Ұлттық құндылықтардың бірі халықтық есептер. Табақ тарту есебі.
Тәттібек дейтін кісінің үйіне қонақ келді. Шайдан соң қонақтарға табақ тарту кезінде Тәттібек жұбайына келіп, «Екеу ара табақ тартсаң, онда бір табақ ет артылып қалады,
не істеу керек» деген екен. Сонда қонақ қанша? табақ қанша?
Шешуі Х қонақ, У табақ
3у - 3=2у+2
3у - 2у=3+2
у=5
х=2у+2=2*5+2=12
Жауабы: 12 қонақ, 5табақ.
Шәкәрім мұрасы математикалық жұмбақтарын өзімнің сабақтарымда
жиі қолданамын.
Тоғыз жиылып бір толғатқан
Бірін бірі буазғыз жуандатқан
Тоғызының киімі тоғыз түрлі
Келген кісі сияқты әр тараптан...
Ал, балалар бұл не?
(математикалық цифрлар)
Тамам сөзді сөйлейді сөйле десе,
Етінен ет кесемін сөйлемесе
Айт демес, айтпайтұғын жауабы жоқ.
Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше.
(қарындаш)
Оқушыларға тек пәндік білім, білік дағдыларын меңгертпей ұлттық құндылықтардың тәрбиелік мақсатын түсіндіре отырып сабақтарда қолдану қажет.
Бәйтерек монументінің шармен қосқандағы биіктігі 105 метр, шарсыз биіктігі 97 метр. Осы сандарды пайдаланып дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарды жазыңдар.
Киіз үйдің биіктігі 4м 20см. Бұл оның керегесінің, уық бөлігінің және шаңырағының биіктіктерінің қосындысына тең. Оның керегесінің биіктігі 1м 60см, уық бөлігінің биіктігі 2м. Шаңырағының биіктігі киіз үй биіктігінің қандай бөлігін құрайды.
Домбыраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (А нүктесіне), мойына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді. А, В және С нүктелерін координаталарымен жазыңдар.
Домбыраның басы(құлағы) 1/10 м, мойны 1/2 м, шанағы 2/5 м. Домбыраның ұзындығы неше метр.
Сандықтың биіктігі 50см. Ұзындығы 1м 50см, ені 55см. Сандықтың көлемін және ауданын тауып, оларды бұрыс және дұрыс бөлшек түрінде жазыңдар.
6 сыныпта өстік симметрия тақырыбын өткенде үй жиһаздарына бедерлеп салынатын ою өрнектер түзуге қатысты симметриялы түрде салынатынын айтып кеткен жөн.
Бабаларымыз ошақпен мосыны жасауда және пайдалануда «бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте арқылы жазықтық жүргізуге болады және ол біреу болады» деген заңдылықты тұрмыста шебер пайдалана білген. Конус тақырыбын түсіндіргенде қазақ қыздарының басына киетін сәукеле ер адамдардың басына киетін тақияны айтып кеткен жөн.
Халқымыздың осындай асыл тәрбиелік мұраларын күнделікті сабақ мазмұнымен байланыстыра оқушыларға жеткізіп отыру жас ұрпақтың таным дүниесін кеңейтіп, ұлттық тәлім береді. Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып ықпалдастыру мүмкін болмайды. Еліміздің тұғырын берік ұстап тұра алатын оны одан әрі дамытып көркейтетін ұрпақ даярлау мақсатымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |