Математика. Математиканы оқыту әдістемесі математика. Методика преподавания математики



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата15.10.2023
өлшемі1,12 Mb.
#115458
1   2   3   4   5   6   7   8
Зерттеу әдіснамасы
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде бақылау, сауалнама және педагогикалық 
эксперимент әдістері қолданылды. Түркістан облысы, Кентау қаласы, Ескі Иқан ауылындағы «Ескі 
Иқан» жалпы орта мектебіндегі жоғары сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығын, 
өзіндігінен білім алуын анықтау үшін бақылау әдісі қолданылды. Бақылау барысында оқушылардың 
18%-ы ғана мұндай ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныс екендігі анықталды. Эксперименттің 
қойылған зерттеу міндеттерін іске асыру мақсатында, зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерге 
талдау жасалды, мектепте алгебра және анализ бастамалары пәнін оқыту үдерісін бақылау жүзеге 
асырылды, оқу іс-әрекеттері нәтижелері қарастырылды. Жоғары сынып оқушылары үшін ізденіс-
зерттеушілік тапсырма құрастырылып, бақылау жұмысы алынды. 9%-ның ғана арнайы 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №4(76), 2021 г. 
10
құрастырылған ізденіс-зерттеушілік тапсырмаларды шеше алатыны байқалды. Алынған төмен 
нәтижелерді көтеру мақсатында алгебра пәнін оқытуда біз ұсынған әдістемелік жұмыстар ендірілді, 
яғни арнайы тапсырмалар кешені құрастырылды. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына 
қызығушылықтарын анықтау мақсатында сауалнама алынды. Сауалнамаға 57 оқушы қатысты. 
Ендірілген әдістемелік жұмыстың нәтижесінде оқушылардың 40%-ының шығармашылық жұмысқа, 
өз бетімен ізденуге, зерттеуге қызығушылығы бар екені анықталды. Оқушылардың 30%-ы ізденіс-
зерттеушілік тапсырманы орындай алды. Білім алушылардың ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттерін 
қалыптастыру және дамыту үшін педагогикалық эксперимент әдісі пайдаланылды. «Функцияның 
қасиеттері және графигі», «Туындының қолданылуы» тарауларын оқыту барысында DEAL әдісін 
қолданып, оқушылар есептің шартын баяндай алуға, түсіну барысында қажетті мәліметтер 
қарастыруға, талдауға, қорытынды шығаруға үйренді. Джигсо әдісінде оқушыларды топтарға бөле 
отырып әр түрлі есептер беріп, олардың өз бетінше есеп шығаруы ұсынылды. Сосын әр топтағы 
бірдей есебі бар оқушылар жаңа топтарға бірігіп, есепті бірге шығарды. Осы әдіс арқылы әр 
оқушының өзіндік ізденісі шыңдалды әрі топтық жұмыстың нәтижелі екені көрінді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет