Математика,физика және информатика институты



бет1/2
Дата19.04.2023
өлшемі46,54 Kb.
#84764
түріРеферат
  1   2

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАТЕМАТИКА,ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ

РЕФЕРАТ


Тақырыбы:Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з.д. ІІІ ғасыр – б.з. ІІ ғасыры).

Орындаған:Сармолдин Асылжан


Тексерген:Халидуллин Г.Х.

Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з.д. ІІІ ғасыр – б.з. ІІ ғасыры).
Жоспар:

  1. Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы

  2. Сақтардың мәдениеті




  3. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы




  4. Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы

  5. Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы




  6. Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы

  7. Қорытынды .



 Көшпелілер өмірі табиғи заңдылықтарғабейімделіп,тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі,қоршағанортаны игеру тәжірибе сінен қалыптасты. Ежелгі Қазақстанның қуаңдаласынмекендеген тұрғындардың өмір сүрудіқамтамасыз етудегі негізгі кәсібі – көшпелі тірлікке негізделген мал өсіру болды. Көшпелі мал шаруашылығынакөшу себептерінің бірі – жылқыны қолға үйрету еді. Жылқы малы ең алдымен Солтүстік Қазақстанда қолға үйретілді. Бұл жерде ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйрету орталығының бірі, әлемге әйгілі Ботай мәдениеті табылған. Ботай қонысы 15 гектардан астам жерді алып жатты. Жылқыны қолға үйретіп, кейін оны мініс көлігіне айналдырудың барысында адам орасан зор кеңістікті игерді.

Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшылық тұрғыда дамыды. Көшпелілік түрінде мал жыл бойы жайылымда тебіндеп жайылды. Малшылар көшпелі өмірге қолайлы жасалған киіз үйде тұрды.
Жартылай көшпелілік салтында қазақ халқы мал басы са- нын аман сақтап қалу үшін жыл мезгілдері мен жайылымдық жерлердің ерекшеліктеріне қарай көшіп-қонды. Қысқы көшінде жылы тұрақтары – қыстауларға қоныстанған. Мал төлдетіп, жүн қырқу үшін көктеуге (көктемгі көш), кейін жас төлдер өсіп, жер көгерген кезде жайлауға көшкен. Қыстауларының жа- нында мал азығы үшін шөп дайындаған, егіншілік кәсібімен де айналысқан. Отырықшылық дәстүрде мал белгілі бір аумақта бағылып, қорада ұсталған. Іле, Талас, Арыс, Шу, Сыр өзендері бойында және Жетісу өңірінде егіншілік кеңінен дамыған. Дәстүрлі малшаруашылығы ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталынды.


Сақтардың мәдениеті

Б.з.б. VII ғасырдан бастап “аң стилі” пайда болды. “Аң стилінің” негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу болса, негізі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінікпен байланысты болған. Ру, тайпалар өздерінің шыққан тегін аңдармен байланыстырған және оларды қасиетті тұмар деп санаған.

Бұл өнердің дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысқан. Осы жерлерден сақтарға “өмір ағашы” дейтін арыстан бейнесі тараған.


Қызылордадан 300 шақырым жерде, апасиак-сақтардың астанасы Шірік-Рабат орналасқан.
Қаланың орталығынан күзет мұнаралары бар қамал (цитадел) табылды. Археологтар цитадел орталығынан жебе ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл заттардың жасалған мерзімі б.з.б. 4-2 ғасырларға жатады.

Есік
обасынан табылған қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстардың арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша ерекшеленеді. Камал Ақышевтің пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді.

Есік
обасына 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы жерленген. Оның киімі басынан аяғына дейін алтын түймешелер, қаптырмалармен апталған. Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына байланысты “Алтын киімді адам” - деп аталды.

Сақ
ханзадасының жанынан семсер, қанжар-акинак, алтын ұшты жебе, қамшы, жібек қоржын, алтын түймешелер, алтынмен апталған қола теңгелер, мөр-жүзік табылды. Барлығының саны – 4000-нан астам.

Алматының
күншығысында 50 шақырым жерде, Іле Алатауының баурайында 40-тан астам оба табылды. Соның бірі – Есік обасы, диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр.

Бәбіш-
Молда қаласының қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған. Қала ішінен қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылды. Бұл заттық деректер қала тұрғындарының егіншілікпен айналысқанын дәлелдейді.

Іле
өзенінің оң жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан Бесшатыр қорымы 31 обадан тұрады. Обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км, шығыстан батысқа қарай 1 км аймақты алып жатыр. Қорым б.з.б. 5-4 ғасырларға жатады.

Ғалымдар
үлкен Бесшатыр обасын “патша” қорғандары деп атайды. Себебі бұл обаларда патшалар, даңқты адамдар жерленген.

Оба
үйіндісінің айналасындағы тас дуалдың маңайына ірі тас бағандар – менгирлер орнатылған. Кейбір менгирлерге қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашалып салынған


Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет