Математика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызы


Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды пайдалану



бет4/6
Дата11.04.2023
өлшемі30,62 Kb.
#81498
1   2   3   4   5   6



Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды пайдалану


Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.



Математика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызы


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті –ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
Қазақ елінің болашағы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ендеше, ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан жақты жетілген, бойында ұлттық тәрбие, ұлттық сана қалыптасқан, білімді, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру басты міндетіміз екенін үнемі назарда ұстап жүруіміз қажет. Бүгінгі таңда білім беру мазмұны жаңару үстінде. Сол жаңару жолындағы міндеттерді іске асырушы маңызды мекемелер балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары.
Мектеп қабырғасынан бастап ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттауымыз керек. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани - мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
«Елiмiздiң, ертеңі - бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін ұлттық құндылықтарды оқу - тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.
Бүгінгі мектептегі оқып жатқан жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды тәлім – ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту.
«Тәрбие – табалдырықтан басталады» деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық. Халық тәрбиесі ғасырдан – ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Нақты математикалық тақырыпты халқымыздың тұрмыс - салтымен байланыстыра оқыту оқушыларымыздың, өз халқымыздың тарихын білуге, тұрмыс салтын ұғынуға үйретеді.
Мұғалім жан - жақты жетілген, білімді, халықтық дәстүр, әдет - ғұрып пен салт - санаерекшеліктерінен сусындаған шәкірт тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана экономикалық дамуда әлемдік дамудың алдыңғы көшінде бола алады.Қазақ халқы ерте замандарда ғылым мен білімге еркін қолы жетпесе де өмірлік тәжірибеден оқып үйреніп талғай біліп, шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен сақтап, біздің дәуірімізге жеткізе білген.
Қазақ ағартушысы М. Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелі қылуға міндетті» деген ұлағатты сөзі қазіргі заманға сай еліміздегі ұлттық мектептің қалыптасуын меңзейді.
Елбасымыздың сөзімен айтқанда, «Қазақстан біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны». Адам бойына біткен алуан қасиет, дарын туған топырақтан дариды. Туған жерге деген сүйіспеншілік пен мейірім кейінгі ұрпаққа ана сүтімен, бесік жырымен сіңірілген.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызудың жолдарының көзі қазақ халқының тәрбиелік және танымдық мәні бар, баға жетпес асыл қазынасы, тарихи – мәдени мұраларында жатыр. Соның бірі – Қазақтың ұлттық шежіресі. «Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, біліп оны ескерсе, дүниедегі алыс - жақын мен жақсы - жаманды білгені мен көргені көп болған адам білімді болады» - дейді Абай Құнанбаев.
Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану – тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым - қатынасты, салт - дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет