«Квадрат теңдеу»тақырыбында “Зерде” ойынында мақал - мәтелдер, даналық сөздер жүргізуге болады. Оның ішінде екі сан есім квадрат теңдеудің түбірі, яғни Виет теоремасына кері теоремасы бойынша квадрат теңдеу құру керек.
1. х2 - 11х+10=0/ х1=1; х2=10
Бір тал кессең, (он тал ек).
2. х2 - 8х+7=0/ х1=1; х2=7
Жеті рет өлшеп (бір рет кес).
3. х2 - 9х+8=0/ х1=1; х2=8
Жігіт сегіз қырлы (бір сырлы).
4. х2 - 70х+1200=0/ х1=7; х2=7
Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім ал)
5. х2 - 10х+24=0/ D=4 х1=6; х2=4
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді).
6. х2 - 1001х+1000=0/ D=998001 х1=1; х2=1000
Білімді мыңды жығады (білекті бірді жығады).
Санға қатысты жұмбақтар:
Бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, бес жүз, мың бар.
Әрқайсысының құны бар. (Теңгелер)
2. 100 мүйізі бар
Үстінде киізі бар. (Киіз үй)
3. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар. (Домбыра)
Математикалық сандармен берілген мақал – мәтелдер:
Ел құлағы – елу.
Елу жылда – ел жаңа.
Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем бер.
Халық педагогикасының тағылымдарын математика сабақтарында қолдану – оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт - дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.
5 сыныпта бөлшек тақырыбын өткен уақытта бөлшектің негізгі ұғымын біздің ата бабаларымыз өте ерте кезден бері қолданғаны туралы айта кеткен жөн, яғни қазақтың төрт түлігі он екі жілікке, төрт аяқ бөлінген.
Бір жілікті - 1/12 бөлік, бір аяқты 3/12=1/4 бөлік.
Ет мүшелеу дегеніміз - сойылған малдың етін жілік - жілігімен бөлшектеу. Малдың төрт аяғындағы 12 жіліктегі жамбас, ортан жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, жауырын сүйектеріне орай ет мүшелеген¬де осы жіліктерді буын - буыны бойынша ажыратып жіліктейді.
жамбас - 2, ортан жілік - 2, асықты жілік - 2, бел омыртқа - 1, сүбе қабырға - 2, (сүбемен бірге бүйректен жоғары 5 қабырға кетеді), қабырға - 2, төс - 1, омыртқа - 1, жауырын - 2, тоқпан жілік - 2, кәрі жілік - 2, бұғана - 1, мойын - 1 етіп бөледі.