Негізгі қимыл жаттығулары: 1. Арқан үстімен жүру.
(Созылып жатқан 3-4 м арқанның үстімен жұру).
2. Ілулі тұрған заттарға қолын тигізіп секіру.
(Ойыншықтарға, шарларға).
«Сызықты басып кетпе!» ойыны:
1. Ойын шартын түсіндіру.
2. Балалармен бірге ойнау.
Арақашықтықты сақтайды.
Қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Ойын кезінде бір-біріне кедергі жасамайды.
Күтілетін нәтиже: Қайталай алады: ілулі тұрған заттарға қолын тигізіп секіруді.
Түсінеді: еденде созылып жатқан арқан үстімен тепе-теңдікті қалай сақтап жүру керектігін.
Қолданады:түсті шашақ, шар және ойынға қажетті заттармен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін.
Күні: 22.01.2018 ж Тексерілді________
Технологиялық карта «Гүлдер» 1 кіші топ Білім беру саласы: Денсаулық. Таным.
Өтпелі тақырып: «Салттар мен фольклор»
Мақсаты: Қазақтың салт-дәстүрі мен ою өрнектері туралы түсінік қалыптастыру. Көркем сөзге деген ынталарын дамыту, кейіпкер бейнесін сомдау, мәнерлі дауыс ырғағы арқылы сөйлеу көркемдігі мен орындау қабілеттіліктерін қалыптастыру, әдептілікке тәрбиелеу.
Білім беру саласы: Денсаулық. Таным.
Тақырыбы: 1. ілулі тұрған заттарға қолын тигізіп секіру.
2. Ирелеңдеген (қайталамалы) жолмен жүру.
Мақсаты: а) Балаларға ирелеңдеген жолмен жүруді үйрету. Жаттығу ережелерін және жаттығуларды толық орындауға дағдыландыру.
ә) Ептілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
б) Есте сақтау қабілеттерін дамыту.