«Математика» пәні бойынша Педагогтердің білімін бағалауға


Тапсырма мазмұнының сипаттамасы



бет2/7
Дата15.04.2023
өлшемі37,25 Kb.
#83182
1   2   3   4   5   6   7
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Үшбұрыштар: үшбұрыштардың түрлерін ажырату. теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу; үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу; сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тікбұрышты үшбұрыштардың биіктіктерінің орналасуын салыстыру. үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығару мен дәлелдеулерде қолдану; теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану; теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдану. Пифагор теоремасын білу және қолдану; тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін білу және қолдану. үшбұрыштың ауданы формулаларын білу және қолдану;
Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу: параллелограмм қасиеттерін білуқорытып шығару және қолдану; параллелограмм белгілерін білу және қолдану; тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін білу; трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу; трапецияның орта сызығының қасиетін білу және қолдану
Шеңбер. Көпбұрыштар : шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу; доға ұзындығының формуласын білуқорытып шығару және қолдану; сектор мен сегмент ауданының формулаларын білу және қолдану; іштей сызылған бұрыш анықтамасын және оның қасиеттерін білу;
Векторлар: вектордың, коллинеар векторлардың, тең векторлардың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың және вектор ұзындығының анықтамаларын білу; векторларды қосу, векторды санға көбейту ережелерін білу және қолдану; екі вектордың арасындағы бұрыштың анықтамасын білу; векторлардың скаляр көбейтіндісін табу;
Квадрат түбір, теңдеу және иррационал өрнек: иррационал теңсіздіктерді шеше алу; иррационал теңдеудің анықтамасын білу, оның мүмкін мәндер жиынын анықтай алу;теңдеудің екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу; айнымалыны алмастыру әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу; иррационал теңдеулер жүйелерін шеше алу;санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі анықтамаларын білу және ұғымдарын ажырату; квадрат теңдеулерді шешу; квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу; бөлшек-рационал теңдеулерді шешу;
Теңсіздіктер: екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу; екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу; екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу; квадрат теңсіздіктерді шешу; рационал теңсіздіктерді шешу; біреуі сызықтық, екіншісі квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу; құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет