Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу


Сынып сағатының тақырыбы: «Күш - бірлікте»



бет3/4
Дата08.04.2023
өлшемі29,17 Kb.
#80558
1   2   3   4
Сынып сағатының тақырыбы: «Күш - бірлікте»
 Мақсаты:.Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту. көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер,
Жоспары:
 Кіріспе.
Ой қозғау
 Ойланайық, пікірлесейік
 Мақал-мәтелдер
Қорытынды.
Барысы:
Мұғалім: Балалар,
 «Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді » ,- деген халық мақалын қалай түсінесіңдер?
 Ия, Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады, бәрі де бір ұлттың балаларындай, барлығы да бір-бірімен тең құқықта қарым-қатынас жасай алады, бірдей білім алады, бірдей еңбек етеді .Елімізде тұрып жатқан адамдар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Осындай өмірге Қазақстанды мекендеген ұлттардың бірлігі, достығы, татулығы арқылы қол жеткіздік. Мұндағы әрбір адам қай ұлттың өкілі болмасын біздің елде тұратын барлық ұлттың тіліне, дәстүріне, әдет-ғұрпына сыйластықпен қарайды.
 - ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына үндеуі қалай аталады?
-Иә, балалар, Жолдауын арнады.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады.
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес».Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет