Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар: көрсеткіштік функция анықтамасын білу және оның графигін салу; көрсеткіштік функция қасиеттерін есептер шығаруда қолдану; сан логарифмі, ондық және натурал логарифмдер анықтамаларын білу; логарифм қасиеттерін білу және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолдану; логарифмдік функцияның анықтамасын білу және оның графигін салу; логарифмдік функция қасиеттерін білу және қолдану; көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралын табу; логарифмдік функцияның туындысын табу;
Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер:көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін білу және қолдану; көрсеткіштік теңдеулер жүйелерін шеше білу; көрсеткіштік теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шеше білу;
Туынды: аргумент өсімшесі мен функция өсімшесінің анықтамаларын білу; функция туындысының анықтамасын білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу; дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану; күрделі функцияның туындысын табу; тригонометриялық функциялардың туындыларын табу; туындының геометриялық мағынасын білу;туындының физикалық мағынасын білу; берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құру; функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу; функцияның өсу (кему) аралықтарын табу; функцияның кризистік нүктелерінің және экстремум нүктелерінің анықтамаларын, функция экстремумының бар болу шартын білу;функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу; туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу білу және оның графигін салу; туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу білу және оның графигін салу; функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу; функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару;
Алғашқы функция және интеграл:алғашқы функция және анықталмаған интеграл анықтамаларын білу; анықталмаған интеграл қасиеттерін білу және қолдану; қисықсызықты трапецияның анықтамасын білу және оның ауданын табу үшін Ньютон – Лейбниц формуласын қолдану; анықталған интеграл ұғымын білу, анықталған интегралды есептей білу; берілген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептеу; айналу денесінің көлемін анықталған интеграл көмегімен есептеу формуласын білу және қолдану; анықталған интегралды жұмыс пен арақашықтықты есептеуге берілген физикалық есептерді шығару үшін қолдану;