Комплекс сандар: Комплекс сандарды қосу, азайту,бөлу және көбейтудің қасиеттерін білу; Алгебралық түрде берілген комплекс сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Комплекс санның квадрат түбірін таба білу.
5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 26 %; орташа деңгейде (B) – 60 %; жоғары деңгейде (C) – 14 %.
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, тестіленушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.
6. Тест тапсырмаларының формалары: Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған жабық формадағы тест тапсырмалары.
7. Тест тапсырмаларын орындау уақыты: Бір тапсырманы орындаудың орташа ұзақтығы 2 – 2,5 минутты құрайды.
8. Бағалау:
Аттестация кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді.
Төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін ‒ 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға ‒ 0 балл алады.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбелері».
Математика: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық/ Екі бөлімді/ Т.А.Алдамуратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов, - Алматы: «Атамұра», 2017.
Математика: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/ Екі бөлімді/ Т.А.Алдамуратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов, - Алматы: «Атамұра», 2018.
Алгебра. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық/ Ә.Н. Шыныбеков, Д. Ә. Шыныбеков. – Алматы: «Атамура», 2017.
Геометрия. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық/ Ә.Н. Шыныбеков, Д. Ә. Шыныбеков. – Алматы: «Атамура», 2017.
Алгебра. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Ә.Н. Шыныбеков, Д. Ә. Шыныбеков., Р.Н. Жұмабаев. – Алматы: «Атамура», 2018.
Геометрия. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Ә.Н. Шыныбеков, Д. Ә. Шыныбеков., Р.Н. Жұмабаев. – Алматы: «Атамура», 2018.
Алгебра. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық/ Ә.Н. Шыныбеков, Д. Ә. Шыныбеков., Р.Н. Жұмабаев. – Алматы: «Атамура», 2019.
Геометрия. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық/ Ә.Н. Шыныбеков, Д. Ә. Шыныбеков., Р.Н. Жұмабаев. – Алматы: «Атамура», 2019.
Алгебра және анализ бастамалары. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық/ Ә.Н. Шыныбеков, Д. Ә. Шыныбеков., Р.Н. Жұмабаев. – Алматы: «Атамура», 2019.
Геометрия. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық/ Ә.Н. Шыныбеков, Д. Ә. Шыныбеков., Р.Н. Жұмабаев. – Алматы: «Атамура», 2019.
Алгебра және анализ бастамалары. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық/ А.Е. Әбілқасымова, З.Ә.Жұмағұлова – «Мектеп», 2019.
Геометрия. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық/ Ә.Н. Шыныбеков, Д. Ә. Шыныбеков., Р.Н. Жұмабаев. – Алматы: «Атамура», 2020.
Достарыңызбен бөлісу: |