Математика. Математиканы оқыту әдістемесі математика. Методика преподавания математики



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата15.10.2023
өлшемі1,12 Mb.
#115458
1   2   3   4   5   6   7   8
 
Зерттеу нәтижелері 
Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетінің жетістігі негізінен тапсырма түрлері мен формаларын 
дұрыс жоспарлаумен, тиімді тағайындау жүйелерін қолданумен, сонымен қатар мұғалімнің осы іс-
әрекетке шебер басшылық етуімен қамтамасыз етіледі[9]. Зерттеушілік іс-әрекет шығармашылық іс-
әрекеттің бір формасы ретінде қаралады, яғни оны оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту 
мәселесі ретінде қарастыруға болады. Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетке қабілеттілігі мұғалім 
басшылығымен ұйымдастырылған оқушылардың танымдық іс-әрекеті барысында дамиды. Ізденіс-
зерттеушілік іс-әрекет ізденушілік және зерттеушілік қабілеттерді өз ішіне алады. Оқушылардың 
ізденушілік зерттеушілік іс-әрекеттерін дамыту үшін алдымен жалпы орта білім беретін мектептерге 
арналған А.Е. Әбілқасымова, В.Е. Корчевский, З.А. Жұмағуловалар авторлығында «Мектеп» 
баспасынан шығарылған және Ә.Н. Шыныбеков, Д.Ә. Шыныбеков, Р.Н. Жұмабаевтар авторлығында 
жазылған «Атамұра» баспасынан шыққан «Алгебра және анализ бастамалары» оқулықтарындағы 
жаңа сабақтардың түсіндірілуіне, есептердің берілуіне педагогикалық талдау жасалынды.

Талдау нәтижесінде алынған оқулықтардың басты артықшылықтары 1-кестеде көрсетілген. 
 
 
Кесте 1 Оқулықтарға педагогикалық талдау

А.Е. Әбілқасымова ж.б 
Ә.Н. Шыныбеков ж.б 
10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) 
«Фукнция, онық қасиеттері және графиктері» 
тарауында әр түрлі функциялар графиктерін салуға 
көп мән берілген және есептер де көп. 
Күрделі функцияны жазуда функция, аргумент 
терминдеріне көмекші «сыртқы функция», «ішкі 
функция» түсініктері еңгізіліп, оқушыға түсінуге 
оңай болатын әдіс еңгізілген.
Функцияның қасиеттері тақырыбына оқушылардың 
өз бетінше қосымша ізденулерін, терең ойлануларын 
талап ететін есептер берілген. 
Тригонометриялық теңдеулер жүйесіне кеңінен 
тоқталып, шығарылу жолдары әр түрлі есептер 
көп берілген. 
Ізденіс-зерттеушілік іс-әрекет анықтамасына (2-кесте) мазмұндық талдау жасап тұжырымдайық. 
Кесте 2 
«Ізденіс-зерттеушілік іс-әрекет» анықтамасына мазмұндық талдау 
 
Автор 
Проблемалық 
мәселелерді 
шешу 
Білімді өз 
бетінше 
іздеу 
Жаңа білімді 
игеру 
Ақпаратпен 
жұмыс істеу 
қабілетін 
меңгеру 
Шындықтың 
зерттелген 
фрагментінің тұтас 
бейнесін құру 
В.А. Далингер 


 
 
 
Т.П. Куряченко 



 
 
С.А. Кравцова 
 
 
 
 

Н.В. Лысенко
+
 
+
 
+
 
+
 
 
И.Б. Карнаухова
 
 
+
 
+
 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №4(76), 2021 
11
Мазмұндық талдау жүргізу барысында ізденіс-зерттеушілік іс-әрекет тұжырымдамасын 
сипаттайтын негізгі белгілер анықталды: «Проблемалық мәселелерді шешу»; «Білімді өз бетінше 
іздеу»; «Жаңа білімді игеру»; «Ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін меңгеру»; «Шындықтың зерттелген 
фрагментінің тұтас бейнесін құру». Сәйкес ерекшеліктерге сүйене отырып, ізденіс-зерттеушілік іс-
әрекет – жаңа материалдарды зерттеу және талдау арқылы проблемалық ситуацияларды шешуге 
бағытталған және білімді өз бетінше іздеуге бағытталған іс-әрекет ретінде анықтауға болады, оның 
барысында жаңа білім, білік және дағдылар алынады. 
Ізденіс-зерттеушілік тапсырмасы, әдетте, бір есеп ізденушілік сипатында және бір немесе екеуі 
жалпы типтегі (зерттеу сипатындағы) белгілі бір тапсырмалар тізбегі [2]. 10-сынып оқушылары үшін 
«Туындының қолданылуы» тарауын оқыту барысында оқушыларға келесі тапсырмаларды ұсынуға 
болады. Есеп 1. Суретте кескінделген функциялардың туындысының графиктерін салыңыз. 
а) ә) б) в) 
Сурет 1. Функция графиктері 
 
Есеп 2. 
𝑓(𝑥) = 𝑥
2
және 
𝑔(𝑥) = 3𝑥
4
+ 1 
функциялары берілген. 
𝑓(𝑔(𝑥))
және 
𝑔(𝑓(𝑥))
функцияларының туындыларын табыңыз. 
Есеп 3. 1- а) суретте кескінделген фунция берілген.
a)
Функцияның формуласын жазыңыз
 
b)
Функцияның туындысын табыңыз
 
c)
Берілген функцияға 
𝑥
0
нүктесінде жүргізілген жанама теңдеуі туынды теңдеуімен сәйкес 
келетіндей 
𝑥
0
нүктесі табыла ма?
 
d)
Берілген функцияға 
𝑥
0
нүктесінде жүргізілген жанама теңдеуі туынды теңдеуіне параллель 
болатындай 
𝑥
0
нүктесін табыңыз.
 
e)
𝑥
0
нүктесінде жүргізілген жанама теңдеуі туынды теңдеуімен сәйкес келетіндей, берілген 
функцияға параллель болатын 
𝑔(𝑥)
функцияны табыңыз. 
 
11-сынып оқушылары үшін «Анықталған интеграл» тарауын оқыту барысында оқушыларға келесі 
тапсырмаларды ұсынуға болады: 
Есеп 1. а параметрінің қандай мәнінде
∫ (3𝑥
2
− 14𝑥 + 12)𝑑𝑥
𝑎
0
интеграл оң мән қабылдайды.
Есеп 2. 
∫ √𝑥 − 2𝑑𝑥 = ∫
4
3
𝑥𝑑𝑥
𝑎
0
6
2
теңдігін қанағаттандыратын а мәнін табыңыз. 
Есеп 3. 
𝑓(𝑥) = 𝑥
2
+ |𝑥 − 2|
функциясы берілген.
a)
𝑓(𝑥)
функциясының графигін салыңыз. 
b)
∫ 𝑓(𝑥)𝑑𝑥
3
1
мәнін табыңыз. 
c)
𝑓(𝑥)
функция графигіне әртүрлі екі нүктеде жанасатын 
l
түзуінің теңдеуін жазыңыз. 
Оқулықтарды талдау нәтижесінде әр оқулықтың артықшылықтары көрсетілді. Ізденіс-
зерттеушілік тапсырма құрастырылды. Ізденіс-зерттеушілік тапсырмаларды жоғары сынып 
оқушыларына сабақ барысында немесе қосымша сабақтарда, қолданбалы курстарда есеп шығарту 
мақсатында ұсынуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет