Күні: 04.09.2017 ж Тексерілді________
Технологиялық карта «Гүлдер» 1 кіші топ Білім беру саласы: Денсаулық. Таным.
Өтпелі тақырып: «Менің балабақшам»
Мақсаты: Балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететінің және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру. Балабақша ауласындағы гүлдер мен ағаштарға күтіп-баптауға баулу.
Тақырыбы: 1. Доғалар арасынан еңбектеп өту.
2. Арқан үстінен секіру.
Мақсаты: а) Балаларды жаттығу ережелерін толық, дұрыс орындауға үйрету; Бір-біріне кедергі жасамауларын, арақашықтықты сақтауларын қадағалау;
ә) Қимыл-қозғалыстарды орындаған кезде сигналға жауап қайтаруға жаттықтыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
б) Ұлттық ойынға қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: әр түсті текшелер, доға, арқан және т.б. ойынға қажетті заттар.
Сөздік жұмыс: лақтыру, еңбектеу, секіру.
1. Бір қатар сапқа тұр.
2. Сәлемдесу.
(Нұсқауларды орындау)
«Орман аңдары» 1. «Аю»
Қолды белге қойып, (қорбандап) табанды нық басып жүру.
2. «Түлкі»
Қолды жанға ұстап, (қуланып) бір сызықпен жүру.
3. «Көжек»
Қолды кеуденің алдында иіп, қос аяқпен секіру.
4. «Қасқыр»
Баяу жүгіру, жылдам жүгіру.
Балаларға әр түсті екі текшелерден беріп,бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.
Біп тізбекпен кіріп, бір қатарға тұрады.
Сәлемдеседі.
Орман аңдарының іс-қимылын келтіріп жүреді.
Бір жолмен бірінің артынан бірі жүреді.