1.Қауіпсіздік ережесін сақтау.
2. Балалардың көңіл күйін бақылау.
3. Жаттығулар ережелерінің толық орындалуын қадағалау.
Қолданылған заттарды жинастыруға көмектеседі.
Күтілетін нәтиже: Қайталай алады: допты қос қолмен ұстап, шеңберге лақтыруды;
Түсінеді: доғалар астынан қалай еңбектеп өту керектігін;
Қолданады: әр түстегі текше, доп және ойынға қажетті заттармен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін.
Күні 11.09.2017 ж Тексерілді________
Технологиялық карта «Гүлдер» 1 кіші топ
Білім беру саласы: Денсаулық. Таным.
Өтпелі тақырып: «Менің балабақшам»
Мақсаты: Балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететінің және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру. Балабақша ауласындағы гүлдер мен ағаштарға күтіп-баптауға баулу.
Тақырыбы: 1. Тартылған жіптен аттап өту (биіктігі 10-15 см.).
2. Допты бір-біріне лақтыру, ұстап алу.
Мақсаты: а) Балаларды жаттығу ережелерін толық, дұрыс орындауға үйрету.
ә) Қимыл жаттығуларды орындаған кезде сигналға жауап қайтаруға жаттықтыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
б) Ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: кішкентай текшелер, доптар, жіп және т.б. ойынға қажетті заттар.
Сөздік жұмыс:жіптен аттау, лақтыру, ұстап алу.