Күтілетін нәтиже: Қайталай алады: биіктіктен секіруді.
Түсінеді: кегельдер арасымен қалай жүгіру керектігін.
Қолданады: доп және ойынға қажетті заттармен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін.
Күні: 11.12.2017 ж Тексерілді________
Технологиялық карта «Гүлдер» 1 кіші топ Білім беру саласы: Денсаулық. Таным.
Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным»
Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы балалардың білімдерін толықтыру. Сурет арқылы әңгіме құрау арқылы сөздік қорларын жетілдіру. Отан сүйгіштікке тәбиелеу.
Тақырыбы: 1. 5-10 см биіктіктіктен секіру.
2. Доғаның астымен еңбектеу.
Мақсаты: а) Балаларды биіктіктен секіру және жаттығуларды толық, дұрыс орындауға үйрету. Жаттығулар орындағанда арақашықтықты сақтауға дағдыландыру.
ә) Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
б) Дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуын қадағалау. Ойлау қабілетін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар:доптар, доғалар, тақтайшалар,кішкентай орындықтар және ойынға қажетті заттар.
Сөздік жұмыс:еңбектеу, биіктіктен секіру.
1. Бір қатар сапқа тұру.
2. Сәлемдесу.
(Нұсқауларды орындау)
Бір тізбекпен жүру.
Тік ұста да бойыңды, Жоғары соз қолыңды. (Қолды жоғары созып жүру)
Бүйір таяп қос қолмен Көтер аяқ оң жақтан, Көтер аяқ сол жақтан Құлап кетсе, сәл сақтан. (Қол белде, оң, сол аяқты көтеріп жүру).
Күнде жасап жаттығу, Қан жүгіртіп алайық. (Баяу жүгіру)
Балаларға үлкен себеттегі доптарды көрсету. Доптарды балалардың өздеріне алғызып, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.
Бір тізбекпен кіріп, бір қатар сапқа тұрады.
Сәлемдеседі.
Бірінің соңынан бірі жүреді, жаттығуды орындайды.