Өзектілігі: Заман талабына сай оқыту технологиясының тиімдісін пайдалану оқу үрдісінде жетістікке жетудің бірден бір кепілі. Жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше, яғни оқушының оқытудың жаңаша формуларын қолдауны арқылы математика пәніне деген қызығушылықты артыру үшін қолайлы әдіс болып табылады.
Математика білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер білім мазмұнының жетекші компонеттері және білім, түсіну, қолдану, жоғары сипаттағы біліктер деп аталатын категориялар арқылы бецнеленген оқу материалдарын меңгеру деңгейлерін ескере отырып анықтайды.
Математика сабағында оқытудың жаңаша формуларына бағытталған тапсырмаларды қолдану, білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» өз сабақтарымда қолданып жүрмін.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны оқушының өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясымен жұмыс жасағанда оқушылар өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады.
Оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, ойын жеткізуге,оны дәлелдей алуға сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдауға,сол пікірлерді салыстыруға, қасындағы оқушыға құрметпен қарауға, зер салып тыңдауға, топпен жұмыс істеуге жетелейді, оқушылардың қызығушылығын оятады, мол ақпараттар ішінен өзіне қажеттісін таңдап алады, мәселенің негізгі түйінін табуға дағдыланады, сын тұрғысынан ойлай отырып, білімге құлшынысты жаңалықтар ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады.
1-кезең: «Қызығушылықты ояту». Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтан да сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұл жерде ойды қозғау,ояту арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – оқушының белсенділігін, ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен және тобымен талқылайды.
2-кезең: «Мағынаны тану». Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушының өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Соның бірі INSERT кестесі. Ол бойынша оқу тақырыбымен, мысалы 2 сыныпта «20 көлеміндегі сандарды қосу жəне азайту кестесі» тақырыбымен танысу барысында,
Ү- білемін;
– - білмеймін;
+ - мен үшін жаңалық;
? - мені таң қалдырды;
Белгілерін қоя отырып, мәтінді оқу тапсырылады. Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға дайындалады.
3-кезең: «Ой толғаныс». Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады.
Бұл кезеңде оқушыларға «Қызықті өрнектер», «Аквариум», «Бір минут».
Осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай қолданылады.
Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданылған сабақтың нәтижесі мынандай болады:
Мұғалімнің мақсаты:
«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді,ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейдідеген» Ж.Дистервергтің тұжырымдамасы тегін айтылмаған.
Жоғарда айтқандай мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Ой салу – ұстаз тарапынан, ойлану – шәкірт тарапынан, ойланту (ойлауы жетпей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға, ізденіс жолына алып келуі) – ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады.
Математика сабағында оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда СТО технологиясының маңызы зор екенін осыдан көруге болады. Бұл технологияның стратегияларын пайдалана отырып, өткізген сабақтардың берер әсері мол. Оқушылардың белсенділігі артып, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың математика сабағын оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады.
ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған байланысты біздің алдымызда тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру [2, 33 бет].
Тұлға құзіреттілігін дамыту-ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгерту, білім беру мазмұнын жетілдіру.
Әр сабағымда оқушылардың функционалдық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында өзіме ұнайтын технологияларды пайдалана отырып сабақ өткіземін. СТО технологиясымен бірге сабақтарымда БЛУМ таксономиясын да қолданамын.
Себебі Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін жетілдіріп,шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады.
Мақсаттар жүйесі: