«Математика» пәні бойынша Педагогтердің білімін бағалауға


Дәрежелер мен түбірлер. Дәрежелік функция



бет6/7
Дата15.04.2023
өлшемі37,25 Kb.
#83182
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Matematika kaz

Дәрежелер мен түбірлер. Дәрежелік функция: n-ші дәрежелі түбір және n-ші дәрежелі арифметикалық түбір анықтамасын білу; n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін білу; рационал көрсеткішті дәреже анықтамасын және қасиеттерін білу; алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану; нақты көрсеткішті дәрежелік функция анықтамасын білу; дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу; дәрежелік функция қасиеттерін білу; нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу ережелерін білу және қолдану; нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін білу және қолдану;
Көпмүшелер: бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу; бірмүшені стандарт түрде жазу; бірмүшелерді көбейтуді орындау және бірмүшені көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету; көпмүше анықтамасын білу және оның дәрежесін табу; көпмүшені стандарт түрге келтіру. көпмүшелерді қосу және азайтуды орындау; көпмүшені бірмүшеге көбейтуді орындау; көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау; алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері, қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы көбейткіштерге жіктеу;
Функция, оның қасиеттері және графигі. Функцияның шегі және үзіліссіздігі: функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу; функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу); функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін:1) функцияның анықталу облысы;2) функцияның мәндер жиыны; 3) функцияның нөлдері;4) функцияның периодтылығы;5) функцияның бірсарындылық аралықтары; 6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары;7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері; 8) функцияның жұптылығы,тақтылығы;9) функцияның шектелгендігі;10) функция үзіліссіздігі; 11) функцияның экстремумдары сипаттай алу; кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу; функцияның нүктедегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу; функцияның шексіздіктегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу; функция графигіне жүргізілген асимптотаның анықтамасын білу және асимптоталардың теңдеулерін құра білу; функцияның нүктедегі үзіліссіздігінің және функцияның жиындағы үзіліссіздігінің анықтамаларын білу; үзіліссіз функциялардың қасиеттерін білу және оларды функция үзіліссіздігін дәлелдеуде қолдану;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет