Математика. Математиканы оқыту әдістемесі математика. Методика преподавания математики



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата15.10.2023
өлшемі1,12 Mb.
#115458
1   2   3   4   5   6   7   8
 
Дискуссия
11-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) оқулықтарында екі оқулықта да анықталған 
интегралдың геометриялық мағынасы жақсы түсіндірілген. Жаңартылған білім мазмұнына көшпес 
бұрын қарастырылмаған модуль таңбысы ішінде берілген функциямен шектелген фигураның 
ауданын табуға есептер келтірілген. Ол есептер де оқушының ізденіс қабілетін шыңдауға өз септігін 
тигізеді. Ә.Н. Шыныбеков ж.б авторлығында жазылған оқулықта логарифмді қолдану арқылы 
популяцияның өсімін, қаржылық өсім сияқты қолданбалы есептер берілген және шығарылу жолы 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №4(76), 2021 г. 
12
көрсетілген. Жалпы айтқанда Ә.Н. Шыныбеков ж.б авторлығында жазылған оқулықта әр тақырып 
аясында табиғаттағы құбылыстарға қолданылуы берілген; геометриялық, физикалық маңыздылығы 
көрсетілген; қосымша электронды ресурстар ұсынылған. Әр екі оқулықтың да артықшылықтарын 
ескеріп, 10-сыныптарда сабақ өту барысында DEAL және Джигсо әдістерінен кеңінен пайдаланып, 
оқушылардың топтағы белсенділігі және өз бетімен зерттеушілік қабілеттері қалыптастырылды. 
Ізденіс-зерттеушілік тапсырмалар - бұл шешімді оқыту барысында шығармашылық ойлау 
компоненттерін қалыптастыруды ұйымдастыруға болатын проблемалық тапсырмалардың бір 
түрі [14]. Проблемалар қою дегеніміз – оқушылардың есеп шығару үшін проблеманы қоя білу 
қабілеті. Бұл математиканы интегративті оқытуда оқушыларға ғылыми зерттеушілік іс-әрекетпен 
айналысу қажет екендігіне байланысты [15]. 
2020-2021 оқу жылы жалпы орта мектеп бітіру емтиханында 11-сыныптың жаратылыстану-
математикалық бағытында 1-нұсқада: «
𝑦 = 2𝑥 − 𝑥
2
функциясының графигімен, осы функцияға 
абсциссасы х=2 болатын нүктеде жүргізілген жанамамен және ордината осімен шектелген фигураның 
ауданын табыңыз», 2-нұсқада: «
𝑦 = −𝑥
2
− 2𝑥 
функциясының графигімен, осы функцияға абсциссасы 
х=-2 болатын нүктеде жүргізілген жанамамен және ординат осімен шектелген фигураның ауданын 
табыңыз» есептер берілген. Есептерді шығару үшін оқушылар 6-сынып математика пәніндегі 
сызықты функцияның графигін салу, 8-сыныптағы квадрат функцияның графигін салу, 10-сыныптағы 
жанама теңдеуін табу, 11-сыныптағы функция графиктерімен шектелген қисық сызықты 
трапецияның ауданы тақырыптарының барлығын меңгерген болуы керек. Осындай есептерді 
оқушыларға ТЖБ кезінде бере отырып, олардың жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет