химияның даму тарихы. Аналитикалық химия пәні және мақсаттары. Талдау, синтез.
Концентрациялық және термодинамикалық ерігіштік көбейтіндісі. Ерігіштік көбейтіндісінің көрсеткіші. Температураның ергіштік көбейтіндісіне әсері.
Ерітінділер теориясының негізгі қағидалары. Күшті және әлсіз электролиттер. Иондану дәрежесі.
Протолиттік теория тұрғысынан гидролиттік тепе-теңдік. Анализдегі маңызы.
Ерітінділердің Бренстед-Лоуридің протолиттік теориясы және оны Измаилов пен Усановичтің дамыту теориялары.
Буфер жүйелерінің СН+ және рН есептеу.
Сусыз ерітінділердегі протолиттік тепе-теңдік. Лионий және лиат иондары. Автопротолиз константасы.
Протолиттік теория тұрғысынан буфер жүйелері. Мысал келтіру. Буферлік әсердің мәні мен механизмі.
Гидролиздену дәрежесі мен константасы. Анықтамалары және теңдеулері.
Күшті және әлсіз қышқылдар мен негіздердің СН+ және рН есептеу.
Буферлік сыйымдылық және буфер жүйелерінің талдауда қолданылуы.
Гидролизденетін тұздар ерітінділерінің СН+ және рН есептеу.
Ка және Кв бойынша әлсіз қышқыл мен негіз ерітінділерінің және көп протонды қышқылдардың СН+ және рН есептеу.
Әлсіз электролиттердің сандық сипаттамалары: иондану константасы, қышқылдық, негіздік константалар, протондану константасы, қышқыл мен негіздің рК.
Автопротолиз константасы, рН және рОН.
Қайтымды тотығу-тотықсыздану жүйесі. Нернст теңдеуі.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын анализде пайдалану. Негізгі тотықсыздандырғыштар мен тотықтырғыштар.
Тотығу-тотықсыздану жұбының стандартты, формалды, реалды электродтық потециалдары. Реакцияның ЭҚК.
Достарыңызбен бөлісу: |